Финансист №4 (40) 2025

Аблай Жуманов

Аблай Жуманов

Freedom Finance Global кіші талдаушысы

Стероидтағы логистика

Байланыстың жаңа стандарттары логистика нарығында төңкеріс жасауда

Ракурс

Адам қатысынсыз контейнерлерді түсіретін автономды крандар жұмыс істейтін порт. Ондаған роботтар ауарларды стеллаждар арасына синхорнды түрде тасымалдайтын қойма. Бағытын өздігінен түзететін жүргізушісіз жүк көлігі... Мұның бәрі қазір қиял емес, 5G стандарты дәуіріндегі логистика индустриясының күнделікті шындығы.

Жылдамдық революциясы

Логистика ұзақ уақыт бойы ең консервативті салалардың бірі болып келді. Ол әдеттегідей тексерілген құралдарға сүйенді, ал экономиканың басқа салалары белсенді түрде цифрландырылды. Бірақ бүгінде бұл секторға қысым күшейіп келеді: рентабельділік төмендеуде, операциялық шығындар артуда, жанармай қымбаттап жатыр, ал клиенттер барған сайын жылдам әрі арзан жеткізуді талап етеді.

Логистика саласы тап болған қиындықтарға жауап ретінде байланыс стандарты – 5G пайда болды. Оның артықшылықтары логистиканың өз қағиадаттарын жетілдіруге мүмкіндік берді:

  • Кеңейтілген қосылу мүмкіндіктері. Сала үшін маңыздысы – жаңа желі форматының арқасында бір шаршы шақырым аумақта бір мезгілде миллионға дейінгі қосылған құрылғыны, мысалы контейнерлердегі датчиктерді қолдауға болады. Бұл әрбір қорап пен кез келген поддон өз орны, температурасы, ылғалдылығы және басқа да параметрлері туралы деректерді жедел әрі дер кезінде жеткізе алады деген сөз.
  • Деректерді нақты уақыт режимінде беру. Алдыңғы буын желілерінде (4G) максималды жылдамдығы теориялық тұрғыда 100 Мбит/с-қа дейін жетуі мүмкін, бірақ іс жүзінде көбіне 35 Мбит/с аспайды. 5G үшін бұл көрсеткіш шамамен 20 Гбит/ және 3 Гбит/с деңгейінде бағаланады. Бұл деректермен іс жүзінде лезде алмасуды қамтамасыз етіп, тауарларды тасымалдау мен тапсырыстарды қалыптастыруда роботтарды белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
  • Дабыл берудің жоғары сенімділігі автономды көлік құралдары мен дрондарды енгізуге жол ашады.

Осы артықшылықтардың бәрі логистиканы роботтандыру үшін негізін құрайды. Morgan Stanley сарапшыларының пікірінше, бұл саладағы роботтарды жаппай қолдану қоймалар мен порттық териналдардың тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, тапсырыстарды жинақтау кезінде адам қателіктердің қаупін азайтады, персоналға түсетін жүктемені 30–40%-ға төмендетеді және жұмыс процесін жеңілдетеді.

Фото: agilityrobotics.com

Задействованные связи

5G негізіндегі алғашқы роботтандырылған қоймалар жұмыс істеп жатыр. Сонымен, 2024 жылдың басында Дубайдың еркін экономикалық аймағының бірі Huawei және жергілікті байланыс операторы коммуникациялары бесінші буын желілері бойынша жүзеге асырылатын толық автоматтандырылған порт салды. ЖИ (жасанды интеллект) аймақтарды бөлу мен кемелердің швартовкаға кзегін ұйымдастыруды оңтайландырады. Жүк түсіруді роботтандырылған крандар жүзеге асырады. Ал тауарларды қоймаға автономды жүк көліктері жеткізеді.

Huawei Қытайдағы Тяньцзинь портында жүктерді тасмалдауды автоматтандырды. Бұл персонал санын 1 мыңнан 200 адамға дейін қысқартуға және онтейнерлерді қабылдау жылдамдығын сағатына 28-ден 36-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Мұндай жобалар Еуропада да пайда болуда. 2025 жылдың жазында Hutchison Ports Ұлыбританиядағы Феликстоу және Харвич порттарын автоматтандырды. Енді мұнда робот-краны мен робот-жүк тиегіштер қолданылады, ал қойма басқару процестері цифрландырылған. Мұның бәрі жеке 5G желісі негізінде жұмыс істейді.

Болашақта мұндай жобалар саны одан әрі артады. Global Market Insights болжамы бойынша, 2050 жылға қарай жүк тасымалына деген жахандық сұраныс үш есеге өседі. Дәстүрлі порт инфрақұрылымы мұндай көлемге төтеп бере алмайды. Бұл жағдайда шешім – өнімділікті 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін роботтар мен ЖИ негізіндегі басқару жүйелерін енгізу. Егер 2024 жылы смарт-порттар нарығы $2,98 млрд деп бағаланса, 2034 жылға қарай оның көлемі $34,91 млрд-қа дейін өсіп, орташа жылдық өсім 27,9% болады деп күтілуде.

Қозғалыс ережесі

DHL, FedEx (FDX) және Maersk сияқты жетекші жахандық тасымалдаушылар соңғы жылдары шектеулі бағыттарда автономды жүк көліктерін сынақтан өткізіп келеді.

5G арқасында V2X (vehicle-­to-everything) байланысы мүмкін болды, оның көмегімен көлік жол белгілерімен, бағдаршамдармен, басқа машиналармен және бұлтты платформалармен «қарым-қатынас» жасайды.Жүк көлігін басқару жүйесі жолдағы жағдай туралы ақпарат алып, оған жауап береді, бұл ақпарат қаупін азайтып, жолдарды қауіпсіз етеді. Бірақ V2X тек қауіпсіздік үшін емес: оның көмегімен трафик пен ағын жылдамдығын ескере отырып, нақты уақы режимінде маршруттар құруға болады, бұл жанармай мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, қазір Ұлыбританияда жүк көліктерінің 30%-ы бос жүріп жатыр, ал олардың толтырылуы орта есепппен әлеуетті сыйымдылығының 60%-ынан аспайды. 5G қосылған жүйелер негізіндегі ақылды маршрутизация жүктемені және автопаркті оңтайландыра алады.

Amazon (AMZN) және UPS (UPS) қазірдің өзінде дрондар арқылы жеткізуді сынақтан өткізіп жатыр, бірақ бұл технологияны жаппай енгізу әзірге сенімді байланыстың және реттеудің болмауынан тежелуде. 5G-модемдермен жабдықталған дрондар камералардан HD-видеоны нақты уақыт режимінде бере алады, маршрутты әр секунд сайын жаңартып отырады және басқару орталықтарымен тіпті алыс аймақтарда да үйлесімді жұмыс істей алады.

Осы технологиялар негізінде толықтай автономды жеткізу жүйесін құруға болады: тауар автоматтандырылған портта түсіріледі, жүргізушісіз жүк көлігімен роботтандырылған қоймаға жеткізіледі, ал соңғы тұтынушыға дрон апарады. Бұл реттек әрі пайдаланушы, әрі сатушы тауардың бүкіл жолын көре алады, ал қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік логистика және тасымалдаумен байланысты компаниялардың тек 6%-ында ғана бар. Салада қажетті коммуникациялардың болмауы кідірістерге, жанармайдың артық шығындалуына және көлікті тиімсіз пайдалануға әкеледі.

Жүзеге асырудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер

STL Partners зерттеу деректеріне сәйкес, бесінші буын желілері 2030 жылға қарай жаһандық көлік және логистика индустриясына қосымша $280 млрд пайда әкеледі.

Жаңа коммуникациялық технологиялардың шамамен 80%-дық әсері жанама болып табылады және экономиканың көптеген салаларына таралады, жалпы өнімділікті арттырады. Дұрыс құрылған жеткізу тізбектері тұтынушылар үшін тауар бағасын төмендетеді. Автокөлік апаттарының азаюы денсаулық сақтау мен сақтандыру шығындарын қысқартады.

Жолдағы кептеліс мәселесін шешу ақыр соңында қызметкерлердің өнімділігін олардың мамандығы мен қызмет саласына қарамастан арттыруға ықпал етеді.

5G-трансформациялау жолы үлкен әлеуетіне қарамастан, оңай болмады. Инфрақұрылым ауқымды инвестицияларды талап етеді, әсіресе шалғай және қолжетімсіз ауылдық аймақтарда. Мсыалы, автопарктер мен қоймаларды 5G деңгейіне дейін жаңғыртудың құны шағын компаниялар үшін тым ауыр болуы мүмкін.

Тағы бір мәселе – киберқауіпсіздік. Қосылған құрылғылардың санының артуы бұзылу қаупін күшейтеді. Бағдарламалық жасақтаманы кепілдікке алу шабуылдарының саны күрт өсіп келеді: тек 2023 жылы АҚШ-тың жағалау күзеті олардың 80%-ға артқанын тіркеді. Бұл порттарды қауіпсіздік архитектурасын ерекше мұқият құруға ынталандырады, ал сақтандырушыларға инфрақұрылымдық жобалардағы тәуекелдерді жабатын бағдарламалардың бағасын көтеруге мүмкндік береді.

V2X байланысы үшін жаһандық стандарттардың болмауы автономды көлік саласында интеграцияны қиындатады. Реттеуді үйлестіру тәсілдерін біріздендіру міндетін шешу үшін үкіметтер, технологиялық және логистикалық корпорациялар арасындағы ынтымақтастық қажет болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!