Single Stock ETF деген не?

Жаңартылды 22.09.2026

Single Stock ETF (жеке акцияларға Exchange Traded Fund) – инвесторларға әлемдік компаниялардың үлестік акцияларын сатып алуға және оларға ең аз салыммен инвестиция құюйға мүмкіндік беретін қаржы құралы.



Бұл қалай жұмыс істейді?


  1. Базалық активті сатып алу: Қордың басқарушы компаниясы компанияның бүтін акцияларын сатып алады (мысалы, TSLA).
  2. Бөлшектеу: акция бағасы көптеген бөліктерге бөлінеді (мысалы, 1/100 немесе тіпті 1/10 000).
  3. ETF шығару: бұл бөліктерге Single Stock ETF жарналары шығарылады.
  4. Қолжетімділік: Инвестор бір ETF жарнасы бір акцияға жүздеген доллар орнына бірнеше долларға немесе центке сатып ала алады. Қордың бағасы түпнұсқа акция бағасының динамикасын толығымен қайталайды.


Мысал (шартты)
Акция құны
ETF коэффициенті
1 ETF жарнасының құны
TSLA акциясы
~$400
1/100
~$4
FRHC акциясы
~$160
1/10000
~$0.016



Инвестор үшін артықшылықтар


Single Stock ETF бірқатар негізгі артықшылықтарды ұсынады, әсіресе бөлшек және ісін жаңа бастаған инвесторлар үшін:

  • Қолжетімділік: «көгілдір фишка» (Amazon, Netflix, Tesla) акциясына кіру шегі төмендейді. Бірнеше доллардан ғана инвестиция салуға болады.
  • Әртараптандыру: бөлшектеу аз капиталмен де бірнеше қымбат компаниялардың акцияларынан толыққанды портфельді қалыптастыруға және салымдарды сапалы бөлуге мүмкіндік береді.
  • Салықтық жеңілдіктер: ITS сауда алаңында ұсынылған қорлар «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХ)О) тіркелген және Astana International Exchange (AIX) биржасында саудаланады. Осының арқасында жеке тұлғалардың осы қорлармен операциялардан түскен табыстары құн өсіміне салынатын салықтан босатылды.
  • Қор комиссиясы (Total Expense Ratio, TER) жоқ: қор шығындарын жабатын жылдық комиссия инвесторлар үшін нөлге тең.
  • Сауда мүмкіндіктері: өтімділігі жоғары құрал. Оны кез келген сәтте ұзартылған 18 сағаттық сауда сессиясында (Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 3:45-ке дейін) сатуға болады.



Тәуекелдер мен ерекшеліктер


Single Stock ETF акцияны иелену сияқты тәуекелдерге ие, сондай-ақ кейбір ерекшеліктері бар:

  • Нарықтық тәуекел: Single Stock ETF бір акцияның бағасын көрсетеді. Егер осы базалық акцияның бағасы құлдыраса, онда ETF бағасы да төмендейді. Бұл қорлар әртараптандырылған индекстік ETF-ге қарағанда құбылмалы.
  • Иелену шектеулері: ETF пайларын иелену базалық компанияны (эмитентті) дауыс беруге немесе бақылауға рұқсат бермейді.
  • Дивидендтер: егер компания дивидендтер төлесе, олар ETF пропорциясымен есептеледі, бірақ бөлу кезінде есептелген дивидендтерден центтің үлесі төленбейді.


Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 100%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!