Финансист №4 (40) 2025

Елена Беляева
Freedom Finance Global инвест-тәлімгері
Буындар байланысы
ЖИ телекоммуникациялық жабықтар нарығында ойын ережесін қалай өзгертуде
Телекоммуникациялар нарығы жаңа дәуірге аяқ басуда, ол – цифрлық, интеллектуалдық және неғұрлым динамикалық дәуір. Әңгіме тренд ауысуы туралы ғана емес, жаңа технологиялық дәуірдің басталуы туралы. Жасанды интеллект қызметін енгізу (ЖИ) капитал мен инновациялар бағыты үшін жаңа бағыттарды аша отырып, сұраным құрылымын өзгертті.
Жаңартылған драйверлерде
Соңғы жылдар iшiнде жабдықтардың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және радиожелiлерге арналған қызметтердiң ғаламдық рыногы (Radio Access Network, RAN) 5G стандартын енгiзуге байланысты iрi инвестицияларды «игере отырып», тұрақсызданды. 2024 жыл сала үшін жиырма жыл ішінде неғұрлым күрделі болды: телекоммуникациялық жабдық нарығының құлдырауы 11% -ға жетті. Алайда, 2025 жылдың алғашқы екі тоқсанында, Dell'Oro Group зерттеу компаниясының есебіне сәйкес, сектордың табысы өсе бастады. Ұқсас үрдістер 2024 жылы түсім 13% -ға төмендеген оптикалық талшықты желілер (ТОБЖ) үшін жабдықтарды әзірлеумен және шығарумен байланысты аралас индустрияда да байқалады.
Жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және радиожелілер қызметтерін сатудың 90% -дан астамын бес ірі ойыншы бақылайды: Huawei, Ericsson (ERIC), Nokia (NOK), Samsung және ZTE (ZTSTF). Алғашқы екі компания үстем позицияда тұр: Қытай мен Солтүстік Америкада олардың жиынтық үлесі 60% -дан асады.
Қазір Dell'Oro Group сарапшылары саладағы оң трендтерді жалғастыру үшін бірқатар алғышарттарды көріп отыр.
Маңызды ұстаным
Саланың одан әрі дамуы екі технологиялық бағытпен қамтамасыз етіледі: 5G Mobile Core Networks (MCN) және Multi-access Edge Computing (MEC).
5G Mobile Core Network (MCN) – бесінші буын мобильді желісіні «миы» мен «жүйке жүйесі», олар абонеттендің қосылуын басқарады. Бұл жүйе пайдаланушыларды автоизациялау, деректерді басқару және үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін жауап беретін серверлер мен бағдарламалар жиынтығын білдіреді. Dell’Oro Group болжамы бойынша, 2024 жылдан 2029 жылға дейіе бұл сегменттің құны жыл сайын шамамен 6%-ға өседі.
Multi-access Edge Computing (MEC) – бұл технология есептеулер мен деректерді сақтауды қашықтықтағы бұлттан пайдаланушыға жақындатуды, яғни желінің шетіне, мысалы байланыс операторларының базалық станцияларына көшіреді. Бұл деректерді нақты уақыт режимінде өңдеуге мүмкіндік береді, кідірісті айтарлықтай азайтады және мобильді құрылғыларға арналған виртуалды шындық құралдарының жұмыс жылдамдығын арттырады. Dell’Oro Group болжамы бойынша, MEC нарығы жылына орта есеппен 17%-ға өседі (толығырақ 10-11 беттерде айталған).
Жасанды интеллект негізіндегі жаңа буын желілері, AI-RAN деп аталатын, осы саладағы жұмыс принципін өзгертеді. Сонымен, 2024 жылы NVIDIA (NVDA) 6G желілері үшін эксперименттік ЖИ платформасын ұсынды, ал оны сынауды бастаған алғашқы компания Nokia болды. AI-RAN желілерге пайдаланушылардың мінез-құлқын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Мысалы, олар ұяшықтар арасында қозғалып жүрген абонент өткізу үшін қабілетін алдын ала резервтей алады, Яғни, абонент қалада көптеген базалық станциялармен қозғалғанда, құрылғыны қызмет көрсету бір станциядан екіншісіне ауысады. Қазіргі уақытта бұл бір гаджет бірнеше станцияның ресурстарын уақытша пайдаланады дегенді білдіреді: ол екіншісімен байланыс орнатылғанша бір станциядан ажырамайды. AI-RAN абоненттің қозғалысын болжауға және оның құрылғысын жаңа қолжетімділік нүктесіне алдына ла қосуға мүмкіндік береді, бұл неғұрлым тұрақты байланысты қамтамасыз етеді және операторлардың шығынын азайтад. 2025 жылдың көктемінде Indosat Ooredoo Hutchison Nokia және NVIDIA қолдауымен алғашқы коммерциялық AI-RAN-желісін енгізуді бастады. Осындай жобаламен Huawei және Samsung те айналысуда, бірақ дәл қазір бұл салада көшбасшы болып көрінетін компания – Nokia.
Зияткерлік үлес
Инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын компаниялар – ЖИ мен телеком-инфрақұрылымының тоғысында жұмыс істейтіндер. Бұл ең алдымен Ericsson, Nokia және Huawei. Дәл осы компаниялар, чиптер мен бұлттық шешімдер жеткізушілерімен қатар, 6G және ЖИ желілерін енгізудің негізгі бенефициарлары болады.
По прогнозу Ericsson болжамы бойынша, 2025 жылға қарай жаңа тұрақты байланыс қосылымдарының үштен бірінен астамы сымсыз технологияларға тиесілі болады, ал 2030 жылға қарай мобильді трафик екі есеге артады, оның 80 % 5G желілері арқылы өтеді. Соынмен қатар, Азия-Тынық мұхиты өңірі қазірдің өзінде жахандық өсудің басты драйверіне айналды. 2024 жылы ол сектордың әлемдік кірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етті. Mordor Intelligence есептеуінше, бұл сегмент 2030 жылға дейін орта есеппен 19%-ға өседі. Huawei, Ericsson, Nokia және ZTE бұл нарықтың шамамен 70%-ын иеленіп отыр.
Market Growth Reports болжамына сәйкес, телеком үшін ЖИ шешімдерінің жахандық құны 2024 жылы $4,4 млрд-тан 2033 жылға қарай $102 млрд-қа дейін артуда, ол орташа жылдық өсім қарқынының 40,6%-ына сәйкес келеді. Бүгін байланыс операторларының шамамен 90%-ы шығындарды оңтайландыру және желілерінің тиімділігін арттыру үшін ЖИ элементтерін пайдаланады.
Алдағы бес жылда индустриядағы негізгі инвестициялар көлемі жасанды интеллектке (ЖИ) бағытталады, соның арқасында оның жалпы қаржыландыру көлемі 40%-ға артады. Бұл үрдістен тек дәстүрлі жабдық өндірушілер – Huawei, Ericsson, Nokia, ғана емес, сонымен қатар мамандандырылған ЖИ-чиптер жеткізушілері, ең алдымен NVIDIA мен Broadcom (AVGO), сондай-ақ ЖИ негізіндегі шешімдерді әзірлеушілер, атап айтқанда Alphabet (GOOGL) ұтады.

Классикалық оқудың болашағы – жоғалу емес, трансформация. Біз адамзат тарихында бұрынғыдан да көп контент жасап, тұтынамыз, бірақ оны түрлі арналар арқылы таратамыз: әлеуметтік желілер, кітаптар, блогтар, YouTube арналары.
«20 жылдан астам уақыт бойы мен оқырмандардың қалай өзгергенін бақылап келемін. Соңғы жылдары бірден бірнеше өзгеріс болды. Біріншіден, оқырман шыдамсыздау болды. Бұрын адам кітапқа бір апта уақытын тыныш жұмсайтын. Бүгінде ол мәнін 15 минутта түсінгісі келеді. Бұл «қарапайымдандыру» емес, артық ақпаратқа бейімделу. Біз бәріміз назар – басты тапшылық болып тұрған әлемде өмір сүріп жатырмыз. Екіншіден, форматтар икемдірек болды: аудиоға, саммариға, визуалды шешімдерге – инфографикаға сұраныс өсуде. Адамдар «жолда жүріп» үйренгісі келеді – спортзалдағы жаттығуда, көлік жүргізгенде, жүгіргенде. Үшіншіден, мақсат та өзгерді. Бұрын «ләззат алу үшін» немесе «солай қабылданғандықтан» оқитын. Қазір нақты мақсатпен оқиды – мәселені шешу, дағдыны дамыту, тақырыпты түсіну үшін. Практикалық мән эстетикадан маңыздырақ болды».
«Мен көптеген кітаптар сатып алдым, дамуға ұмтылған көпшілік сияқты. Smart Reading менің жауабым болды – алдымен өзім үшін, кейін осындай әдеттері бар мыңдаған адамдар үшін және дамығысы келетін, бірақ ақпаратқа толы, алаңдаған, үнемі қозғалыста жүргендер үшін. Біз саммари кітапханасын жасаймыз – кітаптың мәнін 15–20 минутта. Бұл оқудың орнына емес, білімге апаратын трамплин, ол кітапты толық оқуға тұрар-тұрмайтынын тез түсінуге көмектеседі».
Уақыт барған сайын азайып, ал ақпарат көбейіп жатқан әлемде қысқаша формат сұранысқа ие болды. Біз неғұрлым көп жасасақ, соғұрлым бір нәрсе анық: адамға әлі де түсіну маңызды. Тек басқаша.
Саяси география
Радиожелілерге арналған жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және қызметтер нарығына санкциялық шектеулер айтарлықтай әсер етті, 2023 жылы ЕО-ың 10 елі Huawei мен ZTE жабдықтарын пайдаланудан бас тарта бастады, Бұл процесс 2029 жылға қарай аяқталуы жоспарлануда. Осындай жағдайда Nokia мен Ericsson ұтады. Мысалы, соңғысы испандық телекоммуникациялық алып MasOrange компаниясының 5G желісін жаңғыртуға арналған тендерді жеңіп алды, оның инфрақұрылымының жартысынан астамы қытайлық жабдыққа негізделген еді.
Бір мезгілде Nokia мен Ericsson-ның Қытайдағы үлесі 2020 жылғы 12%-дан 2025 жылғы 4%-дан төмен деңгейге дейін қысқарды. Бұл Huawei-ге ішкі нарықтағы позициясын күшейтуге мүмкіндік берді, оған LTE/5G-һ желілерін енгізудің жахандық көлемінің шамамен 45%-ы тиесілі. Осының арқасында компания инновацияларды енгізу қарқынын сақтап қалды. 2023 жылы ол өздерінің бес нанометрлік Kirin 9000S процессорын ұсынды, ал 2025 жылы өнімділігі алдыңғысынан 40%-ға жоғары 9020 нұсқасын шығарды. Компания 60-тан астам қытайлық жартылай өткізгіш өндірушілеріне инвестиция салды және ЖИ үшін жеті нанометрлік чиптерді өз өндірісінде белсенді дамытып жатыр.
Көкжиекте
(6G) байланысының алтыншы буыны әзірлеу кезеңінде тұрған кезде, оның телеком-индустриясын ғана өзгертіп қоймайтыны белгілі. Бұл формат бұлттық есептеулерді жаңа деңгейге шығарып, ЖИ мүмкіндіктерін күшейтеді, автономдық көлікті кең ауқымда енгізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Nokia мен Cisco (CSCO) 6G үшін базалық архитектураны – ЖИ негізіндегі платформаны жасап жатыр, ол желілерді қызмет көрсету шығындарын азайтып, олардың бейімділігін арттыруы тиіс. Cisco инфрақұрылым мен қауіпсіздік саласындағы шешімдерге жауап береді, ал Nokia – MCN технологиясына. Бұл жобаға арналған ЖИ-процессорларды AMD (AMD) жеткізеді.
2025 жылдың шілде айында жапондық мобильді оператор Rakuten Mobile өз 5G- желісінің ядросын енгізу үшін Cisco мен Nokia-ны серіктес ретінде таңдады, бұл технологиялық тандемнің табысы мен сұранысын көрсетеді.
Телекоммуникациялар әлемін технологиялық өзгерістердің жаңа толқыны күтуде. ЖИ-шешімдері, бұлтты сервистердің мүмкіндіктері және 6G желілері ертеңгі күннің инфрақұрылымын қалыптастырады. Бұл нарықтағы беделді ойыншылар – Huawei, Nokia және Ericsson, тәжірибесі мен ауқымы арқасында көшбасшылықты сақтап келеді. Олардың жас бәсекелестері – NVIDIA, Broadcom және заманауи микроэлектроника жеткізушілері телекоммуникация нарығының дамуы есебінен қосымша пайда табуда.
Алдағы онжылдықта сала ойыншылары үшін технологиялық басымдық олардың ең озық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллектке қатысты технологияларды дер кезінде енгізу қабілетіне байланысты болады. Компаниялардың инвестициялық перспективалары дәл осы факторға тәуелді болады.