Инвестициялық шолу №342. Нәзік тепе-теңдік
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
FRHC акциялары Қазақстан биржаларында пайда болуы мүмкін
Халықаралық финтех-топ Freedom Holding Corp. (FRHC) өз жай акцияларын Қазақстанның қор нарығында орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Мұндай орналастыру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ол АҚШ аумағынан тыс жерде, 1933 жылғы Бағалы қағаздар туралы заңның S ережесіне (Regulation S) сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Осы хабарлама АҚШ-та бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға ұсыныс немесе шақыру болып табылмайды және солай ретінде қарастырылмауы тиіс. Жоғарыда аталған ықтимал орналастыру аясында ұсынылуы мүмкін бағалы қағаздар 1933 жылғы Бағалы қағаздар туралы заңға (бұдан әрі – «Бағалы қағаздар туралы заң») сәйкес тіркелмеген және тіркеусіз немесе тіркеу талаптарынан қолданылатын босату болмаған жағдайда АҚШ-та (немесе АҚШ тұлғаларына) ұсынылуы немесе сатылуы мүмкін емес.
Бұл хабарлама 1995 жылғы Бағалы қағаздар жөніндегі жеке талап-арыздар бойынша сот ісін реформалау туралы заңның мағынасында болжамдық мәлімдемелерді қамтиды. Әдетте мұндай мәлімдемелерді «мүмкін», «болады», «болуы мүмкін», «тиіс», «санайды», «күтіледі», «жоспарлайды», «бағалайды», «болжайды», «потенциалды», «ниетті», «мақсат», «болашақ» және осыған ұқсас сөздер арқылы тануға болады.
Бұл мәлімдемелерге, соның ішінде, жоғарыда аталған FRHC акцияларын ықтимал орналастыру туралы ақпарат та кіреді. Болжамдық мәлімдемелер ағымдағы күтілімдер мен болжамдарға негізделген және жағдайлардың өзгеруіне, сондай ақ нақты нәтижелердің болжамдық мәлімдемелерде көрсетілгендерден елеулі айырмашылықтарға әкелуі мүмкін бірқатар тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырайды.
Мұндай тәуекелдерге аталған ықтимал орналастыруға байланысты тәуекелдер, соның ішінде оның жүзеге аспау ықтималдығы немесе оның түпкілікті нәтижелері жатады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, FRHC жаңа ақпараттың алынуына, болашақ оқиғалардың орын алуына немесе өзге де себептерге байланысты осындай болжамдық мәлімдемелерді жаңарту бойынша ешқандай міндеттеме қабылдамайды.
Freedom Finance Global жекелеген ETF термен жасалған мәмілелер бойынша комиссияны қайтарады
Freedom Finance Global PLC компаниясы биылғы жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін клиенттеріне арналған акция өткізеді. Акция аясында ITSW.ITS және ITSS.ITS қорларымен жасалған мәмілелер бойынша комиссияның 25%-ын қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Ұсыныс ITS сауда алаңында жаһандық және исламдық қорларға инвестициялау кезінде компания клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қатысу шарты
Акцияның артықшылықтарын пайдалану үшін клиентке төмендегілер қажет:
- Freedom Finance Global PLC компаниясында әрекет етуші брокерлік шотының болуы
- Акция өткізу кезеңінде ITSW.ITS немесе ITSS.ITS қорларымен мәмілелер жасауы
Комиссиялар бойынша өтемақы ай сайын клиенттің брокерлік шотына аударылады. Төлем тәртібі мен мерзімдерін компания айқындайды. Акция мәмілелерге кететін шығындарды азайтуға және ыңғайлы әрі түсінікті ETF құралдары арқылы өсіп келе жатқан жаһандық нарықтарға тиімді инвестициялауға мүмкіндік береді.
ITSW және ITSS қорларын қалай сатып алуға болады
Қажет қорға сілтеме бойынша өтіңіз:
ITSW.ITS сатып алу
ITSS.ITS сатып алу
Сауда тапсырысын баптаңыз және жіберіңіз.
Маңызды: акция жеке немесе арнайы тарифі бар шоттарға қолданылмайды. Мәмілелерге Астана уақыты бойынша 10:00 ден 03:45 ке дейін қолжетімді.