Автоматты түрде ұзарту деген не?
Автоматты түрде ұзарту – SOFR/EURIBOR мөлшерлемесі бар «Ақшаны ұзақ мерзімге орналастыру» өніміне арналған қосымша функция.
Бұл функцияның көмегімен ақшаны әр орналастыру мерзімін қолмен қадағаламасаңыз да болады. Ағымдағы кезең аяқталған кезде, Freedom Finance Global PLC сіздің қаражатыңызды сол мерзімге автоматты түрде қайта орналастырады. Бұл ретте орналастыру сомасы жинақталған пайыз есебінен ұлғаяды, ал мөлшерлеме ұзарту күні жаңартылады.
Функцияны қаражатты жаңадан орналастырмас бұрын іске қосуға немесе іске қосылып қойған белсенді орналастыруға қосуға болады.
Автоматты түрде ұзартуды қалай қосу керек?
Freedom Broker мобилді қолданбасында:
- Мәзір → Тапсырмалар бөлімін ашыңыз
- Қаражат → Ақшаны ұзақ мерзімге орналастыру бөліміне өтіңіз
- Ақшаның сомасын және орналастыру мерзімін көрсетіңіз
- «Ақшаны орналастыруды автоматты түрде ұзарту» деген жерге құсбелгі қойыңыз
- Тапсырманы растаңыз
freedombroker.kz веб платформасында:
- Кабинет бөлімін ашыңыз
- Мәзірдің сол жағында Қаражат → Ақшаны ұзақ мерзімге орналастыруды табыңыз
- Қауіпсіздік сессиясын ашыңыз
- Ақшаның сомасын және орналастыру мерзімін көрсетіңіз
- «Ақшаны орналастыруды автоматты түрде ұзарту» деген жерге құсбелгі қойыңыз
- Тапсырманы растаңыз
Опцияны қосу автоматты түрде ұзартуға тұрақты тапсырма беретіндігіңізді білдіреді, оны жойғанға дейін автоматты түрде ұзарту функциясы әрекет етеді.
Кірістілік мөлшерлемесі бекітілген бе?
Жоқ. Мөлшерлеме белгіленбейді, ол автоматты түрде ұзарту қосылған кезде мөлшерлеме ұзартылатын әрбір жаңа күні анықталады.
Ағымдағы мөлшерлемелерді қолданбада немесе веб сайтта көруге болады. Олар көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін, бұл ағымдағы SOFR және EURIBOR банкаралық мөлшерлемелеріне байланысты.
Орналастыру қанша рет ұзартылады?
Сіз опцияны жоймайынша немесе тоқтату талаптарының бірі басталмайынша, орналастыру мерзімі шектелмеген.
Қандай жағдайларда автоматты түрде жаңарту тоқтайды?
- Шотта жаңа орналастыру үшін қаражат жеткіліксіз
- Шот жабық немесе бұғатталған
- Сіз қолданбада немесе сайтта опцияны өзіңіз өшірдіңіз
Егер жаңартуды орындау мүмкін емес болса, Freedom Finance Global PLC Сіздің электрондық поштаңызға қаражатты қолмен орналастыру ұсынылған хабарлама жібереді.
Автоматты түрде белсенді ұзарту арқылы қаражатты мерзімінен бұрын алып кетуге бола ма?
Freedom Finance Global PLC-мен келісімімен ғана мәміле талаптарын мерзімінен бұрын тоқтатуға немесе өзгертуге болады. Егер Сіз қаражатты мерзімінен бұрын алуыңыз қажет болса, дербес менеджеріңізге немесе Freedom Broker қолдау қызметіне хабарласыңыз.