Финансист №4 (40) 2025
Номердің қонағы. Wylsacom
«Адамдар виртуалды Парижде көзілдірікпен отыруға емес, шынайы қарым-қатынасқа ұмтылады»
Wylsacom техноблогері, яғни Валентин Петухов, болашақта қандай гаджеттер танымал болатыны, жасанды интеллект жасаған контенттің қаншалықты қауіпті екені, интернетке тәуелділік қалай пайда болатыны және неге бәріне кейде цифрлық детокс қажет екені туралы айтты

Фотографтар: Рита және Антон Смирновтар. Стилист: Наталья Носкова
Сізді қай уақыттан бастап көшеде тани бастады?
Алғаш рет сауда орталығында, сол кезде мен: Әйтеуір, таныды-ау! – деп ойлағам. Бірақ қатты қателескенімді кейін түсіндім, өйткені бұл менің жеке өмірімнің аяқталуының бастамасы еді. Бұл үнемі қайталанып отырса, қиын. Дегенмен, мен бәрімен суретке түсіп, сөйлесемін.
Қазір техноблогердің кәсібіндегі ең қиын нәрсе не?
Форматтан шаршау. Барлық назарды өзіне аударатын санаулы оқиғалар қалды, мысалы, жаңа iPhone-ның шығуы. Ал жалпы телефон функционалдық тұрғыдан күнделікті қолданылатын, барынша қарапайым нәрсе – микротолқынды пештің баламасына айналды. Адам кешкі асқа отырғанда: “микротолқынды пештер әлемінде не жаңалық бар екен?” – деп ойламайды ғой. Осыны ескере отырып, форматты өзгерту, тәсілді қайта қарау қажет.
Соңғы жылдары телеком саласы туралы түсінігіңіз қалай өзгерді?
Нарық шектеулі, бүгінде бәрінде сим-карта бар, ал жаңа пайдаланушыларды қайда табуға болатыны түсініксіз. Провайдерлер оларды басқа жолдармен монетизациялауға тырысуда: стримингтер, брондау қызметтері, подкасттар. Бұл бағыттар қазір өте қызықты дамып келеді.
Жаңа iPhone күткен сенімді ақтады ма?
Жоқ. Инвесторлар «вау-эффектті» күтті, бірақ ол болған жоқ. Әдеттегідей, презентациядан кейін Apple акциялары сәл төмендеді. Келесі жылы, сыбысқа қарағанда, Тим Кук компаниядан кетеді, бұл нарық үшін үлкен күйзеліс болмақ. Дегенмен, корпорация ауқымды ресурстар салмаса да, әлемдегі ең көп сатылатын құрылғыларды ең жоғары маржамен шығарып отыр.
Контентті нейрогенерациялауға қалай қарайсыз?
Бір жағынан бұл еркіндік пен креативтілікті арттырады. Екінші жағынан, сен оның катастрофалық салдарын байқаймын, әсіресе басқа адамдардың бейне контентің имитациялау. OpenAI негізін қалаушы Сэм Альтман TikTok-тың нейробаламасын жасағысы келетінін айтқан еді – яғни, барлық контентті жасанды интеллект генерациялайтын әлеуметтік желі. Бастапқыда бұл маған ақымақтық болып көрінді, бірақ кейін ойладым: егер біз адам жасаған контент пен нейроконтентті бөліп көрсек, жаман емес. Оның үстіне, нейрожелінің жасағанын көрсететін цифрлық белгі міндетті болуы керек.
Авто, камера, дрон және басқа салалардағы технологиялардың дамуына қандай құрылғылар түрткі болып жатыр?
Нейрожелілер көптеген саланы ілгерілетті; автопилоттар да, компьютерлік көру де. Технологиялар соншалықты жылдам жаңарып жатыр, инженерлер үлгермей қалады. 2020 жылғы қашықтықтан жұмыс кезеңі ізсіз өткен жоқ, біз әлі күнге дейін сол оқиғаның салдарын көріп отырмыз. Көптеген процестер қайта құрылды. Ал биылғы шығуы тиіс релиздер енді бірнеше жылдан кейін ғана жүзеге асады. Тағы бір өзгеріс – адамдар машиналарға iPhone сияқты қарай бастады, оларды да жыл сайын жаңартқысы келеді. Мұны Қытай өте тиімді пайдаланып отыр.
Интернеттің болмай қалуы жұмыс күніне кедергі келтірген жағдай болды ма?
Иә, әрине. Жалпы, интернеттің мүлде болмауы нашар интернеттен ауыр емес. Біздің студияда кейде электр жарығы өшіп қалды, сондықтан біз автономдылықты арттырдық және тәуліктеп өз генераторымызбен жұмыс істей аламыз.
Қандай елдер мен қалалар сізді технологиялық тұрғыдан таң қалдырды?
Қытай мені таңқалдырды: электромобильдер барлық жерде, көліктердің шуылы жоқ. Ал Токио көңілімді қалдырды, өйткені мен Жапонияда барлық жерде роботтар бар деп ойлап барған едім. Жоғары технологиялар бар, бірақ өте ескі дүниелер де кездеседі. АҚШ-та қаржылық өмір де көңілімнен шықпады. Apple Pay-дің таныстырылымында мен сонымен төлем жасағым келді, бірақ кассир маған таңырқай қарады. 2019 жылы америкалықтар Starbucks-те кофе сатып алғаны туралы телефонға келген хабарламаға қатты қуанды. Мен қарап тұрып ойладым: бізде – Ресейде де, Қазақстанда да – бұл баяғыдан бар ғой.
Пайдаланушылардың таңдауына шолу әсер ететіні үшін өзіңізді жауапты сезінесіз бе?
Бұл тұрғыда бізде сыни тұрғыда ойлайтын адамдар жеткілікті. Дегенмен, қазір алаяқтық схемалардың жаппай таралуы байқалады, адамдар ақшасын кез келгенге бере салады. Бірақ біз бірдеңені жарнамаласақ та, ол өнім ақшасына лайықты екеніне сенімдіміз.
Цифрлық гигиенаның алтын ережесі бар?
Екі факторлы тексеру, парольді жиі ауыстыру. Қазіргі барузерлер мен қосымшалар ескертеді. «Сіздің пароліңіз ұрланған базада бар, ауыстырыңыз. Адамдар “А-а” деп ойлайды да, әрі қарай өмір сүре береді. Барлық сервистерге бірдей пароль қолдануға болмайды, Міндетті түрде резервтік көшірме жасау қажет, себебі қазіргі жағдайда телефон жоғалту мың есе жеңіл, ал оның ішіндегі деректерден айырылу әлдеқайда ауыр.

Сіздің өміріңізді ең қатты өзгерткен технологиялар қандай?
Интернет және смартфон. Выход в 2007 жылы iPhone-ның шығуы және бір жылдан кейін AppStore-дың пайда болуы ең маңызды оқиғалар болды, өйткені сол кезден бастап тамақ жеткізу қызметтері мен мобильді банктер сияқты сервистер пайда бола бастады.
Технологиялық серпіліс пен жай ғана цифрлық ойыншықтың айырмасын қалай түсінесіз?
Мен сенген көптеген нәрселер іске аспады. Мысалы, 360 градусқа шолу жасайтын панорамалық камералар. Бұл қызық болады деп ойладым, бірақ адамдар сол құрылғыны айналдыруға ерінетін болып шықты. Кейін VR -технологиялар да, қазіргі теледидарлар да айтарлықтай инновация әкелмеді.
Көбіне ненің өтімді болатынын, немесе болмайтынын болжау қиын. Нейрожелілерге деген трендті мен бірден түсінген жоқпын. Сондай-ақ, тұтынушылар нарығына енуге тырысқан, бірақ өтпеген нәрселер бар, мысалы 3D-басып шығару. Қазір бұл өте қымбат бизнес, ал сапалы принтер қомақты қаржы тұрады. Бұл техниканы адамдар өздері сатып алмайды, керісінше, ондай құрылғысы бар компанияларға жүгінеді; осылайша бұл қызмет B2C сегментіне енді.
Кейбір нәрселер, керісінше, жаппай таралды. Бірақ соңғы 20 жылда біздің санамызды түбегейлі өзгерткен суперсерпінді технологиялар болған жоқ. Оның үстіне, 2020 жылы адамдар оқшаулаудан шыққанда, олардың бір-бірімен араласқысы келетіні, ал виртуалды Парижде көзілдірік киіп отыруды қаламайтыны анықталды.
Технология саласындағы біліміңізді жеке инвестиция үшін қолданасыз ба?
Мен Apple акционерімін. Бір кезде биткоинды $3 мың доллардан сатып алғанмын. Банктер мен брокерлер жарнама үшін маған жүгінді, бірақ өзім қолданбайтын нәрсені сатқым келмеді, сондықтан бюджет бөліп, инвестиция жасадым. Бір кездері бізге жарнама берген компаниялардың акцияларын сатып алатынмын, бірақ түзету кезінде жалпы құлдырауға тап болдым. Бүгінгі таңда менің портфелім, шындықты айтсам, сол кездегі сомадан 50%-ға төмен.
Инвестиция бастағысы келетін адамға қандай кеңес бересіз?
Ең алдымен теорияны үйрену керек. Білімі терең адамдардың тәжірибесін қарау қажет. Әрине, Apple акциясын сатып алуға болады – сол сәтте ұтылмайсыз, бірақ бұл инвестициялық стартегия емес. Бақытымызға орай, бүгінде оқытуға арналған өнімдер өте көп, бірақ бұл жерде де минус бар: жалған мамандар да жетерлік, олардан сақ болу керек.
2030 жылға дейінгі өзгерістердің басты қозғаушы технологиясы қандай болады?
Сэм Альтман мен Apple-дің бұрынғы дизайнері Джонни Айв 2026 жылы бәрін төңкеретін құрылғыны шығарамыз деп уәде беріп отыр. Менің ойымша, бұл нейроорталық технология болады: кулон немесе көзілдірік, оның көмегімен біз нейрожелімен үнемі байланыста боламыз. Тер қарқын алып келеді, онымен бірге роботтар, импланттар, экзоскелеттер де дамуда. Бірақ мұның бәрі үлкен энергия шығынын талап етеді. Сондықтан, қазір бізге ең қажет нәрсе – желіге тұрақты қосылуды қамтамасыз ететін аккумулятор технологиясындағы серпіліс. Бірақ бұл қауіпті жол: кез келген қателік тұтану қаупін тудырады. Сонымен қатар, жаңа мамандықтар пайда болады, өйткені осы процестерді бақылап отыратын адамдар қажет болады.
Цифрлық әлемнен шаршау сезімі бар ма?
Әрине, бар. Мен цифрлық детоксты тәжірибеге енгіздім, демалыс күндері жұмыс істемейтін болдым. Балаларымызға бұл жеңілірек болады деп сенемін. Бұрын олар таңнен кешке дейін компьютерде отырады деп қорқатынбыз. Бірақ олар әлемді мүлде басқаша қабылдайды. Мысалы, менің балаларым шынайы ойын-сауыққа қызығады, орманда жүгіргенді ұнатады. Бұл адамзат ретінде біз сәттік өмірде жоғалып кетпейміз деген көңілге үміт сыйлайды.
