Эмитенттің кірістерді бағалы қағаздарды ұстаушылардың арасында ақшалай немесе өзге де түрде бөлуге не бағалы қағаздардың құрылымын өзгертуге бағытталған іс-шаралары корпоративтік әрекеттер деп аталады.
Корпоративтік әрекеттердің мысалдары:
Сплит – акцияларды бөлу. Компания шығарылған акцияларды бірнеше есеге ұлғайтып, олардың бағасын тепе-тең түсіреді. Осылайша, акциялардың бағасы жаңа инвесторлар үшін қолжетімді бола бастайды.
Дивидендтер төлеу – компания кірістерді акционерлердің арасында бөледі.
Делистинг – компанияның акциялары биржада саудалануды тоқтатады және ресми биржа тізімдерінен шығарылады.
Спин-офф – компания бизнестің бір бөлігін жекелеген кәсіпорынға бөледі. Оның акциялары биржада өз бетінше саудалануды бастауы мүмкін.
Бірігу және сатып алу – екі компания «тең» талаптарда бірігуі мүмкін немесе бір компания басқа компанияны сатып алуы және оны толығымен қосып алуы мүмкін.
Мәміле жасау кезінде мыналарды ескерген жөн
Кейбір осындай оқиғалар кезінде Freedom Broker сауда платформасында эмитенттің корпоративтік әрекеті аяқталмайынша, оның бағалы қағаздары бойынша сауда бұйрығын қоюға болмайды.
Жаңартылған ақпарат қоржыныңызда көрсетілгенше күту қажет.
Туындаған сұрақтар бойынша менеджермен байланыса аласыз (ескерту: менеджердің байланыс деректері «Мәзір» → «Қолдау» → «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген) немесе сұрауды «Мәзір» → «Қолдау» → «Қолдау қызметіне жазу» платформасында қалдыра аласыз.