Финансист №4 (28) 2022

Наталья Мильчакова

Наталья Мильчакова

Freedom Finance Global-дың жетекші талдаушысы

Әрдайым Coca-Cola

Әйгілі жаңа жылдық жарнама табысының сыры неде

Story

Coca-Cola-ның атышулы «Бізге мереке келеді» жарнама ролигіндегі газ сусынын әкеле жатқан анық жарқыраған қызыл жүк көліктері керуені 20 жылдан астам уақыт келе жатқан Рождество мен Жаңа жылдың нышаны болып келеді.

Америкалық корпорация өзінің жолбасшылық брендіне соншалық сәтті бейнені қалай жасап алған?

Санта: бастаулар

Шолақ қызыл тон мен қалпақ киіп, бұғы жегілген арбаның тізгінін ұстаған Санта-Клаустың бейнесінің Уолт Дисней студиясында ойлап табылмағанын немесе халық ауыз әдебиетінінен алынбағанын білетіндер аз. Бұл америкалық суретші Хэддон Сандбломның 1931 жылы Coca-Cola (KO)-ның тапсырысымен жасаған шығармасы.

Корпорацияға өзінің әдеттегі сыйлықтарды қаптап, үлестіру ісімен шұғылданатын, жолшыбай газды сусынды рахаттана ішетін Санта-Клаус туралы қалжыңдар топтамасы үшін көрнекті кейіпкер қажет болды. Coca-Cola-ның нарықтанушылары әдетте салқындатылған сусындарға сұраныс азаятын қыс мезгілінде өзінің жолбасшылық брендінің сатылымдарын қолдау үшін жарнамада Санта-Клаустың бейнесін пайдалануды ойлап тапты.

Жарнама орасан табысқа ие болып, кока-кола жаңа жылдық және рожедстволық дастарханның ажырамас атрибутына айналды, ал жарнамадағы Санта-Клаус әуелі америкалық, кейіннен әлемдік бұқаралық мәдениет кейіпкеріне айналды.

Аңыздың қайта тірілуі

1990-жылдардың басында Coca-Cola өзі үшін жаңа Шығыс Еуропа және кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік нарықтарын игере бастады. Табысты түрде ілгерілеу үшін есте қалатын әрі әмбебап жарнама қажет болды, барлық елдерді іс жүзінде Жаңа жыл мерекесі біріктіретін болғандықтан, компания америкалық шығармашыл W. B. Doner агенттігіне жаңа жылдық ролик жасауды тапсырды.

Жарнамашылар миллиондаған адамдарға сүйікті сусынын әкеле жатқан жүк көліктерінің мерекелік керуені идеясын ұсынды. Роликті түсіру үшін әйгілі брендтердің жүк көліктері 30 мың электр шамымен безендірілді. Жарық пен арнайы әсерлер үшін аты шулы «Жұлдыздар шайқастарын» түсіруге қатысқан Industrial Light & Magic жауап берді.

Ел шінен шыққан Санта

Жыл сайын Coca-Cola өзінің жаңа жылдық роликтерін жаңартып келеді, десе де негізгі бейнелер өзгеріссіз қалды. XXI ғасырдың басына дейін Санта-Клаустың рөлін түрлі әртістер орындап жүрді, бірақ 2005 жылдан бастап жаңа жылдық жарнаманың кейіпкері Ұлыбританиядан шыққан кәсіпқой емес актер Джон Мур.

Оның тағдыр соқпағы Рождество ертегісін еске түсіреді. Ол өмірінде көптеген әралуан кәсіптерді байқап көрді: такси жүргізушісі, бармен болды, 77 жасында кенеттен британиялық супермаркеттер желісінің жарнамасында Санта-Клаустың рөлін сомдауға ұсыныс алды. Ролик шыққан күннің ертеңіне оған АҚШ-тан хабарласып, газды сусынның жарнамасында Сантаның рөлін ұсынды. Нәтижесінде Джон Мур Ұлыбритания мен АҚШ-тағы балалар мен тіптен кейбір ересектердің оны Санта-Клаустың шын өзі екеніне сенетіндей танымал болды. Жыл сайын Мур сыйлықтар туралы өтініштері бар қап толы хаттар алып жүрді.

Дәстүрлерге адалдық

Джон Мур кеткеннен кейін Санта-Клаустың бейнесі жарнамада соншалықты жиі байқалмайды. Алайда ашық жарқыраған шамдары бар жүк көліктерінен құралған жаңа жылдық керуен, сондай-ақ «Бізге мереке келеді» және Always Coca-Cola тіркесі өзгеріссіз қала бермек.

Дереккөз: phonoteka.org

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!