Финансист №4 (40) 2025

Ақылды инвестициялар

Аналитики Freedom сарапшылары телеком-индустриядағы ең перспективалы ойыншылардың акцияларын сатып алуды ұсынады

Инвестидеялар

Апсайдтар мен котировкалар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ұсынылған

 

Михаил Денисламов,

Freedom Finance Global аналитика департаменті директорының орынбасары

Cloudflare (NET) бұлттық желілер мен киберқауіпсіздікке арналған шешімдерді ұсынады, олар деректерді, соның ішінде ЖИ-трафикті, сенімді қорғаумен қатар жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. 2026 жылға арналған консенсустық болжамда Cloudflare кірісінің 27% деңгейінде жылдық өсімі күтіледі, яғни $2,7 млрд-қа дейін, бұл платформаны ауқымдандыру және қауіпсіздік сегментіндегі позицияларды күшейту есебінен. Акция бағасының өсу драйверлері – ірі корпоративтік клиенттер базасын кеңейту, қауіпсіздік модульдерін белсенді кросс-сату және болжамды арттыру ықтималдығы. NET қағаздары бұлттық қауіпсіздік пен edge-шешімдерге сұраныстың артуына сенім артқан ұзақ мерзімді инвесторлар үшін тартымды.

Corning (GLW) – технологиялық салаларға арналған мамандандырылған материалдарды әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшы. Компания кірісінің өсуінің негізгі катализаторы – ЖИ-инфрақұрылымының белсенді дамуы. Деректер орталықтары үшін оптикалық қосылыстарға және интернет-магистральдарды төсеуге жоғары сұраныс Corning бизнесіндегі ең ірі әрі жоғары маржиналды сегмент – оптикалық шешімдер сатылымының көлемін 20%-дан астам арттыруға мүмкіндік береді. Corning өнімдерінің тапшылығы, өндірістік қуаттардың шектеулі өсуі, сатылым құрылымындағы жоғары маржиналды өнімдердің үлесін кеңейту, сондай-ақ акцияларды кері сатып алу (buy back) жыл сайын акцияға шаққандағы табыстың 20%-ға өсуіне алғышарт жасайды.

Allot (ALLT) бүкіл әлемдегі телеком-операторларға желілік аналитика мен киберқауіпсіздік құралдарын ұсынады. Компания екі таңбалы кіріс өсіміне қайта оралып, соңғы он жылдағы ең жоғары операциялық табысты көрсетті, бұл Security-as-a-Service (SECaaS) сегментіндегі кірістердің белсенді артуының арқасында мүмкін болды. Allot үшін негізгі оң драйверлер – SECaaS арқылы қайталанатын кірістің жоғары маржиналды моделіне көшу, Verizon және Vodafone сияқты ірі клиенттермен сервистердің сәтті іске қосылуы, сондай-ақ көпмиллиондық келісімшарттарға қол қою. Ұзақ мерзімді кіріс өсімі компания акцияларының мақсатты бағасына қарай қозғалуына ықпал етеді.

Samsara (IOT) – Connected Operations Cloud платформасының провайдері, ол датчиктерді, бейнекамераларды және флот, логистика мен өнеркәсіпке арналған телематика жүйелерін біріктіреді. Edge-аналитика мен ЖИ-шешімдердің көмегімен компаниялар апаттылықты, жанармай шығынын және техниканың бос тұруын азайтады. Алдағы екі жылда EPS-тің 20–30% өсуі және физикалық операцияларды цифрландыру аясында қосылған объектілер базасының кеңеюі Samsara-ны IoT, байланыс және логистика секторына арналған жаңа технологиялардың тоғысындағы инвестициялық идеяға айналдырады. Эмитент акциялары үшін оң драйвер – жаңа ЖИ-модульдерін енгізу, бұл бизнестің маржиналдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

*Интернет заттар желісі (ағылш. Internet of Things)

 

Ерлан Әбдікәрімов,

Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің директоры

T-Mobile (TMUS) жылдық болжамын көтеріп, пайда өсімінің екі таңбалы қарқынын сақтап отыр. Жоғары еркін ақша ағыны (FCF) және акцияларды кері сатып алу (buy back) дивидендтің 16%-ға ұлғаюын жайлы жабуды қамтамасыз етеді, U.S. Cellular интеграциясына байланысты пайдаға қысым болғанына қарамастан. Қарыз жүктемесі бақылауда қалады. Ликвидтілік деңгейі дамуға жайлы инвестиция салуға мүмкіндік береді. Ағымдағы түзету акциялардың құнының өсуі мен дивидендтердің тұрақты артуын үйлестіруге есептегенде тартымды кіру нүктесін ашады. Тәуекелдер қатарында — жоғары мөлшерлемелер жағдайында тұтынушылық белсенділіктің төмендеуі аясында бәсекелестіктің күшеюі. 

AT&T (T) FCF болжамын $16 млрд деңгейінде растады. Бұл дивидендтерді арттыруға және кері сатып алуды жалғастыруға жағдай жасайды. 2025 жылға арналған buy back бағдарламасы $4 млрд көлемінде бекітілген, бұл сектор үшін сирек кездесетін 2,58% кірістілікті қамтамасыз етеді. NetDebt/EBITDA бойынша қарыз жүктемесі мақсатты деңгейге жақындап келеді. 5G және оптикалық инфрақұрылымды дамытуға ірі инвестициялар эмитенттің сатып алу тартымдылығын арттырады. Күшті ақша ағыны, табысты бөлудің сақ саясаты және балансты нығайту оң тәуекел-профильді қалыптастырады. Бұл акциялардың өсуіне және дивидендті тұрақты арттыруға қайта оралуына ықпал етеді.

Verizon Communications (VZ) инвесторларды 6,7% деңгейіндегі әсерлі дивидендтік кірістілікпен және жоғары еркін ақша ағынымен (FCF) тартады. Жаңа басшылықтың басым бағыты – маржиналдылықты жақсарту. III тоқсанда компания кірістің сенімді өсуін, шығындардың тиімділігін және маржаның артуын көрсетті. P/E бойынша эмитент орташа бір таңбалы көрсеткіштермен бағаланады. VZ акциялары мөлшерлемелердің төмендеуі жағдайында сатып алу үшін тартымды, себебі тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Олардың әділ құны стратегиялық бастамалардың жүзеге асуы, пайдаланушылар базасының кеңеюі және операциялық шығындарды оңтайландыру барысында қайта қаралады.

America Movil (AMX) ауқымдылықты, жоғары табыстылықты және Латын Америкасындағы мықты позицияларды үйлестіреді. III тоқсанда кіріс, EBITDA және FCF (+47% ж/ж) сектордағы орташа көрсеткіштерден асып түсті. Telefónica Chile активтерін Entel компаниясымен бірлесіп сатып алу әлеуеті аймақтық экспансияны жеделдетіп, операциялық синергияны арттыруы мүмкін. NetDebt/EBITDA қарыз жүктемесі 1,55x деңгейінде, ал EV/EBITDA және P/E FWD мультипликаторлары акциялардың баламаларға қарағанда төмен бағаланғанын көрсетеді. Олардың тартымдылығы эмитенттің қорғаныштық мәртебесі мен Латын Америкада тұрақты дамуға деген әлеуетінің үйлесімімен де негізделеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!