Сукук деген не?
Сукук – ислам қаржы құралы, шариғатқа сәйкес келетін облигациялардың түрі. Cукукта дәстүрлі облигацияларға қарағанда, пайыздық төлемдер (риба) көзделмейді, ол инвесторларға шынайы активтегі және одан түсетін кірістердегі үлесті береді. Сукук шығарылымынан түсетін қаражат кіріс жобаларына (жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, бизнес) бағытталады, ал одан түсетін кіріс инвесторлардың арасында олардың салымына сәйкес тепе-тең бөлінеді.
Ислам қаржысындағы сукуктың қағидаттары
- Пайыздарға (риба) тыйым салынған: кіріс тіркелген төлемдердің емес, шынайы активтердің есебінен қалыптасады.
- Алыпсатарлыққа (ғарар) тыйым салынған: активтер шынайы, ал мәмілелер айқын болуы керек.
- Құмар операцияларына тыйым салынған (майсир): инвестициялар ойын тәуекелімен байланысты емес.
Сукуктың түрлері
- Аджр сукуғы активтерді (жылжымайтын мүлік, жабдық) жалдауға негізделген.
- Мудараба сукуғы - табысы үлестірілетін бірлескен кәсіпорын құралы
- Мурабаха сукуғы - тауарларды сатып алуды және қайта сатуды қаржыландыру
- Истисна сукуғы құрылыс пен өндіріс үшін пайдаланылады
- Уақып сукуғы қайырымдылық мақсаттарына арналған.
Freedom Broker-де халал инвестициялық өнімдер
1. ITS сауда алаңында биржалық ITSS ETF қоры бар. Ол шариғат заңын сақтайтын компаниялардың акцияларының бағалары бойынша есептелетін ITS Shariah индексінің серпінін қадағалайды. Бұл қор жайында көбірек төмендегі сілтеме арқылы білуге болады:
https://fbroker.kz/products/itss
2. Американың қор нарығында акцияларға, сукукқа және REIT ислам жылжымайтын мүлік қорларына инвестиция құятын мынадай биржа қорлары саудаланады:
- HLAL - Wahed FTSE USA Shariah ETF
- UMMA - Wahed Dow Jones Islamic World ETF
- SPUS - S&P 500 Sharia Industry Exclusions ETF
- SPSK - SP Funds Dow Jones Global Sukuk ETF
- SPRE - SP Funds S&P Global REIT Sharia ETF
- RITA - ETFB Green SRI REITs ETF
Бұл қорлардың акцияларын Freedom Broker мобилді қолданбасында сатып алуға болады.
3. Қазақстан қор биржасында (KASE) Гонконг, Сауд Арабиясы және Малайзияның мемлекеттік құрылымдары шығарған ислам қаржы сертификаттары ұсынылған. Бұл құралдардың кредиттік рейтингілері жоғары және шариғат талаптарына сәйкес келеді.
- Қытай Халық Республикасы Гонконг арнайы әкімшілік өңірі үкіметінің облигациялары (ISIN: XS1555404786)
- Сауд Арабиясы Королдігі Қаржы министрлігінің облигациялары (ISIN: XS1599284202)
- Малайзия Федерациясы Қаржы министрлігінің облигациялары (ISIN: USY57542AA32)
Сукуктың жекелеген қағаздарына инвестициялау мәселелері жөнінде [email protected] поштасына сұрату жазуыңызға болады.
Ақпарат инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Инвестициялар тәуекелмен байланысты болып саналады.