Финансист №4 (40) 2025

Телекомның айналасында

ТМД-дағы байланыс индустриясының әр саласындағы мамандар осы саланың жеткен жетістіктері, жаңа технологиялар мен болашағы туралы

Сарапшылар сөзі

Татьяна Сайфарова,

Қазақстандық клиенттік сервис сарапшылары қауымдастығының құрылтайшысы, «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз кеңесшісі

Менің ойымша, оператордың көзіне түспей, бірақ барынша пайдалы болу - сервистің жетілгендігінің басты көрсеткіші, Мен командама жиі айтамын: клиент біздің нақты не істегенімізді ұмытуы мүмкін, бірақ ол сол сәтте нені сезінгенін міндетті түрде есте сақтайды.

Жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай коммуникация платформалары контексті еске сақтап, жағдайға бейімделеді де, абонеттің оператормен қарым-қатынасын табиғи әрі “тірі” етеді. ЖИ-дің арқасында сервис бір мезгілде ақылды әрі эмпатиялық сипат алады. Бұл - технологияның адамнан алыстатпай, керісінше назарды адамға қайта бағыттайтын сирек жағдайы.

Менің сүйікті сөзім: «Ең үздік байланыс орталығы – мүлде жоқ орталық». Бұл кадрларды қысқарту туралы емес, керісінше клиентке көмек сұрамай тұрып-ақ қолдау көрсететін мінсіз бизнес-процестер жайлы. Бұл мақсаттарға бізге клиенттік байланыстардың бүкіл логикасын басқаратын, ниеттерді алдын ала болжайтын, жеке сценарийлерді құратын және адамды барлық жолда сүйемелдейтін ЖИ негізіндегі шешімдер мүмкіндік береді.

Бес жылдан кейін байланыс орталықтары клиенттік тәжірибенің интеллектуалды хабтарына айналады. Сервис дауысқа негізделген, эмоцияға сезімтал және шын мәнінде дербестендірілген болады. Менің сенімімше, басты серпіліс – жаңа мәдениет: байланыс операторы абоненттің қажеттілігін алдын ала сезетін цифрлық серіктеске айналады. Сол кезде ғана: байланыс орталығы жоқ, бірақ клиент риза деп айта аламыз.

 

Денис Кусков,

TelecomDaily АА бас директоры

2028 жылы жоспарланған төмен орбиталық спутниктік топтаманы іске қосқаннан кейін цифрлық теңсіздік мәселелері толық шешілуі тиіс. Бұған ЖИ шешімдерінің кеңінен қолданылуы және 5G желілерінің таралуы да ықпал етеді.

Телеком индустриясына импорттық жабдықты отандық талаптарға бейімдеу және мүмкіндіктерін арттыру қажет. Бұл үшін субсидиялау тетігі қарастырылуы мүмкін.

Саланың басым міндеттерінің бірі – адамды алмастыра алатын салаларда роботтарды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта M2M (құрылғылар арасындағы деректер алмасу) механизмі жолға қойылып жатыр: SIM-карталар, датчиктер және басқа да элементтер орнатылады. Алдағы бірнеше жылдағы негізгі даму бағыты – «ақылды қала»: бейнебақылау камералары, сондай-ақ бейнесараптама және бет-әлпетті тану жүйелері.

Телекоммуникациялық шешімдер медициналық технологиялар мен көлік саласына еніп жатыр, бірақ әзірге заңнамалық олқылықтар бар. Мысалы, денсаулық сақтау саласында онлайн-консультация мүмкіндіктері толық реттелмеген. Қоғамдық көлікке арналған қосымшалар қала тұрғындарына автобустар мен троллейбустардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Трафикті бақылау – «ақылды қала» жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі, ол қозғалыс маршруттарын жоспарлауға және уақытты үнемдеуге жағдай жасайды.

 

Леонид Коник,

ComNews бас директоры, бас редакторы

Соңғы жылдары жердегі байланыс технологиялары тоқырауға ұшырады, тек деректерді беру жылдамдығын арттыруда ғана айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Ал спутниктік және ұялы желілердің өзара кірігу үрдісі қарқынды дамып келеді. Жақын арада смартфон мен төмен орбитадағы спутник арасында тікелей байланыс қызметі (Direct-to-Device, D2D) пайда болатын күн алыс емес.

5G желілері табысты жобаға айнала алмады: операторлар қосымша табыс көрмей, осы байланыс стандартына көшу үшін үлкен шығынға батуда. Деректерді беру кезіндегі кідірісті азайтуға және көптеген құрылғыларды қызметпен қамтуға мүдделі корпорациялар ғана серпіліс жасай алар еді. Алайда пайдаланушы сценарийлерінің аздығы және бұл функциялардың баяу енгізілуі 5G желілерінің B2B секторында да дамуына мүмкіндік бермеді.

Де-факто телеком тік нарықтан көлденеңге, цифрлық іргетасқа айналды. Базалық инфрақұрылымсыз телемедицина да, онлайн-білім беру де, ақылды көлік те, роботтандырылған зауыттар да, бейнебақылау да дамымайды. Деректерді цифрлық түрде жеткізуді тек тұрақты, сымсыз, ұялы және спутниктік байланыс желілері қамтамасыз ете алады. Бұл желілердің операторлары аталған салалардың пайдасын бөлісуге мүмкіндік беретін бизнес-модельдерді әлі табуы тиіс. Егер телеком-компаниялар өзге трафик өтетін «құбырға» айналса, олар не банкротқа ұшырайды, не бигтех өкілдері немесе ірі контент-провайдерлер тарапынан жұтылып кетеді.

 

Эльдар Муртазин,

Mobile Research Group жетекші сарапшысы

Жаһандық контексте телеком-индустрияның басым бағыты автопилотты көлік жүйелері, ақылды қалалар және басқа да жаңа сервистер болып отыр. Бұл – бизнестің міндеті, себебі мемлекеттер бұл салаларға инвестиция жасай алмайды. Ресейге келсек, мұнда қызметтердің құнсыздануы мен баға соғыстары қосылады. Бүгінде елдегі байланыс құны әлемдегі ең төмен деңгейлердің бірі, сонымен қатар сапасы жеткілікті жоғары. Қалыптасқан қауіпсіздік талаптары жаңа ережелерді енгізіп отыр, нәтижесінде операторлар желілерді дамытуға инвестиция жасай алмайды. Бұл – қазіргі таңда негізгі проблема.

АИ алгоритмдері мен осы технологияның басқа да мүмкіндіктері желілерді интеллектуалды етіп баптауға көмектеседі. Бүгінде бұл технологияларсыз бүкіл телекоммуникациялық инфрақұрылымның өмір сүруі мүмкін емес.

Ресей үшін спутниктік байланыстың дамуы ерекше мәнге ие, себебі ел халқының шамамен 7%-ы сымды интернетті енгізу мүмкін болмайтын қиын қолжетімді аймақтарда тұрады. Алайда төмен орбиталық спутниктер жобасын жүзеге асыру да экономикалық тұрғыдан қымбат. Қорғаныс ведомстволарының қаржыландыруға қатысуынсыз (мысалы, Starlink негізінен әскери мақсатта қолданылады) бұл жоба рентабельді болмайды.

Телекомның цифрлануы түсінікті сценарий бойынша жүріп жатыр. Үлкен деректерді (big data) түрлі жолдармен сатуға болады. Бүгінде байланыс операторлары деректер операторларына да айналып, олардың көмегімен әртүрлі қызметтерді ілгерілетуде. Перспективалы бағыттардың бірі – әзірге тек жекелеген элементтер деңгейінде жүзеге асырылған ақылды қалаларды дамыту.

 

Константин Аушев,

KPMG Кавказ және Орталық Азиядағы Технологиялық тәжірибе жетекшісі, серіктесі

Телеком-сектор технологиялық саламен тығыз байланысты: бірінің дамуы екіншісіне бірден серпін береді. Дәл байланыс индустриясында келесі буын желілерінің жұмыс істеу негізі болып табылатын жасанды интеллект бойынша ең нәтижелі кейстердің жүзеге асуын күтуге болады. ЖИ жобаларын іске асыру үшін байланыс операторларының қолында бар үлкен көлемдегі ақпарат қажет. Телеком мен ритейлдегі шешім қабылдаушы субъектілер оған сенім білдіреді: жүргізген сауалнамамызға қатысқан басшылардың 52%-ы мұны растады, әлем бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен шамамен 30%.

Бизнес-модельдер мен ұсынылатын қызметтер тұрғысынан алғанда, Everything-as-a-Service (XaaS)* үлгісі бойынша көрсетілетін сервистер желісінің одан әрі кеңеюін күтуге болады, оның ішінде халықаралық және жергілікті ІТ-компаниялармен, технологиялық алыптармен кооперацияда. Қазақстанда және көршілес елдерде Beeline Kazakhstan мен QazCode сияқты кейстерді көруіміз ықтимал, мұнда телекоммуникациялық компаниялар қосымша бизнес түрлерін бөлек заңды тұлғалар ретінде шығарады.

*Интернет арқылы жазылым үлгісімен кең ауқымды ІТ-қызметтерді ұсыну

KPMG зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы кәсіпорындардың ЖИ енгізуге дайындығы бойынша респонденттердің 49%-ы негізгі проблемалардың қатарына білікті кадрлардың жетіспеушілігін қосты, ал 44%-ы тиісті бизнес-кейстерді стандартты бағалау мүмкін еместігін және соның салдарынан бұл салада ұзақ мерзімді стратегияның жоқтығын атап өтті.

Тәуекелдер мәселесіне келсек, саланың компаниялары кейде инфрақұрылымға инвестицияны кейінге қалдыруға мәжбүр болады, бұл көбінесе олардың осалдық деңгейін арттырады және қызмет сапасына кері әсер етеді. Сондықтан қаржылық сектормен қатар телеком саласы киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерді енгізуде көшбасшы болады.

 

Константин Акилов,

«ТМТ-Консалтинг» агенттігінің басшысы

Бүгінгі таңда телекомның негізгі міндеті – желілер арасында байқалмайтын ауысумен барлық жерде үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мұны сымды, мобильді және спутниктік технологияларды біріктіру арқылы жүзеге асыруға болады.

Жаңа байланыс форматтарына инвестиция сөзсіз орынды болғанымен, әлем 5G және 6G мүмкіндіктерін неғұрлым байыпты бағалауға қарай бет алуда. Біз әдемі кейстерді көріп отырмыз, бірақ шындық мынада: негізгі табыс әлі де 4G негізінде іске асырылған қарапайым сервистерден түсіп жатыр.

Бесінші және алтыншы буын желілері енгізілген сайын жаппай пилотсыз көліктің пайда болуы біздің сапарларға деген көзқарасымызды айтарлықтай өзгертеді және бір мезгілде ақпараттық жүйелерді қорғаудың ең жоғары деңгейін талап етеді. M2M құрылғыларының таралуы қалалық ортаны және тұрмысты барынша икемді басқаруға мүмкіндік беріп, жайлылық деңгейін арттырады және жалпы өмір сапасын жақсартады.

Телемедицина Ресейдің іс жүзіндегі барлық өңірлерінде үйреншікті шындыққа айналды. Дегенмен, қамтуды және сервистердің қолжетімділігін арттыру жолы, ең алдымен қашықтан кеңес беру сияқты қарапайым қызметтер бойынша, әлі толық аяқталған жоқ. Телеком медициналық карталарды цифрландыруда (бұл процесс бұрыннан жүріп жатыр, типтік шешімдер бар), диагностикада, емдеуде, тіпті хирургияда да көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды буын болып қала береді. Алайда бұл көбіне роботтандыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мен жетілдіру мәселесі.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!