Freedom Broker компаниясында клиенттер доллармен жылына 7,19%-ға дейін және еуромен 4,3%-ға дейін табыстық мөлшерлемесі бар ақшаны ұзақ мерзімге орналастыруға қол жеткізе алады.
Қолжетімді мерзімдер: 1, 3, 6 және 12 ай. Өнім банк депозиттеріне ұқсас.
Табыстылық: SOFR* және EURIBOR** мөлшерлемелеріне байланыстырылған.
Қолданыстағы мөлшерлемелерді Freedom Broker платформасында көруге болады:
- мобильді қолданбада: «Мәзір» → «Тапсырма» → «Ақшалай қаражат» → «Ақшаны ұзақ мерзімге орналастыру»
- веб-нұсқада: «Кабинет» → «Тапсырма» → «Ақшаны ұзақ мерзімге орналастыру»
Сіз ақшаны орналастыруға тапсырма берген кезде, сол сәтте қолданыста болған мөлшерлеме сіз үшін таңдалған бүкіл мерзімге бекітіледі.
100 000 АҚШ долларынан немесе еуродан жоғары соманы орналастырған кезде, табыстылыққа бонус қосылады – мөлшерлеме жоғары болады.
*SOFR (Secured Overnight Financing Rate) — овернайт талаптарында қамтамасыз етілген қаржыландыруды ұсыну бойынша күнделікті мөлшерлеме. Нью-Йорктің Федералды резервтік банкінің сайтында жарияланады.
**EURIBOR (The Euro Interbank Offered Rate) — «Еуромен банкаралық ұсыныс мөлшерлемесі». Еуропалық ақша нарықтары институты (European Money Markets Institute) ұсынады.