Финансист №4 (40) 2025

Роберт Х. Маккуи
Nasdaq капиталы жахандық нарығы бөлімінің вице-президенті және жетекшісі
Сұхбат. Nasdaq
«Технологиялар экономика дамуының негізгі драйвері болады»
Бүгінгі таңда неліктен телекомға инвесторлар қызығуда?
Соңғы жылдары нарықтың назары финтехке, төлем сервистеріне, телеком-секторға және цифрлық инвестициялармен жұмыс істейтін компанияларға едәуір ауысты. Бұл ұзақ мерзімді тренд: технологиялар экономика өсімінің негізгі драйверіне айналуда. Бүгінде бізде 4500-ден астам компания орналасқан, дамушы өңірлерден келген ойыншылардың үлесі ұлғаюда. Nasdaq түрлі өңірлердің көпшілікке танымал болғысы келетін компанияларын қолдайды, себебі инвесторлар дәстүрлі қаржы орталықтарынан тыс нарықтарды қарастыра отырып, жаңа мүмкіндіктер іздейді.
Телеком-компаниялардың Nasdaq-қа шығуына қызығушылығы өсті ма?
Иә, әрі айтарлықтай байқалады. АҚШ нарығы әлемдегі ең өтімді және технологиялық дамыған нарық болып қалып отыр. Ол ауқымдануға және жахандық нарықта бәсекеге түсуге дайын компанияларжы тартады. Біз шын мәнінде әлемді өзгертетін бизнесмендермен ынтымақтасуға қуаныштымыз және бүгінгі биржаға шыққандардың көпшілігі алдағы онжылдықта нарықта маңызды рөл атқаратынына сенеміз.
Сіз Орталық Азияның болашақтағы листингі әлеуетін қалай бағалайсыз?
Егер мен бұл аймақтың болашағына сенбейтін болсам, Алматыға, Қазақстанға келмейтін едім. Қазір Nasdaq-та екі қазақстандық компания ұсынылған: Freedom және Kaspi. Бұл тек бастауы ғана. Кәсіпкерлік тек бір нарықпен шектелмейді, әлем бойынша дамуда: Қазақстанда, Израилде, Аргентинада, Сингапурде, Жапонияда, Кремний алқабы мен Техаста. Біз Орталық Азиядан IPO-ға дайын бизнестер көбейе береді деп күтеміз.
Компаниялар биржаға шыққанда қандай қиындықтарға тап болады?
IPO-ға дайындық оңай жұмыс емес болып көрінуі мүмкін, әрі біз листинг процесін қарапайым және ашық етіп жасауға тырысамыз. SEC-пен бірге біз бюрократиялық жүктемені төмендетіп, есептілік рәсімін жеңілдетеміз. Жария компаниясының мәртебесі үнемі қосымша жауапкершілікпен байланысты: мыңдаған инвесторлармен жұмыс істеу керек, нақты коммуникация орнату, корпоративтік сатндарттарды нығайту қажет. 2005 жылдан бастап, Nasdaq нарықпен өзара тиімді қарым-қатынас жасауға ықпал ететін және жария мәртебесін басқаруға көмектесетін технологиялар мен сервистерді дамытады.
ESG* принциптері қазіргі заманғы инвесторлар үшін қаншалықты маңызды?
ESG және CSR** аясындағы әлеуметтік жауапкершілік инвесторлардың жаңа буыны үшін ерекше маңызды. Олар өз бизнесінің қоғамға және қоршаған ортаға ұзақ мерзімді әсері туралы ойлайтын компанияларға қаржы салуға ұмтылады. Тіпті саяси күн тәртібі өзгерген жағдайда да қоғамның тұрақтылыққа деген сұранысы сақталады. Мен мұны өз отбасымда көріп отырмын: менің балаларым инвестициялап, ESG факторына көп көңіл бөледі.
*ESG – экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік негізінде бизнесті дамыту қағидаты
**CSR – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Телекомның дамуында жасанды интеллектінің ролі қандай?
АИ деректерді өңдеуге, робототехникаға, коммуникацияға, инфрақұрылымға әсер етеді. Доткомдар пайда болғандағыдай, біз қарқынды өсу кезеңдерін де, түзетулерді де көреміз, бірақ дәл осындай сәттерде Амазондағыдай болашақты анықтайтын компаниялар туады.
Бұл Орталық Азия үшін қандай мүмкіндіктер ашады?
Мұнда көптеген компаниялар бастапқыда ескі инфрақұрылымды қайта құру қажеттілігінсіз сандық ретінде құрылады. Бұл оларға жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Ең озық технологиялардың жедел дамуы өңірді жаһандық инвесторлар үшін тартымды етеді.
Жиырма жылдан кейін Nasdaq қандай компаниялар көшбасшы болады?
Бүгінде жетекші компаниялар технологиялық компаниялар болып табылады, бұл ретте денсаулық сақтау индустриясының өкілдері Nasdaq-тың үштен бір бөлігін құрайды. Дәл осы биржа көп жағдайда осы секторды құрды; бұл әсіресе терапияның өмірлік маңызды әдістерін әзірлеушілерге қатысты. Технологияның өзі әр саланың негізіне айналады. Олардың дамуы салауатты бәсекелестікті қалыптастырады, бұл нәтижесінде нарықтарға да, инвесторларға да пайда әкеледі.