Бұл нұсқаулық нашар көретін пайдаланушыларға немесе Freedom Broker қолданбасы істен шыққан жағдайда инвесторлардың барлығына жарамды.
Бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға дауыстық тапсырма жіберу үшін Freedom Broker-дегі дербес менеджеріңізге немесе клиенттерді қолдау орталығына хабарласыңыз.
7555 – Қазақстан бойынша ұялы телефоннан қоңырау шалу үшін тегін нөмір.
+7 727 355 75 55 – Алматыдағы қалалық телефоннан немесе шетелден қоңырау шалуға арналған нөмір.
+7 717 267 77 55 – Астанадағы қалалық телефоннан немесе шетелден қоңырау шалуға арналған нөмір.
Freedom Broker қызметкеріне дауыстық сауда бұйрығын бергіңіз келетінін айтыңыз. Осыдан кейін клиентті сәйкестендіруден өтіңіз. Мына деректерді айтуға дайын болыңыз:
- Тегі, аты және әкесінің аты
- ЖСН
- Тіркелген мекенжайы
- Сауда шотының нөмірі
Сондай-ақ, мынаған назар аударыңыз: Егер сіз ұялы телефоннан хабарласып тұрсаңыз, Сіздің брокерлік шотыңызға байланыстырылған нөмірден қоңырау шалуыңыз керек. Рұқсат етілмеген телефоннан хабарласқанда қызметкер нөміріңіздің қосымша тексерілуін сұрай алады.
Әрі қарай:
- Компанияның атауын, мәміле жасағыңыз келетін бағалы қағаздардың тикерін немесе ISIN кодын
- Мәміленің сатып алу немесе сату бағытын
- Бұйрық типін және мәміле жоспарланып отырған бағаны
- Сатып алуға немесе сатуға арналған бағалы қағаздардың санын
- Кез келген қосымша параметрлерді, мысалы, Stop Loss және Take Profit бағаларын хабарлаңыз.
Қызметкер барлық мәліметті тағы бір рет нақтылап, сіздің құрылғыңызға бір реттік код жібереді. Бұл қауіпсіздік сессиясын ашып, сауда бұйрығын растау үшін қажет.
Қызметкерге кодты айтыңыз.
Freedom Broker қызметкерлері ешқашан сіздің жеке кабинетіңіздің құпиясөзін немесе банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын ескеріңіз. Қызметкерге бұл деректерді айтпаңыз.
Дайын. Тапсырма беріледі. Нарықтық бұйрық әдетте бірден орындалады. Лимитті бұйрықтың деңгейін қосымша қолданбада («Портфель – Бұйрықтар/Мәмілелер» бөлімі) не Freedom Broker менеджері немесе қолдау қызметі арқылы бақылау қажет болады.
Қолдау қызметі Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
