Инвестициялық шолу №343. «Буллдардың» оралуы

Тимур Турлов

Тимур Турлов

CEO Freedom Holding Corp.

Мейнстримнен тысқары өзекті трендтер

Ең маңыздысы

Соңғы екі айда нарықтарға қысым жасап отырған геосаяси белгісіздікке, сондай ақ басталған есеп беру маусымына қарамастан, биржа қатысушылары ақпарат тапшылығын сезініп отырған жоқ. Осыған байланысты инвесторлардың көпшілігін бұрын алаңдатқан кейбір тақырыптар екінші қатарға ысырылды. Солардың бірі - өткен жылдың соңындағы негізгі сұрақтардың бірі болған ЖИ сегментінде «көпіршік» пайда болу қаупі. Қазір бұл мәселе ұмыт қалғандай көрінген. Алайда экологиялық аяқкиім өндірушісі ретінде танылған Allbirds (BIRD) компаниясының өзін ЖИ-инфрақұрылым провайдеріне айналдыру туралы мәлімдемесі бұл тақырыпты қайтадан назарға шығарды. Нарықтың реакциясы бірден болды: BIRD акциялары бір сессия ішінде $3-тен төмен деңгейден шарықтау шегінде $24-ке дейін көтеріліп, 876% өсім көрсетті. Эмитенттің нарықтық капитализациясы сейсенбі күні $21 млн болса, сәрсенбіде $148 млн-ға дейін артты. Егер компания акционерлері келесі айда бизнес трансформациясын мақұлдаса, эмитент $50 млн тартуды, атауын NewBirdAI деп өзгертуді және төмен кідірісті ЖИ есептеулеріне арналған жоғары өнімді жабдықты сатып алып, оны ұзақ мерзімді жалға берумен айналысуды жоспарлап отыр.

Алайда ЖИ-инфрақұрылымына $50 млн бөлу - теңізге тамған тамшы ғана. Мысалы, ЖИ үшін бұлтты есептеулер нарығындағы жетекшілердің бірі CoreWeave (CRWV) биыл қуаттылықты кеңейтуге дейін $35 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, яғни Allbirds көздеп отырған көлемнен 700 есе көп. Allbirds-тың қазіргі таңда бұл салада тәжірибесі де, клиенттік базасы да, технологиялық командасы да жоқ. Бар болғаны - жаңа атаудағы ЖИ туралы еске салу ғана. Ашық айтқанда, жоғары бәсекелі бұл нарыққа сәтті кіру үшін бұл жеткіліксіз. Жаңа ЖИ-сегмент ойыншысының әлеуетіне қатысты күмәнім зор. Allbirds 2021 жылы IPO-ға $4 млрд бағалауымен және айтарлықтай амбициялық жоспарлармен шыққан еді. Ритейлдегі агрессивті экспансия, сәтсіз өнімдер, биыл ақпанда АҚШ-тағы барлық фирмалық дүкендердің жабылуы және кейін зияткерлік меншіктің $39 млн-ға American Exchange Group-қа сатылуы компанияның толыққанды бұрылыс жасай алатынына сенім қоспайды. 

Бұл хикая дотком дағдарысының қалай өрбігенін еске салады. 1990 жылдардың соңында компаниялар атауына жай ғана .com қосып, бір күнде ондаған пайыз капитализация өсімін алып отырды. Кейін блокчейн ребрендинг кезеңі келді. Мәселен, 2017 жылдың желтоқсанында Long Island Iced Tea атауын Long Blockchain Corp. деп өзгертіп, бір сессия ішінде 289% ға қымбаттады. Мұндай жағдайлар қор нарығының тарихында үнемі қайталанып отырады. Өзгеретіні — тек белгішесі, ал сценарий әрдайым бірдей. Бүгін трендте «ЖИ» қосымшасы тұр, ал инвесторлар тағы да нақты бизнес үшін емес, нарратив үшін төлеуге дайын.

Әрине, әзірге бұл жаппай сипат алған құбылыс емес. NVIDIA (NVDA), Microsoft (MSFT), Alphabet (GOOGL), Meta (META) секілді ірі технологиялық компаниялардың нақты табысы, тиімді келісімшарттары және оң еркін ақшалай ағымы бар. ЖИ секторында «көпіршік» белгілері бар ма деген сұраққа жауаптың өзі Allbirds оқиғасы болды. Дәл осы компания инвесторлар күткен сигналды берді, алайда мұндай индикаторлар біреу ғана емес, көбірек болуы тиіс. Мысалы, 1998 жылдың маусымынан 1999 жылдың шілдесіне дейін 94 компания өз атауына .com, .net немесе Internet сөзін қосты. Бұл шешім жарияланған күннің айналасындағы орташа кумулятивті артық табыстылық 10 күн ішінде шамамен 74% болды. Егер инвесторлар ЖИ технологиялары төңірегінде соған ұқсас құбылысты байқаса, бұл нарық үшін айқын қызыл жалау болар еді. Дегенмен, оған дейін жылдар өтуі мүмкін. Мұндай кейстер ұзақмерзімді инвесторлар үшін болашақ күйреудің ең айқын, ең қарапайым әрі ең көрнекі символдарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!