Финансист №2 (38) 2025

Михаил Парамонов

Михаил Парамонов

Freedom Finance Global аға талдаушысы

Бәрі бар, стресс жоқ

Бүгін және ертең туристерді круиздік саяхат несімен қызықтыруы мүмкін

Жік-жігімен талдау

Круиз саласының перспективалары жаһандық туристік ағындарды қалпына келтіруді және теңіз саяхаттарына қызығушылықты күшейтуді қамтамасыз етті. Сектордың ірі ойыншылары 2026 жылға арналған рекордтық брондау көлемін атап өтуде, ал 2025 жылға арналған билеттер сатылған. Әсіресе бұл бизнес Қытай мен Үндістанда белсенді дамып келеді. Қайта өркендеуді люкс сегмент те бастан кешіруде.

Жүзетін all-inclusive

Круиздердің негізгі артықшылықтарының бірі – олардың салыстырмалы бағаға қолжетімділігі. Турист ұсынатын пакеттің құнына әдетте тұру, тамақтану, көшу, ойын-сауық және экскурсиялар кіреді, бұл саяхатты шығыстар бойынша ыңғайлы және болжамды етеді.

Круиздік лайнерлер – бұл жай ғана қозғалыс құралы емес, қонақ үй, мейрамхана және экскурсиялық қызметтер кешенін ұсынатын көп функционалды ойын-сауық орталықтары. Жолаушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік мол, алдын ала жоспарлаудың қажеті жоқ. Круиздер сондай-ақ жөнелту пункттеріндегі қонақ үйлер мен көлік тораптарының жүктемесін арттырады. Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауынша, әрбір жолаушы портты қалада тоқтаған кезде қосымша $100-ден $300-ге дейін жұмсайды.

Бүгінде круиздер жыл бойы қолжетімді. Аляска, Солтүстік Еуропа, оның ішінде норвегиялық фьордтар бойынша турлар мамыр мен қыркүйек айлары аралығында сұранысқа ие. Жерорта теңізі көктемнен күзге дейін сұранысқа ие, өйткені бұл жерде ауа райы неғұрлым қолайлы. Галапагос, Полинезия, Антарктида сияқты тауашалық және экзотикалық бағыттар барған сайын қызығушылық тудыруда.

Теңізді жаулаушылар

Теңіз саяхатын таңдаған туристердің жалпы саны 2024 жылы Cruise Lines International Association болжамынан асып, 35 млн.  2025 жылға қарай қауымдастық олардың санын 37,3 млн-ға дейін, ал 2027 жылға қарай шамамен 40 млн-ға дейін ұлғайтуды болжап отыр.

Круиздік демалысқа қызығушылық жаппай дәстүрлі туризмнен өзіндік тауашалық бағыттарға дейінгі барлық сегменттерде күшеюде. Сонымен қатар, тақырыптық турлар: әлемдік деңгейдегі шеф-аспаздардың қатысуымен гастрономиялық турлар, йога, медитация және детокспен айналысатын велнес-маршруттар кеңінен танымал. Ересектерге арналған жекелеген бағдарламалар, сондай-ақ балалары бар отбасыларға арналған ұсыныстар – балалар үшін кеңістік пен сабақтарды сапалы ұйымдастырумен сұранысқа ие.

Бағытыңды пайдаға қарай бұр

Круиздік тасымалдау индустриясында бірнеше ойыншы басым рольде. Оның көшбасшыларының бірі Carnival Corporation (CCL) 2024 жылы $25 млрд және $2 млрд көлемінде рекордтық табыс пен пайда алды. Бұл Carnival, Princess және Cunard сияқты тоғыз брендпен 90-нан астам лайнерден тұратын флоты бар әлемдегі ең ірі круиздік оператор. 2026 жылға арналған брондаудың әсерлі көлемі тұрақты сұранысты растайды және компанияның ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.

Royal Caribbean Group (RCL) – 68 лайнерден тұратын флоты бар әлемдегі екінші ірі круиздік оператор. Пандемиядан кейін компания қарызды тиімді басқару, икемді бизнес-модель және клиенттердің жоғары адалдығы арқасында көрсеткіштерді қалпына келтіру қарқыны бойынша бәсекелестерін басып озды. 2024 жылы Royal Caribbean кірісі 18%-ға ж/ж, $16,5 млрд дейін өсті, ал таза пайда 70% -ға ж/ж, $4,1 млрд дейін өсті. 2025 жылға арналған болжамға акцияға түзетілген пайданы 30% -ға, $14,5 дейін ұлғайту енгізілген, бұл жоғары операциялық тиімділік пен сұраныстың тұрақтылығын көрсетеді.

Norwegian Cruise Line Holdings (NCLH) Norwegian, Oceania және Regent брендтерін басқарады және клиенттердің кең базасына ие. 2024 жылы компанияның кірісі 12% -ға өсіп, рекордтық $9,5 млрд құрады, ал пайда тоғыз еседен аса өсіп, $910 млн. жетті.

Круиздік саланың перспективасы қолайлы болып көрінеді, бірақ геосаясат пен тарифтер соғысы оларды көлеңкелеуге қабілетті. АҚШ-тың сыртқы сауда бағамының осы секторға тiкелей әсерiнiң әлсiздiгiне қарамастан, ол шетелдiк туристер тарапынан сұраныс үшiн тиімді емес. Сонымен қатар нарық құрылымының ерекшеліктері мен маршруттық ағындардың икемділігі әлеуетті қысымды жұмсартуға қабілетті.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!