Инвестициялық шолу №356. Құндылықтарды қайта бағалау
LONG CALL ON DIS
Идеяның мәні
17 қарашадағы қаржылық есеп жарияланар алдында қайта бағалану әлеуетіне, сондай-ақ 2027 қаржы жылына арналған акцияға шаққандағы табыс (EPS) болжамдарының сенімді болуына сүйене отырып, Disney (DIS) акциясына call опционын сатып алу ұсынылады. Компанияның болжамды P/E коэффициенті шамамен 14-15 деңгейінде қалыптасып отыр.
Негізгі дәлелдер
- Disney+ және Hulu жазылым бағасының көтерілуінен кейін де аудиторияның сақталуы аясында ARPU көрсеткіші мен маржаның артуы.
- Experiences сегментінің түсімі мен операциялық пайдасының тұрақты өсуі, бұл ойын-сауық парктері мен круиздік бизнес кірістерінің артуымен қамтамасыз етіледі.
Тәуекелдер
Жарнама нарығындағы қолайсыз жағдай, ESPN шығындарының артуы, бағалардың көтерілуінен кейін жазылушылар санының қысқаруы, әлсіз қаржылық есеп және консервативті болжамдар тәуекел факторлары болып саналады.
Тәуекелдерді басқару
Егер экспирация күніне қарай DIS акциясының бағасы $115-тен төмен болса, инвестор $395 көлеміндегі максималды шығынға ұшырайды. Егер акция бағасы $115–118,95 аралығында құбылса, шығын мөлшері нақты нарықтық бағаға байланысты болады. DIS акциясының бағасы $118,95 деңгейіне жеткен кезде позиция пайда әкеле бастайды. Премия бойынша мақсатты деңгей – $6,2, ал өсу әлеуеті – 57%.
Мәміле параметрлері

Стратегия бойынша пайда мен шығын
