Финансист №4 (28) 2022

Сергей Глинянов

Сергей Глинянов

Freedom Finance Global-дың талдаушысы

Көріпкелдер: 15 жыл өткеннен кейін

2008 жылы өздерінің атын шығарған және ақша жасап алған қаржыгерлердің жағдайы қалай

Гуру

Уолл-стриттегі басқарушылардың көбі дағдарыста шығынға ұшырады. Тек жалғыз-жарымы ғана құлдырауды алдын ала болжап қана қйомай, өз инвесторлары үшін пайда таба біледі. Мұндай қаржыгерлер көзі тірісінде аңызға айналады, әрі көпшілікке олардың салымдарының одан арғы тағдырының қалай болғаны маңызды емес. Бастысы, олардың бір кезде дәуірі жүріп тұрғаны анық.

Бұл материалдың кейіпкерлері — 2008 жылғы әлемдік дағдарысты жария түрде болжаған және онымен жылдық жүздеген пайыз пайда тапқан хедж қорлардың менеджерлері. Сәтті болжамнан кейін 15 жыл өткенде олардың тағдыры қалай болды?

Майкл Бьюрри: жалғыздың үні шыға ма?

Ауруханада тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеген дәрігер инвестициялармен кәсіби түрде шұғылданамын деп жоспарламады. Әдепкіде бұл тек хобби ғана болатын. Доткомдар күйреген кезеңде қаржыгер-дәрігер Бенджамин Грэм мен Дэвид Доддтың 1943 жылы басып шығарған «Бағалы қағаздардың талдауы» кітабының постулаттарына сүйеніп, жете бағаланбаған активтерді сатып алды (Грэм туралы толығырақ 3-4-беттерден оқыңыз). Стратегия іске асып, Майклдың салымдары оған әжептәуір табыс әкелді.

Бьюрри 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысынан кейін кең танымалдыққа ие болды. Ол басталардан көп бұрын Майкл қамсыздандырылған қарыз міндеттемелері (CDO) секілді құрылымдық өнімдер шығарылымдарына орасан проспектілерді белсенді қарайтын болды. Ол жылжымайтын мүлік нарығында көпіршік қалыптасады деген тұжырымға келді. Кредиторлар клиенттердің төлем қабілеттілігіне аса мән бермей, ипотекалық қарыздарға жаппай келісім берді.

Дағдарыстың басында алдымен сапасы нашар қарыздар негізінде қаржылық өнімдер соққыға ұшырайтынын түсінген Бьюрри күнібұрын «дефолттың сақтандыруы» - кредиттік дефолттық своптарды (CDS) сатып ала бастады.

Ипотекалық көпіршік ақыры жарылған кезде, Бьюрридің Scion Capital қорының құны бірден жүздеген проценттерге шарықтап шыға келді. Басқарушының жеке өзі $100 млн пайда тапты, оның инвесторлары тағы $700 млн алды. Дағдарыстың өткір кезеңі өткен кезде, қаржыгер қорды жабуды ұйғарып, жеке инвестицияларға ден қойды.

Джон Полсон: тағдыр мәмілесі

2008 жылға дейін Paulson & Co. хедж қорының негізін қалаушы көптеген басқа басқарушылардың арасынан көзге түсе қоймайтын. Ол өз мәнсабын 1980-жылдары бастап, Bos ton Consulting Group-та, Bear Stearns банкінде, Gruss Partners-те жұмыс істеп үлгерді, мұнда ол қосылу және қосып алу мәмілелеріне ден қойды.

1994 жылы Полсон өз бетінше кәсіп етуге айналып, бастапқы капиталы $2 млн меншікті қорын ашты. Бұрынғыдай, оның инвестициялық стратегиясы корпоративтік оқиғалардың төңірегінде қалыптасты. 2004 жылға қарай қаржыгердің басқаруымен қаражаттар көлемі $300 млн-ға дейін өсті.

Бьюрри мен екеуін Бьюрридің CDS- портфелін сатып алып, инвесторлар арасында оның стратегиясын ілгерілеткен Deutsche Bank-тің ортақ менеджері Грег Липпманн біріктірді. Полсонның қоры осы идеяның аса сәтті жақтаушыларының бірі болып шықты. Оның дефолтты своптарға бәс тігу мінсіздігін көрсетті: басқарушының жеке дәулеті $4 млрд-қа өсті.

Бұрынғысынша ат үстінде

Өткен қаржылық дағдарыс жылдарын табысты жылдар деп айта алмасақ та, Бьюрри мен Полсон БАҚ-тың назарында болды. Полсон қаражаттарының бір бөлігін акцияларға инвестициялардан жоғалтып, өз табысын қайталай алмады, хедж қорды жауып, отбасылық кеңсенің (family office)* жұмысына ден қойды. Қазір қаржыгер журналистермен сөйлесуден қашқақтайды.

Бьюрри, керісінше, экономика тақырыбына және ФРЖ ақша саясатына түсініктеме беруін жалғастырып, криптовалюталар мен акцияларға қатысты (сәтті бола бермейтін) болжамдар береді. 2008 жылғыдай, ол АҚШ-та кезекті дағдарыс тағы болатынына сенімді.

*Отбасылық кеңсе (family office) — ауқатты отбасыларға заңгерлік, қаржылық және салықтық қызметтер көрсетуге маманданған компания

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!