Финансист №2 (38) 2025

Аңсар Әбуев

Аңсар Әбуев

Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің талдаушысы

Деңгей өтілді

Ойын индустриясын дамыту факторы ретінде технологиялық инновациялар

Ракурс

Бүгінгі таңда әлемде шамамен 2,87 миллиард ойыншы бар. Мобильді ойындар қол жетімділігіне байланысты ең танымал. Бұл алуан түрлі сала үнемі дамып келеді және пайдаланушыларға қызықты жаңа мүмкіндіктер беру үшін ең озық технологияларды игеруде.

Ойын ойнайтын адамдар

 

Әлемдік ойын қауымдастығына қызық аймақтық ерекшеліктер тән. Шығыс елдерінде ойыншылардың 40%-ы, ал Батыста – тек 33% аптасына 16 сағат өздерінің хоббиі ретінде ойынға уақыт бөледі. Тікелей сатып алуға батыстық пайдаланушылар орта есеппен айына $72,5, ал шығыстықтар – $30,7 жұмсайды. Бұл экономикалық факторлармен, және басымдықтар айырмашылығымен байланысты. Батыста ойын процесі мен прогресті көбірек бағаласа, Шығыста тұтынушының тапсырысына сәйкестендіруге және коллекциялық заттарға ерекше көңіл бөледі.

Геймерлер қауымдастығы негізінен ер адамдардан тұрады деп есептеледі, алайда әйелдер де монстрларды атқанды, квест өтуді немесе стратегиялық ойындарды ойнағанды ұнатады. Батыс елдерінде әйел геймерлер ерлерге қарағанда айына орта есеппен $22,93 көп қаржы жұмсайды, ол аудитория ауқымы кеңейгендігін білдіреді.

Гейминг және экономика

Мәміле секторы тарихындағы ең ірі мәміле 2023 жылы Activision Blizzard әзірлеушісі $68,7 млрд-қа Microsoft (MSFT) компаниясын сатып алуы болды. Бұл саладағы күш-жігердің орналасуын өзгертті, себебі Call of Duty, World of Warcraft және Candy Crush культ ойындарының франшизалары ортақ брендке біріктірілді. Дегенмен, сектор көшбасшыларының қатарында Sony Interactive Entertainment (SNE), Nintendo, Tencent Games бар.

Болжам бойынша, қызметкерлерді оңтайландыру мен шығындарды үнемдеудің жалпы бағамына қарамастан, ойын индустриясы  2027 жылы $363,2 млрд құрады.

Мобилдік ойындар 56% жалпы түсімді қамтамсыз етіп отыр. Бұл нарық толысқан шаққа жетті: пайдаланушылар базасы аймақтардың көбінде кем дегенде 3%-ға толысып отыр.  Осыған орай, студияның 90% -ы ағымдағы жылы кем дегенде бір жаңа ойынды шығаруды жоспарлап отыр, өйткені бұндай жағдайда аудиторияны ұстап тұру маңызды міндет болып табылады.

Стационарлық құрылғыларға арналған ойындарға келсек, 2026 жылдың мамыр айының соңында белгілі Grand Theft Auto (GTA) алтыншы маусымының жарияланымын күтуде оның көптеген жанкүйерлері жаңа консоль алуды шешеді деп болжауға болады. Бұл оларды өндірушілердің сатуын арттыруға ықпал ететін болады.

Оған қызығушылықты қолдау мақсатында контентті үнемі жаңарту мен толықтыруды, сондай-ақ ойын ішіндегі сатуды көздейтін сервис моделі бойынша ойындар ең болашағы бар ойындардың бірі болып саналады. Осы қағидат бойынша World of Warcraft, Fortnite, Call of Duty және т.б. геймплей жасалған. Қазіргі уақытта сала мамандарының 76% -ы 2025 жылы осы сегменттегі пайданың өсуін болжап отыр.

Компьютерлік ойындар тарихындағы жаңа дәуір метаверсті дамытуды белсендендіруден басталады. Өйткені ол технология ойыншыларға өздерінің аватарлары арқылы виртуалдық кеңістікке басымен кіріп кетуге мүмкіндік береді.

Принцип «Ойна және ақша тап» деген қағида ойыншыларға белсенділігі үшін криптовалюта алуға мүмкіндік береді, ол бұл салада өзін өзі қолдайтын экономикалық экожүйелерді қалыптастырады.

Арсеналды жаңарта отырып

Ойын индустриясы 2025 жылы бейімделу қабілетін көрсетеді және тұрақтылықты сақтауға уәде береді. Сала үшін басты сын-қатерлердің қатарында жаңа әзірлемелерге, нарықтың молығуына және жоғары бәсекелестікке арналған шығындарды арттыру қажеттілігі қалып отыр.

Инвесторлар үшін жаңа контентті шығарудың жоғары кезеңділігі есебінен шығындарды азайту және ойыншылардың тартылуын арттыру үшін технологиялық инновацияларды енгізетін компаниялар ең қызықтысы. Ойын қоғамдастығының кеңейіп келе жатқан демографиясы мен географиясы одан әрі өсудің үлкен әлеуетіне ие ойын-сауық индустриясының жетекші бағыттарының бірі ретінде сектордың ұстанымын нығайтады.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!