Финансист №4 (40) 2025

Наталья Мильчакова
Freedom Finance Global жетекші талдаушысы
Байланыс саласы жасыл энергияға бет алуда
Неліктен телекоммуникация саласы жаңартылған энергияны тұтынуда көшбасшыға айналды
2024 жылы халықаралық консалтингтік McKinsey тобы телекоммуникациялық басшылар арасында сауалнама жүргізді. Қатысушылардың 77%-ы энергия ресурстары бағасының тұрақсыздығын ең маңызды мәселе деп атады. Сонымен қатар, респонденттердің 94%-ы электр энергиясының қымбаттағанын, ал 63%-ы бұл үрдіс жалғасады деп болжады. Осындай жағдайда байланыс индустриясы баламалы энергетика мүмкіндіктеріне барған сайын көбірек назар аударып отыр.
Терабайттарға тераваттар
Халықаралық электр байланысы (ITU) мәліметтері бойынша, 2024 жылы кең жолақты интернетке 5,5 млрд пайдаланушы қосылған, бұл Жер халқының 68%-ын құрайды. Дүниежүзілік банк есептеуінше, табысы жоғары елдерде бұл көрсеткіш сол уақытта 93,4%-ға жеткен.
Желі ішінде жоғары жылдамдықты байланысты қолдау және дамыту үшін көп электр энергиясы қажет. Онсыз бұл коммуникациялардың жоғары өнімділігі мүмкін емес. Халықаралық энергетикалық агенттігінің статистикасы бойынша, 2024 жылы электрді жахандық пайдалану 4,3%-ға артты. Бұл динамиканы біршама дата-орталықтар қамтамасыз ететі. АҚШ-та 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі өндірілетін электр энергиясының 8–9%-ын ғана жұмсады. 2030 жылы осы үлестің өсуі 12%-ға дейін болжануда. Жалпы жахандық АТ-инфрақұрылымының басында 2 мың ТВт·сағ талап етілді, немесе әлемдегі пайдаланатын электр энергиясының 7% -ы.
Қуатты есептеу
Бүгінгі таңда АҚШ-та жаңартылған энергетика елдің жалпы энергобалансының 21% құрайды, ал ЕО және Қытайда бұл көрсеткіш 2024 жылдың қорытындысы бойынша 50%-дан асты.
Сонымен қатар, қазба энергия көздерінің бағасының өсуі және мемлекеттік қолдаудың арқасында баламалы генерациялайтын қуат көздері арқылы электр энергиясын өндіру дәстүрлі тәсілге қарағанда арзанырақ болады. АҚШ-та кәдімгі электр станцияларында өндірілген электр энергиясының киловатт-сағаты $0,13 болса, жел станцияларында бұл көрсеткіш $0,04, ал күн станцияларында небәрі $0,025 құрады. Сондықтан байланыс операторлары, деректер орталықтары және көптеген ІТ-компаниялар баламалы энергияны барынша пайдалануға ұмтылуы таңғаларлық емес.
АҚШ-тың жетекші телекоммуникациялық компанияларының бірі — Verizon (VZ) — 2023–2024 жылдары жалпы қуаты 3,6 гигаватт болатын жасыл электр станцияларынан энергия сатып алу жөнінде 28 келісімге қол қойды. 2024 жылы Verizon тұтынған электр энергиясының 34,4%-ы жаңартылатын көздерден өндірілді.
Телеком индустриясының тағы бір көшбасшысы — T-Mobile (TMUS) — жаңартылатын энергия өндіретін шағын стартаптарға белсенді түрде инвестиция салуда. Нәтижесінде, 2025 жыл басталғанға дейін компания тұтынатын энергияның 100%-ы жаңартылатын көздерден алынды. Сонымен қатар, ол өз абоненттерін электромобильдердегі автономды жүргізу жүйелеріне қосылумен қамтамасыз етеді.
2024 жылдың соңында БҰҰ жаңартылған көздердің үлесін жахандық электр энергиясын өндіруде 14,6% деп бағалады
Прогресс жолымен
Көптеген сарапшылар жақын болашақта жасыл энергетиканың дамуы баяулайды деп есептейді. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің экологиялық тіртібін ілгерілетуге қызығушылық танытпауы көптеген субсидиялардың жойылуына әкелуі мүмкін. Бұл электр эенергиясына тарифтердің өсуіне және телекоммникация операторларының жаңартылған энеергия жеткізушілерімен ынтымақтастықтан алатын пайдасының азаюына сбеп болады. Сонымен қатар, байланыс индустриясы біртіндеп бүкіл әлемде сұранысқа ие болып отырған энергия тиімділігі жоғары жабдықтарға қол жеткізе бастады.
Дегенмен, дәстүрлі көздердің өнімділігін арттыру да, Ақ үйдің Трамп тұсындағы бұл саладағы консервативті саясатыда жасыл ауысуға бағытталған жахандық трендті толықтай өзгерте алмайтынын айтуға болады.