Финансист №4 (28) 2022

Василий Яровой

Василий Яровой

Freedom Finance Global даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы

GM: Банкрот болу бақыты

Американың бас автоконцерні қайраңнан қалай шықты

Талдамалы шолу

АҚШ-ғы компания банкроттық туралы ұйғарғанда, онда екі жол бар еді: тиісті кодекстің VII тарауын пайдаланып, қызметін тоқтату немесе XI тарауды басшылыққа алып, өз келешегі үшін күресу. Бұл проблеманы шешудің екінші нұсқасының ең әйгілі сәтті мысалы General Motors (GM) автоконцернінің жағдайы болды. Банкроттық туралы істер жөніндегі федералдық сотқа бизнесті қайта құруға өтінімді корпорация 2009 жылғы 1 маусымда берді, ал 40 күннен кейін-ақ қайта жұмыс істеп кетті. Сөйтіп, абсолютті рекорд орнатты. Бұл оны қалай жасады?

Автофеникс

Қаржылық дәрменсіздігін мойындаған сәтте GM-де $82,29 млрд актив пен $172,81 млрд. қарыз болды Банкроттық туралы өтінім бергеннен кейін оның акциялары Dow Jones индексінен алынып тасталып, биржадан тыс нарықта сатылды.

Қалыптасқан жағдайдың басты себебі Ұлы тоқырау кезеңінен бергі ең терең, 2008 жылы өршіген экономикалық дағдарыс еді. Сатылымдар азайып, GM миллиардтарынан айырылды, оның ақша қаражаттары түгесілді.

Болмай қоймайтын соққының зардабын жұмсарту үшін басшылық құтқару жоспарын алдын ала дайындай бастады. Үздік заңгерлер бизнесті күйретпей банкроттық арқылы өту тәсілін іздеді. Бұл үшін мемлекеттік қолдау қажет болды. Кіші Джордж Буш әкімшілігі автоөндіріс алпауытына көмектесуден бас тартты. Тек 2009 жылғы қаңтарда президент қызметіне Барак Обама кіріскеннен кейін қаражат бөлінді. Ақ үй берілген қаражаттарды жұмыс орындарын сақтау және америкалық ірі автоөндірушінің таралуының алдын алу қажеттігімен негіздеді.

Қайта құру барысында жаңа NGMCO Inc. компаниясы құрылды, оның акцияларының 60,8% АҚШ үкіметіне, 11,7% — Канаданың федералдық және Онтарио провинциясының билігіне, 17,5% — VEBA автоөндіріс жұмыскерлері кәсіподақтарына, 10% — GM қамтамасыз етілмеген облигацияларын ұстаушыларға тиесілі болды. АҚШ Қазынашылығы концернге $360,6 млн-ға қамтамасыз етілген кредит ұсынды, ал GM қаржы ведомствосына осы сомаға вексель және қосымша өтемақы ретінде $24,1 млн берді.

Қазынашылық GM-дегі өз үлесін біртіндеп қысқарта берді, соңғы пакет 2013 жылғы 9 желтоқсанда сатылды. Бұл сәтке қарай ведомствоның компанияны құтқаруының жалпы залалы $10,3 млрд-қа бағаланды.

Инвестордың тағдыры

Банкроттық туралы хабарлаған компанияның акционерлерінің алдында таңдау туындайды, олардың алдында «компания акцияларын әрі қарай ұстап қаламыз ба әлде шығынмен болса да сатамыз ба?» деген екіұдай сұрақ тұрды. Банкроттың қағаздардағы жайғасымдарын ұстап қалғанда шығыннан құтылу ықтималдығы мүлдем жоқ еді, сондықтан олардан қол үзген дұрыс.

Осындай жағымсыз жағдайда қалмау үшін эмитенттердің бизнесінің іргелі көрсеткіштері динамикасын мұқият қадағалаған жөн. Әдетте, жақындап қалған күйреу белгілері ол басталардан көп бұрын байқалады. Олардың ішінде мәлімделген табыстардың елеулі әрі ұдайы азаюы, қажетті инвестициялық капиталды тарта алмау, кредиттік рейтингтің төмендеуі.

Олардың эмитенттерінің ықтимал банкроттығы туралы жаңалықтарды ести тұра арзандаған акцияларды сатып алған жөн бе? Бұл стратегия өте қауіпті: егер компания ойсыраудан құтылып шықса, инвестор пайда таба алады, бірақ мұндай шешімнің ықтималдығы өте аз. Тіптен бизнес қайта құрылымдаудан кейін қайта іске қосылып кететін осындай сирек жағдайда, компания жаңа акциялар шығарып, оларды бірінші кезекте кредиторлардың арасында үлестіреді. Ескі акциялардың ұстаушылары әдетте ештеңе алмайды. Дегенмен, бақытты ерекше жағдайлар болады. Мәселен, Hertz автопрокатшы банкроттықтан және қайта құрылымдаудан кейін ескі акцияларды $8-ден сатып алды. Әйтсе де нарық үшін мұндай оқиғалар — өте сирек жайт.

Жекеменшік инвестор проблемалық бизнеске қаражат салудан аулақ болып, оған барлық қиындықтарды GM секілді еңсеруді тілей отырып, қайта даму процесін сырттан бақылаған абзал.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!