Финансист №4 (28) 2022

«Мен үшін ең қиыны —жаңа деңгейге шығу»

Әнші Наталья Чистякова-Ионова (Глюк’oZa) шығармашылық, отбасы, шабыт мен бақыт туралы

Lifestyle

Фотосурет: Наталья Чистякова-Ионованың жеке архиві

Наталья, сіз — шығармашылық адамысыз. Сізге шабыт беретін кім және не?

Мен өзімдегі мені іштей толықтырып тұратын жиынтық бейнені ешқашан жоғалтпаймын. Біреулерге табынып, оларды пір тұтпаймын. Шындығында, үйімде менің фотосуретім ілініп тұр. Өзімді өзім қанаттандыруға тырысам, түсінікті дүние ғой, біз, әртістерміз, бәрінен – табиғаттан, музыкадан, басқа адамдардан, ішкі эмоциялардан қуат аламыз, сондықтан тек бір нәрседен қуат алам деп айта алмаймын.

Біздің шығарылымның кейіпкерлері табысқа түрлі жолдармен: табандылықтың және дәйекті тәсілдің есебінен немесе жай жағдайдың қалыптасуы себебінен жетті. Ал сіз өз жолыңызды қалай сипаттаған болар едіңіз?

Маған әрдайым, пысықтығыңның арқасында дегеніңе жетесің дейтін. Бұрын мен батылдау едім, еш қысылуды білмейтінмін, әрі бұл маған өмірде алға жүруіме көп септігін тигізетін. Кезекте тұрған адамдардың үстінен аттап жүріп, кезектің басына тұрып алатынмын, ол аздай, күнәсіз періште кейпін танытып та қоятынмын, бір қызығы, адамдар да түсіністікпен қарайтын.

Қалай атылғанда да, менің өмірлік жолым оңай болған жоқ. Мен өте еңбекқор болдым, ұдайы бір нәрсемен айналысып, тыным таппай, бір нәрсе істеп, қандай да бір мақсатқа жетуге тырысатынмын, қазір қимыл-қозғалыстың нәтижеден маңызды екенін қазір түсінгендеймін.

Ең қиыны — жаңа деңгейге шығу, өзіңнің биік белеске шыққаныңды сезіп, одан әрі аттап, өзіңе жаңа мүмкіндіктерді ашқың, жаңа қабілеттерді дамытқың келеді. Менің зауқым сәт сайын артады, кейде «Жетеді, бұдан әрі істей алмаймын!» деп айқайлағың келеді, бірақ мені әркез қамшылап отыратын жақсы ортам бар. Бұл да менің табысымның бір бөлшегі: менің жанымда болып, көп нәрсеге үйрететін адамдар. Мен шындығында жолы болғыш адаммын. Бәлкім, бағы бес елі адам шығармын, ол үшін Жаратқанға шүкір деймін.

Ақшаға деген қарым-қатынасыңыз қалай, жылдар өте бұл көзқарас қалай өзгерді?

Ертеде жас кезімде мен қолымдағы бар ақшаны бірден жаратып, бір тиын да қалдырмайтынмын. Бірінші айлығымның көп бөлігін өзіме жұмсадым, бірақ туыстарыма көрсеткен көмектері үшін үйге бәліш алғанмын. Уақыт өте ақша жинауды үйрендім. О дүниеге жинаған ақшамды алып кетпейтінімді түсінгендіктен, дәл қазір, дәл осы жерде өмір сүргім келеді, өзіме ұнаған дүниені сатып аламын.

Егер музыка болмаса, немен шұғылданар едіңіз?

Бәлкім, мен қоғаммен байланыс немесе тіпті дипломатия саласында жұмыс істер ме едім. Маған осы қызық.

Сіздің шығармашылығыңыз музыкамен шектелмейді, сіз ойындарды, мультфильмдерді дыбыстайсыз, телешоуларға қатысасыз. Соның ішінде қайсысы көбірек есіңізде қалды әрі шығармашылық мансабыңызға жарады?

Кино — бұл мен үшін жаңа бағыт, оған көп уақыт арнауым керек екенін қазір түсініп жүрмін. Маған түсіру процесі, кейіпкермен, рольмен жұмыс істеген, ондағы көңіл-күй ұнайды. Егер біз эстрада мен кинематографты салыстыратын болсақ, бұл мүлдем бөлек мәдениет. Осыған көбірек кірісіп, зерттеп, үйрене бергің келеді.

Сіздің сахнада жүргеніңізге 20 жыл. Осы уақытта удиторияның ықыласы мен талғамы өзгерді. Осы аралықта сіз шырқайтын әндер қалай өзгерді?

20 жыл! Уақыттың қалай зулап жатқанына сенгім келмейді. Бір дүниелер өзгерді, бірі аса өзгере қоймады, бірақ мен табиғатымды жоғалтқаным жоқ. Өзімді түбегейлі өзгертем деу бекер, өзіңмен жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде жаңа қырларыңды одан әрі дамытуға, өзіңді қайта ашуға, өзіңнен жаңа қасиеттер табуға болады, бірақ бұл код — мен одан айырылып қалғым келмейді. Тіптен кейде «Осы мен есейіп барам ба?» деген ойдан қорқам. Мен өзімдегі өмірге жеңіл көзқараспен қарайтынымды бағалаймын, өзімді бәрінен босатқанда, өзімді күн сайын көбелектей сезінемін.

Менің музыкам өзгерді, онда түрлі эксперименттер болды: диско, поп-рок-дыбыстау, «Ленинградпен бірге» коллабтар және көптеген басқалары. Бірақ осының бәрі Глюк'оZаның коды арқылы өтіп келеді. Тіптен егер менің әнім ертеректегі қайсыбір тректерден өзгеше болса не мен түрлі авторлармен жұмыс істесем, бұл бәрібір де дауыстан, тембрден, бейнеден танылып тұрады.

Әлбетте, біз жаңа саунд шығарамыз, фишкалар ойлап табамыз, стильді өзгертеміз. Маған өзімнің диско-блогым ұнайды, ол фрикті, үзікті. Әйтсе де Глюк'оZа Глюк'оZа болып қалады, бұл бұлжымайды. Алайда мені кейде атыммен, әкемнің атымен таныстырып жатады.

Қандай шығармашылық жоспарларыңыз бар?

Жақында менің «Антистресс» деп аталатын жаңа бейнебаянымның тұсаукесері болды, бұл барлық жағынан алғанда тамаша жұмыс. Біз оны жас авторлармен бірге жасадық, өзімді жаңа әрі ерекше қауқарлы сезінгеніме қуаныштымын. Ән бүгінгі өмірмен үндес шықты. Адамдардың босаңсуына жәрдемдесетін, өзінің жақын адамынан антистресін таба алатындай клип түсіргіміз келді. Әлбетте, мен концертке тың әрі керемет дүние дайындаймын, ол 17 ақпанда «Крокуста» өтеді. Бұл, менің қазіргі ең басты міндетімнің бірі. Мен тамаша шоу жасап, тыңдармандарыммен қауышып, өзімнің ескі де жаңа хиттерімді шырқап, осы тамаша уақытты өзіме әрі көрермендеріме сыйлағым келеді.

Танымалдық сізге қандай да бір міндеттемелер жүктейді деп есептемейсіз бе?

Мен ешқашан танымалмын деп ойламаппын. Мен бұдан жай ғана рахаттанамын, жаным қалаған нәрсені істеймін. Қандай да бір сәтте мені метрода, көшеде тани бастады. Барлығы маған жақындап келіп күлімдейді — міне, мен сонда танымал екенімді түсіндім. Көбінде көзәйнек киіп жүретін немесе бүркемелеу үшін басқа да бір дүниелер жасайтын болдым, өйткені қалада ессіз қыдырғанды ұнатамын.

Мен танымалдықпен қалай да күресемін деп айта алмаймын. Мен ешқашан агрессияны сезінгем жоқ, әркез фотосуретке қуана-қуана түсемін, қолтаңбалар беремін. Мен жалпы шығармашылық кәсіптер әйелдерге мінсіз сәйкес келеді деп есептеймін. Біздің әрқайсымыз жарқырау үшін жаралғанбыз.

Әлбетте, танымалдық белгілі бір міндеттемелер артады. Сен адамдар үшін үлгі екеніңді түсінуге тиіссің, сен оларға серпін беріп, керісінше алға жетелейтін үлгі болуға тиіссің.

Жұмысыңыз бен жеке өміріңіздің арасында үйлесім таба аласыз ба?

Мен күйеуімді өз мансабыма «сүйреп әкелдім», қазір Сашаның маған көп көмегі тиіп жүр. Біз көп нәрсені бірге ойлап табамыз, ол маған мәтін жазып берген тректер бар. Ол менің шығармашылық жолымды қолдайды, бұл менің жұмысым ғана емес, сондай-ақ өмірім екенін түсінеді, әрі ол үшін менің осы эмоцияларымды сахнада шығарғаным маңызды, олай болмаса, оны үйде көрсетуге тура келеді (күледі). Кейде балаларым айтады: «Анашым, жетер енді», сондықтан да демалуға да уақыт табамын. Бұл серпіліс, жаңа эмоциялар, шабыттану мен отбасы уақыты.

2022 жыл көбісіне ауыр болды. Сіз өзіңізге неден сүйеніш таптыңыз?

«Күрделі» деп жұмсақ айттыңыз. Мен күш-жігерді отбасымнан, жұмыстан, демалыстан аламын деп айта алам. Медитация, спорт достармен өткізген уақыт жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!