Финансист №4 (40) 2025

Телеком-байопик

Салаға арналған бейнесаяхат

Ескере жүріңіз

Бұл бөлімде терминдер мен білім беру контентімен бастарыңызды қатырмай, осы нөмірдің тақырыбымен үндесетін фильмдер мен сериалдарды жинадық. Континенттерді жалғаған алғашқы кабельдер мен байланыстың эволюциясы туралы хикаялар, хакерлер мен болашақ технологиялары жайлы сериалдар, Spotify мен Fox News арнасының қалай пайда болғаны жөніндегі оқиғалар – осының бәрі кешкі уақытта қосып қойып, индустрияның күрделі әлемін тамашалауға арналған.

Мыс сымдардан «цифрға» дейін

Алдымен When Wire Was King: The Transformation of Communications атты деректі фильмді көруге кеңес береміз. Бұл атауды қазақша  «Сымдар патшалық құрған кезде немесе Байланыстың трансформациясы» деп аударуға болады. Фильмнің өзегінде – телефон желілерінің эволюциясы, бәсекелестік және реттеу тарихы, олар бүгінгі интернет пен мобильді сервистердің негізін қалаған. Телеком тарихының тағы бір маңызды қырына арналған деректі фильм – The Cable that Changed the World («Әлемді өзгерткен кабель»). Бұл туындыдан сіз алғашқы трансатлатикалық суасты байланыс желісінің қалай жасалғанын (біз оны 6-7 беттерде атап өттік), оның әлемді қалай біріктіргенін және неге бүгінгі күнге дейін ғаламдық трафиктің 99%-ы спутниктер арқылы емес, теңіз түбімен өтетінін білесіз.

Хакеры, желілер және  цифрлық прогресстің көлеңкелі жағы

Егер жүйкеңізді қоздырғыңыз келсе, сыншылар жоғары бағалаған «Мистер Робот» (Mr. Robot) сериалын көруге кеңес береміз. Ол хакерлер мен цифрлық инфрақұрылымның осал тұстарына арналған. Сериалда киберқауіпсіздік инженері туралы оқиға арқылы желілерге, деректер орталықтарына және байланыс операторларына жасалған шабуылдардың саяси және әлеуметтік дағдарыстарға қалай әкелетінін көрсетеді. IMDb порталында бұл туынды 10 балдың ішінде 8,5 ұпай алған.

Ал «Қара айна» (Black Mirror) атты атышулы сериал әр маусым сайн заманауи технологияларды шегіне жеткізіп, ықтимал болашақ әлемін көрсетеді. Сериялар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан кез келгенін бастай аласыз.  «Өміріңнің бүкіл тарихы» атты эпизодты ұсынамыз  – ол естеліктердің цифрлануы туралы.

Мүмкіндіктер мен сын-қатерлер

Телеком инфрақұрылымына негізделген бизнестің қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі білу үшін «Кремний алқабы» (Silicon Valley) және «Тоқта да жан» (Halt and Catch Fire) сериялдары да өте қолайлы. Біріншісі - комедиялық туынды, ондағы әзілдерді тіпті кейіпкерлердің прототиптерінің бірі саналатын Илон Маск мақтаған. Бұл - бірегей код жасау негізінде әлемдік стартап орталығында жаңа компанияның қалай пайда болғаны туралы хикая. Екінші сериал 1980 жылдардағы комьютер индустриясы мен портативті дербес компьютердің жасалуын баяндайды.

Цифрлық із және платформалар туралы деректі фильмдерден «Үлкен хакерлік шабуыл» (The Great Hack) туындысын көруге кеңес береміз. Ол Facebook пайдаланушыларының миллиондаған жеке деректерін заңсыз пайдалану арқылы Brexit  референдумы мен 2016 жылғы АҚШ президенттік сайлауы сияқты саяси оқиғаларға ықпал ету мәселесін зерттейді.

Табыс тарихы

Жаңа медиа шындықтың символына айналған брендтердің “өмірбаяны” бөлек назар аударуға тұрарлық. «Плейлист» (Playlist) фильмі Spotify-дің пайда болуын және бір стримингтік сервис тұтас бір буынның контент тұтыну әдетін қалай өзгерткенін көрсетеді. Бұл өзгеріс интернет-провайдерлерді трафиктің жарылғыш өсуіне және жаңа жазылым экономикасына бейімделуге мәжбүр етті.

«Ең мықты дауыс» (The Loudest Voice) фильмі Fox News телеарнасының құрылуы туралы баяндайды. Бұл арна АҚШ тарихындағы ең ықпалды медиахолдингтердің бірі болып саналады. Ол соңғы 30 жыл бойы саяси күн тәртібін және қоғамдық көңіл-күйді айқындап келеді және әлеуметтік-саяси ықпалдың қуатты құралына айналған.

Бұл аталған фильмдер цифрлық заманауи дәуірдің хроникасын құрайды: суасты кабельдерден бастап цифрлық платформаларға дейін, мобильді операторлардан стримингтік сервистерге дейін. Телеком әлдеқашан тек «интернет жеткізу қызметі» болудан қалды - онсыз қазіргі тұрмыс пен күнделікті өмірді елестету қиын. Бізге жаңа жылдық мерекелер бұл трендтерді графиктер мен диаграммалар арқылы емес, адам тағдырлары арқылы сезініп, түсінуге тамаша мүмкіндік сияқты көрінеді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!