Акциялар жылжымайтын мүлік немесе автомобиль сияқты басқа мүліктермен бірдей мүлік болып саналады. Бағалы қағаздар жылжымалы мүлік санатына жатады және оларды сатуға, сатып алуға, сыйға беруге, кепілге беруге, өзгертуге және, әрине, мұраға қалдыруға және алуға болады.
Оның екі жолы бар:
- Мұрагерлер бағалы қағаздарды мұра арқылы алуға құқылы.
- Мұрагерлер мұрадан бас тартуға құқылы.
Назар аударыңыз: клиент (мұрагер) мұра қалдырушының шотындағы операциялар мен активтер туралы ақпаратты нақтылау үшін 7555 нөмірі бойынша жүгінген кезде қолдау бөлімінің мамандары брокерлік шот туралы ақпарат бермейді, өйткені мұрагер үшінші тұлға болып саналады. Бұл ретте мұрагерге мұрагерлік рәсімі бойынша қосымша консультация берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының нотариусы арқылы мұра алу үшін:
1. Брокерлік шот иесі – Freedom Broker компаниясының клиенті қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагер мұраны қабылдау туралы нотариусқа жүгінуі керек.
2. Нотариус мұра қалдырушының бағалы қағаздары туралы қажет ақпаратты бірыңғай тіркеушіден алады. Сондай-ақ нотариус мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік бере отырып, оның брокерлік шоты мен активтерінің бар-жоғы туралы үзінді көшірмені алу үшін Freedom Broker-ге ресми сұраныс (поштаға [email protected] не болмаса [email protected]) жібереді.
3. Нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті ресімдейді.
4. Мұрагер Freedom Broker-дің жақын маңдағы филиалына барып, мынадай құжаттарды* ұсынады:
- мұра алу құқығы туралы куәлікті (нотариустан алады),
- мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлікті,
- жеке шоттан қаржы құралдарын есептен шығаруға бұйрыққа қол қояды.
*Нақты жағдайға байланысты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін. Мысалы, бағалы қағаздар куәлікте көрсетілген үлестерге сәйкес бөлінбейтін болса, Мұралық мүлікті бөлу туралы куәлік беру қажет — онда нотариус бағалы қағаздардың бүтін бірліктермен (бөлшек мәнсіз, дана санымен) қалай бөлінетінін көрсетеді.
5. Клиенттің менеджері құжаттарды қабылдап, мұрагерге брокерлік шот ашады (егер шот ашылмаған болса). Мұрагерлердің әрқайсысына, олардың арасында кәмелетке толмаған балалар болса да, брокерлік шот ашылған болуы қажет. Бұл жағдайда мұраға тиесілі мүлік ата-анаға немесе қамқоршыға емес, балаға аударылады.
6. Мұрагердің шотынан берілген бағалы қағаздарды есепке жатқызуға арналған тапсырма негізінде клиентке бағалы қағаздар брокерлік шотына аударылады. Сондай-ақ ақшалай қаражат (бар болса) мұрагердің банктік деректемелеріне аудару туралы өтініш негізінде аударылады. Кәмелетке толмаған мұрагерлер жағдайында ата-ана/қамқоршыдан өтінішті қабылдау үшін кәмелетке толмаған баланың мүлкіне билік ету құқығына қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжаттар ұсынылуы қажет. Ақшалай қаражат кәмелетке толмаған мұрагердің атына ашылған банктік шотқа аударылады.
Өзге юрисдикцияларда мұра алу үшін:
1. Брокерлік шот иесі – Freedom Broker компаниясының клиенті қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагер мұраны қабылдау туралы нотариусқа жүгінуі керек.
2. Нотариус мұра қалдырушының бағалы қағаздары туралы қажет ақпаратты бірыңғай тіркеушіден алады. Сондай-ақ нотариус мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік бере отырып, оның брокерлік шоты мен активтерінің бар-жоғы туралы үзінді көшірмені алу үшін Freedom Broker-ге Әділет министрлігі арқылы ресми сұраныс жібереді.
3. Әділет министрлігі Freedom Broker-ге сұраныс жібереді және жауапты нотариусқа береді.
4. Нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті ресімдейді.
5. Мұрагер Freedom Broker-дің жақын маңдағы филиалына барып, мынадай құжаттарды* ұсынады:
- мұра алу құқығы туралы куәлікті (нотариустан алады),
- мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлікті,
- қажет болған жағдайда ақшалай қаражатты аудару туралы өтінішке/жеке шоттан қаржы құралдарын есептен шығаруға бұйрыққа қол қояды.
*Нақты жағдайға байланысты қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін. Мысалы, бағалы қағаздар куәлікте көрсетілген үлестерге сәйкес бөлінбейтін болса, Мұралық мүлікті бөлу туралы куәлік беру қажет — онда нотариус бағалы қағаздардың бүтін бірліктермен (бөлшек мәнсіз, дана санымен) қалай бөлінетінін көрсетеді.
6. Клиенттің менеджері құжаттарды қабылдап, мұрагерге брокерлік шот ашады (егер шот ашылмаған болса). Мұрагерлердің әрқайсысына, олардың арасында кәмелетке толмаған балалар болса да, брокерлік шот ашылған болуы қажет. Бұл жағдайда мұраға тиесілі мүлік ата-анаға немесе қамқоршыға емес, балаға аударылады.
7. Мұрагердің шотынан берілген бағалы қағаздарды есепке жатқызуға арналған тапсырма негізінде клиентке бағалы қағаздар брокерлік шотына аударылады. Сондай-ақ ақшалай қаражат (бар болса) мұрагердің банктік деректемелеріне аудару туралы өтініш негізінде аударылады. Кәмелетке толмаған мұрагерлер жағдайында ата-ана/қамқоршыдан өтінішті қабылдау үшін кәмелетке толмаған баланың мүлкіне билік ету құқығына қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжаттар ұсынылуы қажет. Ақшалай қаражат кәмелетке толмаған мұрагердің атына ашылған банктік шотқа аударылады.
БҚ аударылғаны үшін алынатын комиссия: брокердің сайтында орналастырылған тарифтерге сәйкес*
- «Фридом Финанс» АҚ - эмитент үшін 4000 теңге
- Freedom Finance Global PLC - FFGlobal-дың ішінде комиссиясыз
*Тарифтер уақыт өте өзгеруі мүмкін, өзекті ақпаратты брокердің сайтынан қарауға болады.
Мұра алудан бас тарту:
Мұрагер мұра алудан бас тарту үшін мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұра алудан бас тарту туралы анықтама беруі керек. Мұндай жағдайларда Компания Азаматтық кодексті басшылыққа алады.
Азаматтық кодекс
1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы
1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.
2. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.
3. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады.
4. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.
1083-бап. Иесiз қалған мүлік
1. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (Азаматтық Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бәрi мұрадан бас тартса (Азаматтық Кодекстiң 1074-бабы), мұра иесiз қалған мүлік деп танылады.
2. Иесiз қалған мүлік мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке ауысады.