Бағалы қағаздарды сыйға тарту - туысқандарыңызға, жақын жандарыңызға немесе басқа адамдарға сатпай да, берудің ыңғайлы тәсілі
Құжаттар
Сыйға тартушы немесе Сый алушы Freedom Broker-ге екі тарап қол қойған сыйға тарту шартын ұсынуы керек. Сыйға тарту шартын мынадай:
- [email protected] поштасы арқылы
- Freedom Broker мобилді қолданбасында «Мәзір – Қолдау» батырмасын басып, жіберуге болады.
Осыдан кейін менеджер клиентке бағалы қағаздарды есептен шығаруға және есепке алуға тапсырма беру үшін хабарласады.
Комиссия
Freedom Finance Global PLC компаниясының ішінде брокерлік шоттар арасында бағалы қағаздарды бергені үшін комиссия алынбайды.
Қосымша құжаттар
Кейбір жағдайларда, Freedom Broker-дің ішкі рәсімдеріне байланысты қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін. Сұратуды өңдеу кезінде менеджер бұл туралы хабарлайды.