Ұзақ позиция (long) – бұл бағалы қағаздарды олардың бағасының өсуінде табыс табу үшін сатып алу.
long аштыңыз → баға өсті → акцияларды қымбатқа саттыңыз → табыс таптыңыз.
Баға түссе → сіз ақшаңызды жоғалтасыз.
Қысқа позициялар (short sales) акциялардың құны төмендеген кезде ақша жасауға мүмкіндік береді.
Егер сіз белгілі бір компанияның қағаздары бағасы төмендейді деп есептесеңіз, оларды сатуға болады. Содан кейін арзанырақ сатып алып, үнемделген айырмашылықты қалтаға салу керек. Бұл сіздің табысыңыз болады.
Сізде жоқ акцияларды қалай сатуға болады?
Бәрі оңай: Сіз оларды брокерден белгілі бір комиссияға алып, нарықта сата аласыз. Содан кейін сатып алып, брокерге қайтарасыз. Сауда платформасында сізден қосымша күрделі әрекеттер талап етілмейді.
1. «Саудалау» қойындысына өтіңіз → Freedom Broker-де бұйрық қою бөлімінде «Сатып алу» орнына «Сату» түймешігін басыңыз.
2. «Бұйрықтың баптаулары» параметрлеріндемаржаны қосыңыз.
3. Платформаның өзі сізде бұйрықта көрсетілген акциялар саны жоқ екенін көреді және олар бойынша қысқа позиция ашқыңыз келетінін түсінеді. Брокерден акцияларды қарызға алу автоматты түрде және өте жылдам жүреді.
МЫСАЛЫ: Сіз Apple акцияларын асыра бағалаған деп есептейсіз және компаниядан әлсіз есеп күтесіз. Осы оқиғадан табыс табу үшін сіз акциялар бойынша AAPL қысқа позицияны ашасыз - брокерден 100 акция алып, оларды нарықта $120-дан сатасыз. Компания нашар есеп береді және акциялар $100 дейін төмендейді. Сіз оларды сатып алып, брокерге қайтарасыз. Сіздің пайдаңыз акцияға шаққанда $20 немесе 100 акция позициясына $2000 болды. Минус комиссия.