Сауда бұйрығын қалай қою керек?

Жаңартылды 22.09.2026


Freedom Broker платформасының мобильді қосымшада сауда бұйрығын қою үшін:


1. «Баға белгілері» бөліміне өтіңіз. Содан кейін іздеу белгішесін басып, компанияның атауын немесе бағалы қағаздың тикерін енгізіңіз.

Тикер мысалы: Apple, Inc. қарапайым акциялары үшін AAPL.US


2. Таңдалған қағазды басыңыз.


3. «Саудалау» батырмасын басыңыз.


4. Бұйрық параметрлерін таңдаңыз:


- Әрекетті таңдаңыз: «Сатып алу» немесе «Сату».


- Бағаны қойыңыз. «Нарық бойынша» бұйрық ағымдағы сәттегі нарықтық бағамен орындалады. Сондай-ақ бұйрықтың басқа түрін таңдауға болады. Мысалы, «лимиттік бұйрықта» өз бағаңызды белгілейсіз және акцияларды дәл сол немесе сіз үшін тиімдірек бағамен аласыз.


- Акциялар санын көрсетіңіз. Осыдан кейін платформа бұйрықтың сомасын автоматты түрде есептеп, мұндай мәміле жасауға қаражатыңыздың жеткілікті-жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сондай-ақ «max» батырмасын бассаңыз, Freedom Broker қолжетімді акциялардың ең көп санын автоматты түрде көрсетеді.


5. Қажет болса, бұйрықтың қосымша баптарын белгілеңіз: стоп-баға немесе маржалық мәміле.

Маңызды! Бұйрық түрлері туралы толығырақ ақпаратты мақаладан оқи аласыз.


6. «Бұйрық беру» батырмасын басып, әрекетті растаңыз.


Сауда бұйрығын қалай қою керек?
01:23

Жауап пайдалы болды ма?

5 балдық жүйемен баға беріңіз.

Пайдаланушылардың 71.88%-ы жауапты пайдалы деп санады

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!