Финансист №4 (28) 2022

Роман Лукьянчиков

Роман Лукьянчиков

Түймешікті дұрыс баспасаң - ақшаңнан айырылдың

Миллиондаған залалдарға ұшыратқан биржадағы бес оқиға

 

Биржада қателесу - күнделікті шаруа. Алайда кейде олар соншалықты ірі болып, нарықта күйреуге және тұтас компаниялардың жұрдай болуына әкеп соқтырады. Тым таңқаларлығы, мұндай қателіктердің күрделі формулалардағы жаңсақтықтың емес, бос белбеулік пен ағаттықтың себебінен жасалуы.

Қор нарығында ірі залалдарға ұшыратқан келіссіз жағдайдың ең сорақы деген бесеуін ұсынамыз.

 

Mizuho Securities: $345 млн-ға қателесу

 

2005 жылғы 8 желтоқсанда жапондық инвестициялық компанияның трейдері J-Com рекрутинг агенттігінің бір акциясын жай ғана 610 жапон иеніне (¥), немесе шамамен $5 мыңға сатуы қажет болды. Алайда өтінімді ресімеген кезде ол сандарды кездейсоқ шатастырып алып, соның салдарынан 610 мың акцияны әр бірлігі үшін ¥1-ға сатып жіберді. Бұйрықтың күшін жою техникалық тұрғыда мүмкін болмады, Mizuho $345 млн-нан айырылды. Осы жағдайдан кейін жапон нарығында «өзгеше» бағалар бойынша мәмілелерді болдырмау жүйесі енгізілді.

 

Samsung Securities: 30 қаржыландыру көлеміндегі дивидендтер

Осыған ұқсас қателік салыстырмалы түрде жуырда Оңтүстік Корея нарығында болды. 2018 жылғы 8 сәуірде әйгілі электроника өндірушінің еншілес компаниясы Samsung Securities-тің қызметкері оның акцияларын иеленетін қызметкерлерге әдеттегі көтермелеу рәсімі аясында көлемі 2,8 млрд Оңтүстік Корея воны (₩), немесе $2,6 млн-ға жуық дивидендтер төлеуі тиіс болатын. Алайда клерк валютаны акциялармен шатастырып алып, ₩2,8 млрд-тың орнына жұмыскерлерге жалпы құны ₩112,6 трлн ($105,8 млрд) болатын 2,8 млрд акция аударады. Бұл сома компанияның өзінің капиталдануынан 30 есе асып түседі. Samsung (KRH: 005930) қателікті тек 37 минут өткенде ғана байқады. Бұл уақытта оның 16 қызметкері алған қағаздарды сатып үлгеріп, мультимиллионер атанды. Алайда, ол уақытша еді. Қателікті түзету қолдан келді, алайда сатылымдар нәтижесінде Samsung Securities акцияларының қүны сол күні 11% түсіп кетті, бас директор жұмысынан шеттетілді, ал аяқ астынан байып шыға келген менеджерлерге қылмыстық іс қозғалды.

 

Salomon Brothers: $1 млрд-қа шалыс басу

Кейде тек басқа түймешікті басқанның өзі өкінішті салдарға әкеп соқтырады. 1998 жылғы шілденің бір күні әлі дами қоймаған Salomon Brothers инвестициялық банкінің трейдері данышпансып, осындай түймешіктің бірден бірнешеуін басып жіберді: ол байқаусызда өзінің пернетақтасына шынтағын тіреп қалды, соның салдарынан жүйе Франция үкіметінің көлемі 7,3 млрд франк ($1 млрд жуық) 10 жылдық мемоблигациясын 14,5 мың фьючерске сатуға өтінім жолдайды. Француздың фьючерстік биржасы сауда-саттық нәтижелерінің күшін жоюдан бас тартты, ал Salomon Brothers ысыраптың жалпы сомасын құпияда сақтауды ұйғарды.

 

PVM Oil Futures: трейдерге ендігәрі құймаңыз

PVM Oil Futures компаниясының мұнай брокері Стивен Перкинс бір рет гольф ойынынан кейін спирттік ішімдік ішуге тым жақсы кірісті. 2009 жылғы 30 маусымға қараған түні үйіне «көтеріңкі» көңіл-күйде оралған ол ұйқыға жатар алдында Лондонның ICE биржасының платформасы арқылы Brent маркілі мұнайдың фьючерсімен аздап саудаласуды ұйғарып, осы алаңда айналымға түскен бүкіл мұнай көлемінің 69%-на өтінім жіберді. Ықтимал түрде Стивенге $650 млн залал қаупі төнді, бірақ PVM Oil Futures фьючерстерді келесі күні таңертең сатып үлгеріп, «небәрі» $9,7 млн-нан айырылды. Ұлыбританияның Қаржы реттеу және қадағалау басқармасы Перкинстің брокерлік лицензиясын бес жылға алып қойып, оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жөнелтті.

 

Bear Stearns: үш мәрте қателесу

2002 жылғы қазанда қазір жұмыс істемейтін банктің трейдері S&P 500 индексінен акцияларды сатуға ордер ұсынуды ұйғарды. $4 млн-ға сұраныс алған ол пернетақтадағы арман еткен «0» санын қосымша үш мәрте басты, соның салдарынан $4 млрд-қа өтінім жолданды. Мұны байқап үлгергенге дейін компания $622 млн-ға мәміле жасап үлгерді. Өз ысыраптарының көлемін Bear Stearns сол күйі жасырып қалды.

 

Мұқият болыңыз!

Осы және басқа да қателіктер нарыққа қатысушылар үшін өте жақсы сабақ болды және трейдингке арналған софтты әзірлеушілер тарапында да, биржалық сауда жүйелері тарапында да мұндай жағдайлардың қайталануын бұғаттайтын механизмдердің дамуына септігін тигізді. Қабылданған шаралардың арқасында нарық тұрақтырақ болды, бірақ адами факторды толығымен жою әзірге мүмкін болмай отыр.

 

Олай болса барлық жөнсіз қателіктерден ең жақсы қорғану мұқияттылық пен сақтық болып қала береді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!