Финансист №4 (40) 2025

Турал Алиев

Турал Алиев

Freedom Finance Global кіші талдаушысы

Эфирдің бағасы

Радиожиіліктердің құны телекоммуникация нарығына қалай әсер етеді

Тәжірибеде

Радиожиіліктердің құнын қайта бағалау – телеком тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі болды. Соңғы 30 жылда мобильді байланыс таңдаулыларға арналған қызметтен баршаға қол жетімді сервиске айналды. Алайда эфир диапазондары бұрын да қазір де тапшылық ресурс болып қала береді, және компаниялар бұл үшін ондаған миллиард доллар төлеуге дайын.

Техниканың шаруасы

Ұялы байланыс желісін іске қосу үшін операторға тек мұнара, антенна мен коммутатор жеткіліксіз – провайдерге бекітілген жиілілік диапазоны да қажет. Жаппай мобильді байланысқа жарамды жиіліктер саны шектеулі. Сондықтан, телеком компаниялары кең қамту мен деректерді жеткілікті жылдамдықпен беретін диапазондар үшін бәсекеге түседі. Әр жаңа байланыс буыны спектрдің жаңа бөлігін талап етеді: 2G бір жолақтарда жұмыс істесе, 3G және 4G – басқа диапазондарда, ал 5G үшін мүлде жаңа спектр бөлінді.

2000-жылдардағы мобильді байланыстың қарқынды дамуы радиожиіліктерді компаниялар балансындағы ең қымбат материалдық емес активтердің біріне айналдырды. Оларды бөлуге арналған аукциондар мемлекеттік бюджетке миллиардтаған кіріс әкеліп, солармен бірге операторларды қарыз дағдарысына ұрындырды.

Жиілікке сұраныс

2000 жылы 3G желісін іске қосуға арналған алғашқы аукциондар нарықтың «әуе кеңістігін» қаншалықты жоғары бағалауға дайын екенін көрсетті. Сол кезде Ұлыбритания үкіметі жиіліктерді сатудан £22,5 млрд табыс тапса, Германия – €50,8 млрд тапты.

Бизнес бұл шығындарды тез арада өтеп, қызметтерден түсетін кірісті арттыруға үміттенді.

Алайда, шындық басқаша болды. Неміс операторлары E-Plus және VIAG Interkom аукционда жеңіске жеткеннен кейін бір жыл өтпей-ақ банкротқа ұшырады. Олардың табысы несиелерді оңай жабуға жеткілікті деңгейге дейін көтеріле алмады. Бұл тәжірибе радиожиілікті сатып алу тек өсім нүктесі ғана емес, сонымен қатар дағдарыс себебі болатынын көрсетті.

Жоғары табысты елдерде халықтың 84%-ға дейінгі бөлігі 5G желісіне қосылған, ал табысы төмен аймақтарда бұл көрсеткіш небәрі 4%-ды құрайды

Екі онжылдық өткен соң бұл оқиға АҚШ-та орын алды. 2021 жылы 5G желілері үшін диапазонды сату бойынша әлемдегі ірі аукцион өтті. Қатысушылардың ұсынған жиынтық көлемі $81 млрд-тан асты. Жиіліктердің негізгі көлемі американдық телеком көшбасшысыларына тиесілі болды: Verizon (VZ) және AT&T (T). Бұл компаниялар жаңа форматтағы желілерді өрістету есебінен радиожиілік құралдарын сатып алуға жұмсалған қаражатты тезірек қайтаруды жоспарлады. Бірақ ол күтулер ақталмады: борыштық жүктемесін күшейту себебінен операторлардың табысы құлдырады. Компанияларға өздерінің инвестициялық бағдарламаларын қайта қарастыруға тура келді, ол олардың акцияларының құнын төмендетуге алып келді.

*1% өзге байланыс технологияларына келеді. Дереккөз: itu.int

Салқындату кезеңі

2024–2025 жылдары телеком біртіндеп радиожиіліктерге прагматикалық көзқарасқа көшті. Операторлар инвестицияның қайтарымдылығын бағалау және қарыз жүктемесінің бизнеске әсерін есептеуде әлдеқайда сақ бола бастады.

Польшадағы 2025 жылғы аукционда ауылдық және қала маңы байланысына арналған жиілік диапазондарының соңғы сату бағасы бастапқыдан небәрі 3,6%-ға ғана жоғары болды. Ал он жыл бұрын сауда барысында баға ондаған пайызға өсетін. Шығындарға мұқият қарау жергілікті операторларға қаржылық тұрақтылықты сақтап, даму үшін инвестициялық ресурстар қалдыруға мүмкіндік берді.

Үндістан мысалы одан да айқын. 2025 жылы мұнда аукционға шамамен 962 млрд рупий (~11 млрд доллар) көлеміндегі спектр қойылды, бірақ нәтижесінде бар болғаны 113 млрд рупий (~1,25 млрд доллар) ғана түсті. Жергілікті операторлар алыс болашақтағы күмәнді пайда үшін қарызға батпау мақсатында жиіліктердің басым бөлігін әдейі сатып алмады.

Айтпақшы, Халықаралық мобильді байланыс жабдықтары жеткізушілер қауымдастығының (GSA) деректері бойынша, 2024 жылы 5G желісіне арналған диапазондардың орташа бағасы 2021 жылғы ең жоғары деңгейден сегіз есе төмен болды. Радиоэфир енді алыпсатарлық нысаны болудан қалды.

Рационалдық кезеңі

2000-жылдардың басында жиіліктерді бөлуге арналған аукциондардан мемлекеттік бюджеттер орасан біржолғы кіріс алса, бірнеше жылдан кейін көптеген елдердің үкіметтері бұл жағдайдың екінші қырын көрді. Қарызға белшесінен батқан операторлар инвестицияны қысқартып, желілерді жаңғыртуды кейінге қалдырып, абоненттер үшін тарифтерді көтере бастады. Нәтижесінде бұл нарықтағы ойын ережелері түбегейлі өзгерді.

Енді мемлекеттер радиожиіліктердің құнын бақылауда ұстайды. Ол үшін аукцион шарттарына инфрақұрылымды дамыту және мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыру талаптары енгізілді. Мысалы, Польшада жаңа жиілік диапазондарын алған операторлар 2027 жылға дейін елдің 90%-ын 5G желісімен қамтуға міндетті. Ал Франция мен Чехияда аз табысты өңірлерде желі салуға жұмсалатын шығындарды ішінара өтейтін субсидиялар мен бірлескен қаржыландыру тетіктері қолданылады. Алдағы АҚШ-тағы жиіліктерді бөлу аукционында түсетін қаражаттың бір бөлігі желілерді жаңғыртуға және ұлттық Rip and Replace бағдарламасы аясында қытайлық жабдықты ауыстыруға бағытталады. Мұндай тәсіл жаңа модельді қалыптастырады: басымдық ең жоғары бағаға емес, пайдаланушылар мен ұлттық инфрақұрылым үшін түпкілікті нәтижеге ауысты.

Ұялы интернет ең қымбат деп есептелетін Швейцарияда ұялы 1 Гб трафиктің орташа құны $7,29 тұрады

Гигабайт қанша тұрады

Радиожиіліктердің құнына қатысты кез келген шешім ақыр соңында абоненттік тарифтерге әсер етеді. Бәсекелестік жоғары елдерде операторлар шығындарын тұтынушыға толық жүктемеуге тырысады: желілерді оңтайландырады, инфрақұрылымды ортақ пайдаланады, мұнара салуда бірлескен жобаларды іске асырады. Ал қатысушылар саны аз нарықтарда шығындар көбіне абоненттердің мойнына түседі, бірақ бұл әдетте тарифтердің біртіндеп өсуі түрінде болады.

Тарифтер баяу өсетін елдерде де қымбат аукциондардың салдарын әр пайдаланушы сезінеді. Лицензия үшін жоғары төлемдер жаңа технологияларды енгізуді тежейді: операторлар 5G іске қосуды немесе қамтуды кеңейтуді кейінге қалдырады, ескі стандарттарды ұзақ пайдаланады, жабдықты сирек жаңартады.

Спектр құнының төмендеуі керісінше нәтиже береді. Еуропада 2024 жылы байланыс тарифтері 2%-дан аз өсті, ал операторлардың инфрақұрылымға инвестиция көлемі шамамен 10%-ға артты. Мемлекеттік реттеушілер телекомдардың баға саясатын қатаң бақылауда ұстайды. Сонымен қатар салаға салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген несие алу және бірлескен инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Фото: ашық дереккөздер

Жаңа цикл: 6G

Алда жаңа кезең – 6G стандартына көшу. Халықаралық электрбайланыс одағының (МСЭ) IMT-2030 жол картасына және жабдық өндірушілердің болжамдарына сүйенген салалық бағалауларға сәйкес, алғашқы коммерциялық 6G шешімдері шамамен 2030 жылға қарай пайда болады. Жаңа форматтағы байланыс бойынша жүргізілген тесттер деректерді шамамен 100 метр қашықтықта 100 Гбит/с жылдамдықпен жеткізуді көрсетіп отыр. Салыстыру үшін: 5G-дің шекті көрсеткіші шамамен 5 Гбит/с.

6G желілерін енгізу үшін жаңа радиожиіліктерді (7–15 ГГц диапазонында) бөлу қажет болады. Бұл спектрді қайта бөлу бойынша жаңа циклді бастайды. Бірақ «қымбат эфир» дәуіріндегі ережелерден өзгеше талаптар күтілуде: рекордтық бағалар орнына инфрақұрылымды жедел енгізу міндеттемелері алға шығады. Алдағы аукцион жеңімпаздары жиілік портфелін басқа активтер сияқты басқарып, үлестерді, мерзімдерді, кірістілікті және қарыз жүктемесін оңтайландыра алады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!