Финансист №4 (40) 2025

Хроника

Freedom Holding Corp. тынысы: негізгі оқиғалар дайджесті

Хроника

Freedom Holding І-ші жартыжылдықта миллиардтаған түсім алды

Қаржы жылының басы Freedom Holding Corp. (FRHC) үшін нәтижелі жыл болды. Алғашқы алты айда (2025 жылдың сәуірқыркүйегі) холдингтің түсімі $1,06 млрд.құрады. Таза табысы $69,1 млн-ға жетті, ал акцияға кірісі — $1,15. Активтердің жалпы көлемі – $10,3 млрд. Бұл цифрлар – экосистеманың тұрақты жұмыс істейтіні, ал негізгі бағыттардың өсіп отырғандығын білдіреді.

Әлемдік деңгейдегі инвестициялық қорлар Freedom Holding Corp.-да өзінің үлесін арттырды

III-ші тоқсанда ірі инвестициялық компания BlackRock 25 мың қағаздай сатып алып, өзінің үлесін құны $74,85 млн тұратын 545 060 акцияға жеткізді; ол активтерінің көлемі бойынша Тимур Турловтан кейін екінші орында. Morgan Stanley қаржы холдингі пакетін 195 890 акцияға дейін жеткізді, ал америкалық инвестбанк J.P. Morgan Chase & Co салымдарын үш есеге көбейтіп, 76 070 қағазға жетті. Бұл Freedom Holding Corp. жахандық нарықтың белгілі ойыншысына айнала бастағанын растайды.

Freedom Telecom Қазақстандағы жетінші буынның Wi-Fi желілерін дамыту үшін халықаралық марапатқа ие болды

GITEX көрмесінде 2025 жылы Дубайда Freedom Telecom Wi-Fi 7 Pioneer Award премиясына ие болды. Компания из экосистемы Freedom экожүйесінің компаниясы елімізде келесі буынның байланыс инфрақұрылымын құра отырып, жаңа технологияны енгізіп, оның аумағын кеңейтуде. Мұны әлемдегі ең ірі техникалық мамандар қауымдастығы — IEEE сыйлығы растады.

Freedom Bank шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және клиенттердің қаражатын қорғау үшін халықаралық марапатқа ие болды

Дубайдағы EDGE форумындағы Mastercard Freedom Bank-ті Орталық Азиядағы «Шағын және орта бизнестің драйвері» деп атады. Банк тағы бір марапатты Қазақстан Ұлттық банкінің антифрод-орталығы алаяқтық жағдайда клиенттердің қаражаттарын қайтарудағы үздік нәтижелері үшін алды. Банк реакцияның жоғары жылдамдығын, процестердің тиімділігін және елдің барлық қаржы мекемелері арасында табысты қайтарылған қаражаттың ең жоғары үлесін көрсетті.

Freedom Holding Corp.әлеуметтік және экологиялық жобаларға $50 млн-ға дейін үлесін арттырды

2025 жылға ESG-есептілігі нәтижелері бойынша Freedom әлеуметтік және экологиялық бастамаларына $50 млн астам (27,8 млрд тенге) қаржы жұмсады. Бұл қаражаттар QJ Leaguе шахмат және жасөспірімдік футбол лигасын дамытуға, білім беру саласындағы жобаларға, креативтік индустрияға қолдау жасады. Арал теңізін және жасыл энергетиканы сақтау бойынша бағдарламалар мен, су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін қайырымдылық жобалары алды.

Freedom Bank Грузия мен Тәжікстанның нарығына шығады

Банк Тәжікстанда жұмыс істеуге және Грузиядағы еншілес банкін ашуға лицензия алды. Freedom қазірдің өзінде 21 елде жұмыс істейді, және компанияның даму мақсаты бұрынғыдай болып қала бермек, яғни әлемнің кез-келген нүктесінен қаржыға және инвестицияларға ыңғайлы әрі жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Фото: Freedom Holding Corp баспасөз қызметі

Freedom Holding Қазақстанда OpenAI және NVIDIA-мен бірге ұлттық AI-экожүйесін құруға $2 млрд астам қаражат бөледі

Орталық Азия мен АҚШ мемлекет басшыларының Вашингтонда өткен С5+1 саммиті барысында холдинг әлемдік техногиганттармен екі келісімге қол қойды. NVIDIA-мен және республиканың Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен жасалған алғашқы келісім Freedom Holding Қазақстанда озық АИ-чиптерді сатып алу мен пайдалану және ірі АИ-кластер құру үшін $2 млрд бөледі деп болжайды. Екіншісі OpenAI және Қазақстан үкіметімен ChatGPT Edu базасында елдің білім беру жүйесін дамытуға арналған бағдарламаны іске қосу бойынша стратегиялық әріптестікті көздейді.

Тимур Турлов «Транстелеком» компаниясын сатып алады

Freedom Holding негізін қалаушы қазақстандық телекоммуникациялық компанияны сатып алу жөніндегі мәмілені бастады. Мәміленің негізгі параметрлері бойынша келісімге қол жеткізілді, холдингте реттеушінің мақұлдауы күтілуде.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!