Финансист №4 (40) 2025

Сергей Глинянов
Freedom Finance Global аға талдаушысы
Космос как предчувствие
Спутниктік және мобильдік интернет арасындағы бәсекелестік неге әкеледі
Жер маңындағы ғарыш кеңістігі спутниктік интернет мен байланыс нарығында көшбасшылықты иеленуге ұстылған ірі телекоммуникациялық компаниялар арасындағы бәсекелестік аренасына айналды. ABI Research бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай спутниктік интернет нарығы шамамен $240 млрд-қа жетеді, сондықтан саланың қатысушылары қарқынды дамып келе жатқан осы нарықта өз орнын алуға асығуда.
Көтерме бағамен арзан
2010 жылдардың ортасына дейін спутниктік байланыс кең қолданыс таппаған қымбат “ойыншық” сияқты болды. Жағдай 2015 жылы өзгерді, сол кезде SpaceX Falcon сериялы көп мәрте қолданылатын зымырандарды пайдалана бастады, бұл ғарыш аппараттарын ұшыру құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) статистикасына сәйкес, 20 жыл бұрын орбитаға бір килограмм жүк шығару шамамен $50 доллар тұрса, қазір – шамамен $1,5 мың. После начала массового использования кораблей Starship корабльдерін жаппай пайдаланған соң, баға тағы да төмен құлдырайды. Бұл төмен орбиталық спутниктер (LEO) арқылы байланыс жасаудың жаңа форматын құруға жол ашты.
ABI Research аналитикалық компаниясының деректеріне сәйкес, жұмыс істеп тұрған спутниктердің саны негізінен орбиталық ретрансляциялық станциялар есебінен 2020 жылы 3,2 мыңнан 2024 жылы 11,5 мыңға дейін артты. Алдағы жылдары олардың саны бірнеше есе көбеюі мүмкін.
Спутниктік байланыс провайдерлері мобильді операторлармен бәсекелесе бастады. Бүгінде «ғарыштық» интернет деректерді 100–200 Мбит/с жылдамдықпен және 20 миллисекундтық кідіріс арқылы жеткізеді, бұл 5G желілерінің параметрлерімен салыстыруға болады.
Omdia зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша спутниктік интернеттің негізгі тұтынушылары:
- Сымды интернет пен ұялы байланыс жоқ алыс аймақтарда тұратын тұрғындар.
- Тиісті қызметтердің болуы оларға маңызды бәсекелестік артықшылық пен қосымша табыс табу мүмекіндігін беретін, тасымалдау компаниялары.
- Өркениеттен алыс орналсқан, корпоративтік және мемлекеттік тапсырыс берушілер (геологиялық экспедициялар, метеорологиялық және полярлық станциялар, әскери базалар, құтқару қызметтері).
- Саяхатшылар, олар үшін қай жерде болса да байланыс болуы маңызды.
Спутниктік интернеттің нағыз серпілісі дамушы елдерде байқалды, себебі бұл жерлерде деректерді беру үшін жерүсті инфрақұрылымы мүлдем жоқ. Omdia болжамы бойынша, 2022 жылдан 2030 жылға дейін Африкада спутниктік интернет пайдаланушыларының саны 140%-ға артады. Бұл құрлық елдеріне білім беруді жақсартуға, телемедицинаны дамытуға және түптің түбінде экономикалық өсуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
J’son&Partner талдаушылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай ғарыштағы төмен орбиталық спутниктердің саны 72 мыңнан асады
Ғарыштық жарыстың фавориттері
- SpaceX компаниясының Starlink жобасы спутниктік байланыс нарығында сенімді түрде көшбасшылықты сақтап, Илон Масктың бизнес-империясы үшін қаржы генераторына айналды. 2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша 8 мың спутниктен тұратын желі әлем бойынша 7,1 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Компанияның жоспары – спутниктер санын 42 мыңға дейін арттыру. Қаржылық көрсеткіштер әсерлі: егер 2022 жылы компанияның кірісі «бар болғаны» $1,4 млрд болса, 2024 жылы ол $8 млрд-қа жақындап, SpaceX табысының 50%-дан астамын құрады. Қайталанатын (тұрақты) төлемдердің үлесі жалпы қаржылық түсімдердің шамамен 80%-ын құрайды. Бұл бизнес-модельді өте тұрақты және болжамды етеді. Quilty Space зерттеу компаниясының аналитиктері Starlink кірісі 2025 жылы $12 млрд шамасында болады деп болжайды. Компанияның позициясын нығайтуға EchoStar (SATS) халықаралық телекоммуникациялық алыбынан спутниктік және мобильді байланыс үшін шамамен 2 ГГц диапазонында AWS-4 және H-block спектрлеріндегі жиіліктерді сатып алу жөніндегі соңғы мәміле ықпал етті. Осы келісімнің арқасында Starlink қамту аймағын едәуір кеңейте алады.
- OneWeb – спутниктік байланыс секторындағы көлемі бойынша екінші ірі ойыншы, Eutelsat (EUTLF) компаниясының құрылымдарының бірі. Компания шамамен 650 спутниктен тұратын желіге ие, ол полярлық аймақтарда ең тығыз қамтуды қамтамасыз етеді, ал экваторға жақын жерлерде байланыс қолжетімділігі төмендейді. 2025 жылдың тамызындағы жағдай бойынша OneWeb-тің жерүсті инфрақұрылымы әлем бойынша 29 қатысу нүктесін және спутниктік желінің 40 торабын қамтиды.
- Amazon (AMZN) Kuiper операторына ие – бұл нарықтағы көлемі бойынша үшінші ойыншы. 2025 жылдың қыркүйегінде оның жүзден астам спутнигі болды. Amazon желіні 3,2 мыңнан астам аппаратқа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Олар үш орбиталық биіктікте орналасады – 590, 610 және 630 км. АҚШ-тың Байланыс жөніндегі федералдық комиссиясы берген лицензияға сәйкес, Amazon осы спутниктердің жартысын 2026 жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей іске қосуға міндетті. Осылайша, компания бірнеше айдан кейін-ақ секторда екінші орынға көтерілуі мүмкін.

Дереккөз: unoosa.org
Жан-жақты дамыту
Aerodoc зерттеу компаниясының шолуы бойынша, алдағы уақытта телеком саласы үшін спутниктік және жерүсті байланысының үйлесімі шешуші мәнге ие болады. Серпіліс мобильді телефондарды тікелей спутниктік байланысқа қосу технологиясының (D2D) интеграциясы арқылы қамтамасыз етіледі, бұл технология 2024 жылдың соңында Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) мен Telesat (TSAT) компаниясы тарапынан сәтті сынақтан өтті. Ұялы операторлар мен спутниктік интернет провайдерлері арасындағы коллаборацияның жарқын мысалы – 2025 жылдың наурызында үнділік Airtel (AARTY) мен SpaceX арасында Starlink қызметтеріне қатысты жасалған келісім. Бұл компанияларға жерүсті мобильді оператордың ұсыныстарын кеңейту үшін спутниктердің мүмкіндіктерін зерттеуге жол ашады. Тағы бір мысал – АҚШ-тың жетекші телекомдарының бірі T-Mobile (T) мен Starlink арасындағы серіктестік. Бұл келісім компанияға жаңа мұнаралар салмай-ақ мобильді байланыстың «өлі аймақтарын» жою үшін Direct-to-Cell қызметін спутниктер арқылы пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік берді.
Қиындықтар мен шектеулер
Таңқаларлық өсімге қарамастан, LEO-спутниктік интернеті елеулі қиындықтарға тап болып отыр.
Ең өзекті мәселелердің бірі – орбитаның шамадан тыс жүктелу қаупі және ғарыштық қоқыс көлемінің артуы. Starlink деректеріне сәйкес, 2025 жылы күн сайын орбитадан бірден төртке дейінгі аппарат шығады. Бұл олардың қызмет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты. Компанияның айтуынша, спутниктер атмосфераның тығыз қабаттарынан бақыланатын өту үшін бағытталады, сол жерде олар толықтай жанып кетеді. Дегенмен, әлемдік ғылыми қауымдастық мемлекеттерді Жер маңындағы кеңістікті пайдалануды қатаң реттеуге шақырады.
Ең өзекті мәселелердің бірі – орбитаның шамадан тыс жүктелу қаупі және ғарыштық қоқыс көлемінің артуы. Starlink деректеріне сәйкес, 2025 жылы күн сайын орбитадан бірден төртке дейінгі аппарат шығады. Бұл олардың қызмет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты. Компанияның айтуынша, спутниктер атмосфераның тығыз қабаттарынан бақыланатын өту үшін бағытталады, сол жерде олар толықтай жанып кетеді. Дегенмен, әлемдік ғылыми қауымдастық мемлекеттерді Жер маңындағы кеңістікті пайдалануды қатаң реттеуге шақырады.
Кейбір дәстүрлі провайдерлер реттеуді біріздендіруге ұмтылып, спутниктік компаниялар да лицензиялық алымдарды төлеуге, әмбебап қызмет көрсету қорларына жарна аударуға және контентті заңнамаға сәйкес бақылауға міндетті болуы керек деп есептейді.
Deloitte аналитиктерінің пікірінше, LEO-желілер мен LTE байланыс операторлары арасындағы қарсыласу жерүсті телекоммуникация дәуірінің аяқталуын емес, оның эволюциясының келесі кезеңін білдіреді. Спутниктік интернет нарығының өсуі синергияға мүмкіндік туғызады. Көптеген әлеуетті пайдаланушылар үшін спутниктік технологиялар цифрлық экономикаға, онлайн-білімге және денсаулық сақтау саласына жалғыз көпір болып қала береді. Алдағы бес жыл жерүсті және орбиталық желілер біртұтас гибридті экожүйе құрайтын телекоммуникациялық шындықтың келбетін айқындайды. Дәл осы жақын ғарыш технологияларды жаһандық байланыстың мүлде жаңа деңгейіне шығаруға тиіс.