Баға алерті - таңдалған активтің бағасы берілген деңгейге жеткенде сізді хабардар ететін құрал. Бұл бағаны үнемі бақылауға уақыт жұмсамай, сатып алу немесе сату сәтін өткізіп алмау үшін ыңғайлы.
Алертті орнату үшін сізге:
1. Баға белгілеу тармағына өтіп, «Іздеу» бағанында бағалы қағаздың атауын енгізу.
2. Бағалы қағазды таңдап, оның егжей-тегжейлі шолуына өту қажет.
«Сауда жасау» түймешігінің оң жағында «Алерт» түймешігін басыңыз, Сіз активті таңдағаннан кейін алерттің іске қосылатын бағасын (іске қосылу бағасы) және хабарлау кезеңділігін (іске қосылу кезеңділігін) көрсету қажет.
Осы параметрлерді көрсеткеннен кейін «Алерт жасау» түймешігін басыңыз. Енді баға көрсетілген деңгейге жеткеннен кейін Сіз берілген параметрлерге сәйкес хабарламаларды алатын боласыз.
Қойылған алерттер тізімін «Мәзір» - «Параметрлер» - «Алерттер» бағдарламасынан көре аласыз.