Инвестициялық шолу №351. S&P 500 жаңа максимумдарда
LONG CALL ON DDOG
Идея мәні
Есептің жариялануы аясындағы күрт түзетуден кейін, $240 страйкімен call опционын сатып алу арқылы Datadog (DDOG) котировкаларының қалпына келуіне ставка жасау. Эмитенттің тоқсандық түсімі мен пайдасы консенсус-болжамнан асып түскеніне қарамастан, нарық өсімнің баяулау тәуекелдеріне, компанияның жетекші AI-клиенті белсенділігінің төмендеуіне және оның тым жоғары бағалануына назар аударды. Сентименттің тұрақтануы таяу апталарда гэптің ішінара жабылуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, аталған жаппай сату инвесторлардың уақытша эмоционалды реакциясын емес, Datadog нәтижелеріне қатысты болжамдардың орнықты түрде қайта қаралуын көрсетуі мүмкін. Егер аталған факторлар ауқымдырақ баяулаудың белгісі болып шықса, акция құлдырауын жалғастырады. Қосымша, жоғары бағалану тәуекелдері, бағдарламалық жасақтама секторына қысым және нарық бір орында тұрған жағдайда опционның уақытша ыдырау тәуекелдері сақталады.
Тәуекелдерді басқару
Егер экспирация күні, яғни 16 қазанда базалық активтің бағасы $240-тан жоғары, бірақ $261-ден төмен болса, инвестор шығынға ұшырайды, оның мөлшері котировканың нақты деңгейіне байланысты болады. Базалық активтің құны $240-тан төмен болған жағдайда, бұл шығын максималды $2100-ды (төленген премия мөлшерін) құрайды. Егер базалық актив $261 шығынсыздық нүктесінен жоғары көтерілсе, идея пайда әкеле бастайды. Позицияны премияның мақсатты бағасы $40-қа жеткенге дейін ұстауды ұсынамыз.
Мәміле параметрлері
| Сатып алу | Long Call on DDOG |
| Страйк | Long CALL 240 |
| Опцион | +DDOG.16OCT2026.C240 |
| Экспирация күні | 16.10.2026 |
| Ұстау мерзімі | до 6–8 недель |
| Маржалық қамтамасыз ету | $2100 |
| Премия | $21 |
| Шығу бағасы (премия бойынша мақсатты деңгей) | $40 |
| Ең жоғары пайда | ∞ |
| Ең жоғары шығын | ($2100) |
| Күтілетін пайда | $1900 |
| Күтілетін кірістілік | 90,5% |
| Залалсыздық нүктесі (шығынсыздық нүктесі) | $261 |
Пайда/залал кестесі және мәміледегі бақылау нүктелері
