Финансист №4 (28) 2022

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global-дың даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі

Барлық баффеттердің әкесі

Қазіргі заманғы инвестиция майталмандарының ұстазы кімдер

Smart money

Риясыз беделге ие бірнеше қаржыгер бар. Олардың биржалық индустриядағы орны мынада: олар өздерінің тұжырымдамаларын қалыптастырып, әлеммен бөлісіп қана қоймай, басқарған қорларының нәтижелері арқылы өз идеяларының жұмыс қабілеттілігін растады. Әрі қарай біз Уолл-стриттің аңызға айналған кейіпкерлері туралы сөйлесетін боламыз.

Биржадағы ең ақылды адам

«Сайып келгенде, сіздің инвестицияңыз қалай болатыны маңызды емес. Өзіңізді қалай ұстайтыныңыз маңызды», — деді құнды инвестициялаудың әкесі Бенджамин Грэм. Ол Уоррен Баффет және басқа да табысты қор менеджерлерінің ұстазы болды. Грэмнің «Бағалы қағаздарды талдау» және «Ақылды инвестор» кітаптары қазірдің өзінде классикаға айналды.

Қаржыгердің сүйікті аллегориясы Мистер Рынок, Mr. Market, — әр инвестордың қиялдағы серіктесі, ол күн сайын қандай да бір компанияға инвестиция салу қаншаға шығатынын болжайды. Көп жағдайда ұсынылған баға ақылға қонымды әрі негізді болып шығады. Алайда кейде Рынокты эмоциялар билеп, оның ұсыныстары мүлдем қисынсыз болып көрінеді. Дегенмен сауда-саттыққа қатысушы қабылдайтын қорытынды шешім бизнестің құндылығы мен болашағын мұқият талдауға негізделуі керек.

Құнды инвестициялау, value investing, тұжырымдамасының қалыптасуына Грэмнің өмірлік тәжірибесі әсер етті. Бенджамин 1894 жылы Лондонда дүниеге келген. Бала бір жасқа толғанда, отбасы Нью-Йоркке көшті. Әкесінің шағын жиһаз дүкені болған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Грэмдер кедейлікке тап болды. Қаржы майталманы мойындағандай, күрделі балалық шағы ақшаға деген байыпты көзқарас пен үнемшілдікке бейімділікті қалыптастырды.

16 жасында жас жігіт Колумбия университетіне түсіп, онда ежелгі тілдерді, ағылшын әдебиетін, математиканы, философияны және экономиканы оқыды. Оқудан кейін Грэм оқытушылық қызметін бастай алатын еді, бірақ Уолл-стритте жұмыс істеуді таңдады. Алдымен ол брокерлік компанияда курьер болып жұмыс істеді, кейінірек бағалы қағаздардың котировкаларын қадағалайтын кеңсе қызметкері болды. Осы лауазымға орналасқаннан кейін Грэм қаржылық есептілікті терең зерттеп, оны компанияларды бағалау кезінде негізге алды.

Алты жылдан кейін Бенджамин өзінің алғашқы жұмыс берушісінің серіктесі деңгейіне дейін өсті. Ал 1923 жылы өзінің инвестициялық компаниясын құрды, ол екі жыл жұмыс істеді. Сол кезде компания Грэм жинаған бағаланбаған акциялар портфелі, артық бағаланған қағаздардың қысқа сатылымы және арбитраждық операциялар есебінен жоғары табыс көрсетті. Бірінші бизнес жабылғаннан кейін қаржыгер Джером Ньюменмен серіктестікте жұмыс істей бастады және Graham-Newman Corporation қорын ашты. Ұлы депрессия басталғанға дейін бизнес табысты болды, бірақ дағдарыс кезінде Грэм капиталдың шамамен 70%-ын жоғалтты.

Оны өз қаражатымен толықтырғаннан кейін, қаржыгер 1936 жылы Graham-Newman қызметін қайта бастады. Компания 1956 жылға дейін жұмыс істеді және осы 20 жыл ішінде оның инвестициялық портфелінің орташа жылдық кірістілігі шамамен 17% құрады, ал нарықтың орташа көрсеткіші 12,2% болды.

«Грэмология» негіздері

Биржалық операцияларды жүргізумен қатар, Грэм Колумбия университетінде экономика курсынан дәріс оқыды. Дәріс материалдары негізінде ол өзінің шәкірті Дэвид Доддпен бірге «Бағалы қағаздарды талдау» кітабын шығарды, ол «инвесторлар үшін киелі кітапқа» айналды. Айта кетерлігі, кітаптың алғысөзінде ұстаз алғаш рет қаржылық талдаушыларды сертификаттау идеясын ұсынды, ол кейіннен CFA, Chartered Financial Analyst, емтиханы түрінде қалыптасты.

Кітаптың негізгі идеясы инвестициялар мен алыпсатарлықты түбегейлі бөлу болды. Біріншісі терең талдауға негізделген, инвестициялардың жоғары сенімділігімен және қолайлы кірістілігімен сипатталады. Бұл талаптарға айтарлықтай сәйкес келмейтін операцияларды қаржыгерлер алыпсатарлық деп санады.

Грэм мен Доддтың пікірінше, value investing тұжырымдамасы компанияның нақты құнын және бизнес жүргізу жағдайларын бағалауға негізделген. Бұл құн эмитент болашақта қалыптастыратын пайда мен дивидендтік төлемдердің сомасымен анықталады.

Грэм ішкі құн мен нарықтық баға арасындағы айырмашылықты «қауіпсіздік маржасы» деп анықтады — бұл котировкалардың өсу әлеуетін көрсететін компанияның бағаланбаған мөлшері. Мұндай қауіпсіздік қорын баланстық құннан төмен сатылатын, дивидендтік кірістілігі жоғары, баға/пайда коэффициенті, P/E, төмен және борыштық міндеттемелері аз қағаздарды сатып алу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Грэм теориясының маңызды аспектісі — орташа мәнге міндетті түрде оралу ұғымы. Қысқа уақыт аралығында акциялар бағамы құбылып отырады, өйткені нарық инвесторлардың «дауыс беру» құралы ретінде әрекет етеді. Орташа бағадан ауытқулар жағдайға байланысты, ал ұзақ мерзімді көкжиекте қағаздардың нарықтық және ішкі құны бір-біріне жақындап, соңында компаниялардың шынайы құнын көрсетеді.

Грэм былай деп жазды: «Котировкалардың ауытқуының бір ғана маңызды мәні бар. Олар бағаның күрт төмендеуі кезінде ұтымды сатып алуға және күшті өсім кезінде ақылға қонымды сатуға мүмкіндік береді. Қалған уақытта инвестор қор нарығын ұмытып кетсе, көбірек жетістікке жетеді».

Лайықты оқушы

Грэмнің ең атақты ізбасары Омахадан шыққан Оракул деген лақап атқа ие болған аңызға айналған Уоррен Баффет болды. Ол үнемшілдігімен танымал және әлі күнге дейін 1958 жылы сатып алынған Небраскадағы үйінде уақыт өткізуді жөн көрсе де, Баффет өмір бойы пайданы көбейту өнерімен айналысып келеді. Оның негізгі туындысы Berkshire Hathaway 1965 жылдан қазіргі уақытқа дейін инвесторларға жылына орта есеппен 21% табыс әкелді, ал S&P 500 дивидендтерді есепке алғанда 10,5%-ға өсті. Қаржы майталманы өзін 85% Грэмнің және 15% Филип Фишердің ізбасары деп атайды. Екіншісі жақсы өсу перспективасы бар, оның ішінде шағын капиталдандырудағы компанияларға назар аударды және 10–12 эмитенттің акцияларынан тұратын портфельді «тар әртараптандыру» ережесін ұстанды.

Каррет және Линч

Фил Каррет құнды инвестициялау тұжырымдамасының екінші атақты ізбасары болып саналады. Қаржы саласында ол шамамен 80 жыл жұмыс істеді, оның 55 жылын АҚШ-тың алғашқы пай қорларының бірі Pioneer Fund қорын басқаруға арнады. Каррет басшылық еткен кезде компанияның кірістілігі S&P 500 үшін 9%-бен салыстырғанда орта есеппен жылдық 13% құрады.

Қор құрылғанға дейін қаржыгер Baroon’s-та жұмыс істеді, әртүрлі эмитенттердің есептерін талдады және кейінірек жеке мақалалар негізінде «Алыпсатарлық өнері» кітабын шығарды. Атауына қарамастан, Каррет акциялардың нақты құнын анықтамай, «сән өмірдің басқа салаларындағыдай инвестициялауда да бірдей рөл атқарады» деп есептеп, ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдады. Уолл-стриттегі ең тиімді менеджерлердің бірі Питер Линч 1977–1990 жылдары Fidelity тобының Magellan қорын басқарды.

Ол ұзақ мерзімді өсуді көздей отырып, көпшілікке онша танымал емес компанияларға инвестиция салумен айналысты. Мұндай эмитенттерді Линч tenbagger, немесе «он еселенген», деп атады, яғни олар бастапқы салымдардан әлдеқайда жоғары инвестициялық қайтарым бере алады. Ол қаржылық жағдайды, бизнес саласын егжей-тегжейлі талдауды және компания туралы ақпаратты үнемі бақылауды қамтитын «өзің түсінетін нәрсеге инвестиция салу» қағидасын басшылыққа алды.

Линч жұмыс істеген кезде Fidelity Magellan Fund S&P 500 15,8% өскен кезде жыл сайын орта есеппен 29% инвестициялық кірістілікті қамтамасыз етті. Активтердің құны $18 млн-нан $14 млрд-қа дейін өсті. Бұл ретте Линч инвестициялар географиясын кеңейтті: америкалық құралдардан басқа, ол портфельге шетелдік эмитенттердің акциялары мен облигацияларын енгізді.

Назарыңызға

Грэм, Баффет, Линч және басқа да бірқатар табысты басқарушылар ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиясының тиімділігінің үлгісі ғана емес, сонымен қатар жоғары инвестициялық табысқа қол жеткізуге болатынын дәлелдейді. Ең бастысы — акцияларды сатып алмас бұрын компанияларды мұқият зерттеу, ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, тәуекелдерді бақылау және қаржылық тәртіпті сақтау.

Уоррен Баффет. Дереккөз: medium.com

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!