Нарықтық бұйрық (Market Order) – сіз ағымдағы нарықтық бағамен сатып аласыз немесе сатасыз. Мәмілелер қолданыстағы ең жақсы бағамен жасалады, ал сіз қазір нарықта қанша акция қолжетімді болса, сонша акция аласыз. Содан кейін, бір бағамен сатылатын көлем таусылғанда сіз акциялардың қалдығын келесі қолжетімді бағамен аласыз.
Артықшылықтары
• орналастыру жеңілдігі;
• орындалу жылдамдығы.
Кемшіліктері
• күшін жоюдың мүмкін еместігі;
• мәміле көлемі көп және нарықта ұсыныс жеткіліксіз болған жағдайда сіз акцияларды тиімсіз бағамен алуға тәуекел етесіз.
Бұйрық қалай қойылады?
1. Freedom Broker платформасына кіріп, қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
2. Мәміле жасағыңыз келетін қажетті қағазды табыңыз.
3. «Саудалау» түймешігін басыңыз, одан әрі бұйрық беру терезесінде мәміле жағын («Сатып алу» немесе «Сату») және акциялардың қажетті санын көрсетіңіз.
4. «Бағада» - нарық бойынша қалдырыңыз.
5. «Бұйрықты қою» түймешігін басыңыз.
6. Дайын! Бұйрық биржаға орындауға жіберілді және сол сәтте қолжетімді үздік нарықтық бағамен орындалады.
