Финансист №4 (40) 2025

Йоханнес Хуммер

Йоханнес Хуммер

CEO Freedom Telecom International

Сұхбат. Freedom Telecom International

«Телеком мен қаржы секторларының мықты жақтарын біріктіреміз»

Сұхбат

Сіз телеком-индустриясына қалай келдіңіз?

Мен сегіз жыл бойы MedTech M&A саласында жұмыс істедім, онда тексеру және қаржылық транзакциялармен айналыстым, содан кейін телеком саласына ауыстым. A1 Telekom Austria компаниясында сатудан бастадым, стратегиялық аналитик болып, мобильді бизнесті қайта біріктіру кезінде бас директормен тығыз жұмыс істедім. Кейін Vodafone компаниясына қосылып, негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі аймақтық директор қызметін атқардым, Lufthansa, SAP және Novartis Europe сияқты ірі корпоративтік аккаунттарды басқардым. Одан кейін Partner Markets командасына ауысып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан бастап Кавказ және Орталық Азияға дейінгі өңірлерді қадағаладым. Бұл 14 жылға созылған керемет тәжірибе болды.

Қай нарық көбірек бейімделуді талап етеді?

Саяхат әр елдің заңнамалық ерекшеліктерін және алуан түрлілігін бағалауды үйретеді. Африка – энергиясы мол әрі бизнеске ашық өңір. Таяу Шығыс әлемдік қауымдастықты көп жағынан біріктіреді. Орталық және Шығыс Азия білімді, еңбекқор жастарымен және қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ал Еуропа жаңа экономикалық сын-қатерлерге тап болды. Freedom Telecom International сияқты компаниялар үшін бір ғана өңірге тәуелді болмау, керісінше әрқайсысының мықты жақтарын пайдалану маңызды.

Ұлттық қауіпсізік пен инновацияны үйлестіретін қандай реттеуші үлгілер бар?

Мен реттеуші салаға терең араласамын, Вена, Вашингтон және Дубай университеттерінде бизнес-дипломатия мен құқықтық заңнаманы оқытамын. Өңірлердің қауіпсіздік пен басқару үлгілеріне қатысты әртүрлі қажеттіліктері бар. Еуропадағы мәселе – экономиканың бытыраңқылығы: 740 миллион адам, 27 реттеуші режим және 120 оператор, ал АҚШ-та 340 миллион адам, бір реттеуші орган және үш оператор. Бұл €200 млрд көлемінде инвестициялық алшақтықты тудырады. Африкада өз қиындықтары бар, бірақ оларды ашықтықты арттыру және заңдарды қатаң сақтау арқылы еңсеруге болады.

Финтех пен жасанды интеллект дәуірінде қандай жаңа тәсілдер қажет?

ЖИ саланы желінің тиімділігін арттыру және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы өзгертеді, бірақ бұл шешімдер жұмыс күшінің қысқаруына алып келеді. Онлайн-банкинг классикалық банкингті ығыстырып жатыр, әсіресе қаржы ұйымдарының бөлімшелері жоқ ауылдық жерлерде. Телеком – жоғары маржиналы бизнес, ал финтех – төмен маржалы, сондықтан пайда шығынын болдырмау үшін олардың құрылымын бөлу қажет.

Энергияны пайдалануды төмендетуге қандай әдістермен қол жеткіздіңіз?

Vodafone-де күн энергиясын пайдалануға, ал Еуропада су және жел стансаларына басымдық берілді. Біз кешенді қызмет көрсетуді, мұнараларды басқарудың заманауи әдістерін және ең жаңа желілік технологияларды енгіздік, бұл шығарындыларды азайтуға және инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға көмектесті.

Телеком-саласында дотком дағдарысына ұқсас көпіршік болуы мүмкін бе?

Телеком көпіршігінің жағдайы мүмкін емес, бірақ салаға инфрақұрылымға инвестициялар қажет. Негізгі тәуекел – құнның артық бағалануы емес, активтер үшін артық төлем жасау. Интернетке қолжетімділік жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге тікелей әсер етеді, сондықтан үкіметтер мен операторлар осы бағытта ынтымақтасуы тиіс, әйтпесе тек желілер өседі, ал оларды пайдалану артпайды.

Бұл секторды 10 жылдан кейін қалай елестетеміз?

Спутниктік технологиялар телеком желілерін алмастырмайды, тек толықтырады. Ең тиімді бәсекелестік – елде екі-үш оператордың болуы. Huawei, Nokia және Ericsson сияқты вендорларға тәуелділіктің артуы сала ішінде тығыз ынтымақтастықты және Open RAN енгізуді талап етеді. Деректер орталықтары мен финтехпен интеграция телеком стратегиясының негізгі элементтеріне айналады.

*Open RAN – бұл әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын біріктіруге болатын мобильді желі құру форматы

Freedom Telecom -ның өзге индустрия компанияларынан айырмашылығы неде?

Біз телеком мен финтех секторларының мықты жақтарын біріктіріп, шынымен өзара тиімді серіктестіктер құрудамыз. Freedom компаниясында «бірге болғанымыз жақсы» қағидасының біздің ДНҚ-ға қаншалықты табиғи түрде енгені және барлық тараптар үшін win-win шешімдер жасауға мүмкіндік беретіні таңғалдырады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!