Финансист №4 (40) 2025

Алияр Акымгалиев

Алияр Акымгалиев

Freedom Broker талдаушысы

Әркімге қажеттілігіне қарай

Мобильдік қосымшаларды дамытудың негізгі трендтері

Инновациялар

StatCounter талдау платформасының мәліметтері бойынша, 2025 жылдың шілдесінде әлемдік интернеттің мобильдік құрылғылар – 60,5%-ын, ал стационарлық – 39,5%-ын қамтамасыз етті. Бұл үрдістің бастауы 2016 жылы басталды, баяу, бірақ үздіксіз дамыды. Бұл процесстегі басты рольді мессенджер, маркетплейс, қаржыны басқару сияқты қызметтерді бірге атқаратын супер қосымша - мобильдік сервистер атқарады.

Түсініктерді анықтау

«Super app» («суперқосымша») ұғымын 2010 жылы канадалық BlackBerry компаниясының негізін қалаушы Михалис Лазаридис ұсынған. Қазіргі таңда Accenture бағалауынша, әлемде өнімдері суперқосымша ретінде сипатталатын (не соған ұмтылатын) 30-дан астам платформалық ойыншы бар. Дүниежүзіндегі ең ірі аудит компанияларының бірі — Deloitte сарапшылары суперқосымшалардың төрт белгісін анықтады: қызметтердің көп әрі алуан түрлі болуы, көптеген қажеттіліктерге арналған ортақ ресурс, транзакцияларды жүзеге асырудың қолайлы тәсілі, сервистер арасында деректер алмасуы.

Бүгінде аналитикалық компания Gartner есептегендей, әлемдегі ең танымал 15 суперқосымша жалпы саны 4,6 млрд рет жүктелген және ай сайын 2,68 млрд-тан астам белсенді пайдаланушысы бар. Future Market Insights бағалауынша, 2033 жылға қарай әлемдік суперқосымшалар нарығының көлемі $887 млрд-қа жетеді.

Бастапқы кезеңде суперқосымша, әдетте, бір базалық функциядан бастайды. Алайда пайдаланушылар базасы кеңейген сайын функциялар саны біртіндеп көбейеді. Көбіне жаңа мүмкіндіктер серіктес сервистерді тарту арқылы пайда болады: мысалы, қаржы компаниясы маркетплейс немесе такси шақыру қызметімен келісіп, олардың қызметтерін өз платформасында сата бастайды. Негізгі табыс көзін үшінші тарап серіктестерінің табысынан алынатын комиссиялық алымдар қамтамасыз етеді.

Платформа көшбасшылары

Қазіргі заманда супер қосымшаларды көптеген мысалға келтіре аламыз. Бұл әртүрлі бағытта және әртүрлі сақсаттағы, әр түрлі нарыққа арналған және өзінің әмбебаптығына қарай біріктірілген сервистер.

  • Tencent (TCEHY) 2011 жылы іске қосқан WeChat сервисі мессенджер ретінде басталды, ал бүгінде 1,3 млрд пайдаланушысы бар Қытайдың ірі сандық экожүйесіне айналды, олардың әрқайсысын мемлекетпен және бизнеспен байланыстырды. Орнатылған WeChat Pay әмияны ақша аудару, микрокредит алу, сатып алуларды, оның ішінде QR-код арқылы төлеу процесін айтарлықтай жеңілдетті. Мини-қосымшалардың көптігі WeChat-ті цифрлық экономиканың ажырамас бөлігіне айналдырды. Ол арқылы сатып алуға, салық төлеуге, таксиге тапсырыс беруге, дәрігерге жазылуға, қор нарығында сауда жасауға және т.б. болады. Сарапшылардың мәліметінше, Қытайдың мобильді транзакцияларының 90% астамы WeChat Pay арқылы өтеді. Компанияның серіктестерінің саны 3 млн-нан асады, ал олардың төлемдері комиссиямен 3% -ға дейін жүргізіледі.
  • Кениялық Safaricom операторы құрған M-Pesa платформасы қаржы төңкерісін бастады. 2007 жылы SMS арқылы ақша аудару қызметі ретінде іске қосылған ол банктерде шоты жоқ миллиондаған адамдардың қолма-қол ақшасыз есеп айырысуына жол ашты. Көптеген африкалық пайдаланушылар үшін телефон бірінші банктік өнім болды, ал M-Pesa агенттерінің желісі банк бөлімшелерінің алғашқы аналогы болып табылады. Қазір бұл ресурста жылына ондаған миллиард долларға транзакциялар жасалады, ал өңірдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80% -дан асады. Сервисті банктік және сақтандыру өнімдері толықтырды. Ол Safaricom пайдасының үштен бір бөлігін әкеледі. Платформаның айналасында қаржылық стартаптардың экожүйесі қалыптасады, бұл M-Pesa-ны жай ғана төлем шешімі емес, Шығыс Африканың әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері етеді.
  • Қазақстандық Freedom SuperApp қосымшасы 2024 жылдың басында пайда болды. Ол банк сервистерін, брокер қызметтерін, сақтандыруды және жеке телеком-инфрақұрылымды біріктіреді. Клиент мұнда шот ашып, несие рәсімдей алады, инвестициялай алады, қызмет ақысын төлей алады, тіпті интернетке де қосыла алады. Барлығы онлайн жұмыс істейді және мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген. Автоматтандырудың арқасында ипотеканы мақұлдау бір тәулік, ал автокредитті ресімдеу - 12 сағаттан аспайды. 2025 жылғы қазанға қарай SuperApp-тің бірегей ай сайынғы пайдаланушыларының (MAU) саны 1,6 млн-ға жақындады, ал оның аудиториясы екі мәнді қарқынмен өсуде.
  • Индонезиялық Gojek сайты 2015 жылы мототакси тапсырыс қызметі ретінде іске қосылды, ал қазір өзінің төлем жүйесіне ие, тамақ жеткізуді және басқа да көптеген сервистерді ұсынады.
  • Сингапурлық Grab такси шақыру платформасынан кеңейді, онда алдымен скутерлер мен велосипедтерді жалға алу мүмкіндігі орналастырылды, содан кейін оған қонақ үйлерді брондау және сақтандыру функциялары қосылды. Бүгінде Grab Оңтүстік-Шығыс Азиядағы азық-түлік жеткізу нарығының едәуір үлесін бақылайды.
  • Оңтүстік Корея Kakao 2010 жылы мессенджер және әлеуметтік желі ретінде пайда болды. Бүгінде бұл ресурста қаржылық қызметтерді қоса алғанда көптеген қызметтер қолжетімді, ал пайдаланушылар базасы Оңтүстік Кореяның ересек халқының 87% -ы ретінде бағаланады.

Аударым әлемі

Барлық суперапптар үшін ортақ атрибуттардың бірі қаржы сервистері болды.

Бүгінде Азияда онлайн-төлемдердің 80% мобильді әмиян арқылы өтеді. Африка осы көрсеткіш бойынша аймақты тез қуып жетуде: онда ұтқыр ақша нарығы $1,6 трлн дейін өсті, ал пайдаланушылар саны 500 млн-нан асты Еуропада бүгінде онлайн-транзакциялардың жалпы көлеміндегі есеп айырысулардың 40% -ға жуығы ғана мобильді әмияндар арқылы өтеді.

Смартфондардың көмегімен есеп айырысудың танымалдығын арттырудың негізгі драйверлері қолма-қол ақшасыз операцияларға көшу, QR- және NFC-төлемдерді жаппай тарату, ашық API-лерді дамыту және қаржылық функцияларды әлеуметтік желілерге, базарларға және, әрине, суперқосымшаларға енгізу болып табылады.

GSMA ұтқыр операторлары мен Worldpay төлем сервисінің дүниежүзілік ұйымы мамандарының бағалауынша, 2030 жылға қарай цифрлық әмияндар арқылы транзакциялар көлемі 2024 жылғы деңгейге қарағанда екі еседен астам ұлғайып, $33 трлн-нан асады. e-commerce-те әмияндардың үлесі 50% -ға дейін, ал офлайн-сатып алуларда - 30% -ға дейін өседі. Алайда суперапптар үшін тәуекелдер күшейе түсуде: реттеушілер мобильді қаржы сервистерінің иелерінен банктік деңгейдегі комплаенс пен деректерді қорғауды талап етеді, ал классикалық кредиттік мекемелер тарапынан бәсекелестік өсуде.

Телекомның өзгеруі

Дәстүрлі телеком-бизнес жетілу кезеңіне аяқ басты: байланыс қызметтерінен түсім баяу өсуде, клиент үшін күрес ушығуда. Супер қосымшаларды дамыту мобильді трафиктің одан әрі өсуін қамтамасыз ете алады.

Deloitte болжамы бойынша, Батыста WeChat баламасы сияқты үстем супер қосымшалар пайда болмайды. Бұл нарықты бірнеше ойыншы өзара бөліседі, олардың әрқайсысы пайдаланушылар үшін күресетін болады. Жекелеген тар салаларға, мысалы, автомобильге қызмет көрсетуге немесе үйге күтім жасауға байланысты қызметтерге сұраныс болуы ықтимал.

Суперқосымшаларды дамыту үшін тағы бір маңызды фактор криптовалюта болады. Оған және онымен байланысты қызметтерге сұраныс өсуде, сондықтан тұрақты криптотранзакцияларды ұсынатын бірінші платформа пайдаланушылар арасында сұранысқа ие болады.

Ұялы байланыс операторлары M-Pesa мысалында көрсетілгендей, супер қосымшалар нарығының белсенді ойыншыларына айналуға қабілетті. Әдетте, ұялы оператордың мыңдаған сату нүктелері мен серіктестік пункттері бар, олар арқылы төлемдер мен аударымдар өтеді. Қазірдің өзінде телеком банктермен және финтех-стартаптармен ортақ экожүйе құрып, цифрлық әмияндарды, сақтандыруды және онлайн-несиелендіруді дамыту үшін күш біріктіріп, белсенді ынтымақтасуда. Қаржылық және коммуникациялық сервистердің бірігуі экономиканың біріккен секторларын қосымша өсу драйверлерімен қамтамасыз ете отырып, жаңа қосымшаларды дамыту үшін тамаша база бола алады.

Дегенмен, егер біз ұялы байланыс операторларының осы нарыққа жаппай шығатынын көрмесек те, ондағы бәсекелестік бәрібір күшейе түседі, бұл мобильді интернет-трафиктің одан әрі ұлғаюына кепілдік береді.

Дереккөз: Freedom Bank

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!