Финансист №4 (40) 2025

Наталья Харлашина
шығарушы редактор
Болашақ желіде
Цифрлық әлемде жылдамдық – жаңа валюта. Оны сатып алады, сатады және қорғайды. Бірақ жылдамдық өздігінен пайда болмайды – оның артында бүгінгі технологиялардың, нарықтардың және сервистердің жұмысын қамтамасыз ететін күрделі телекоммуникациялық инфрақұрылым тұр.
Осы «Финансист» номерінде біз телекомды қосалқы сала ретінде емес, заманауи экономиканың негізі ретінде қарастырамыз. Байланыс күнделікті әдеттерді қалыптастырады, бизнестің тиімділігін анықтайды және қаржы нарықтарының динамикасына тікелей әсер етеді.
Бірнеше материалдар бұл шығарылымда байланыс стандарттарының эволюциясына арналған – электрлік телеграфтан бастап, бесінші және алтыншы буын желілеріне дейін. Миллисекундтық кідірістер мұнда абстракция болудан қалады: трейдерлер үшін бұл жіберіп алған мәміле, ал пилотсыз көлік үшін – жолаушылардың қауіпсіздігі. Біз деректерді беру жылдамдығы операторлардың, интернет-провайдерлердің және биржалық сервистердің жұмысын қалай өзгертетінін көрсетеміз және неге телеком қайтадан инвесторлардың назарында тұрғаны туралы айтамыз.
Басты назар – инфрақұрылымда. Желілердің жұмыс істеуі үшін континеттерді жалғайтын су асты кабельдері, операторлар бәсекелесіп отырған радиожиіліктері, ұялы байланыс мұнаралары және оларды жалға беретін жылжымайтын мүлік қорларының бизнесі қажет. Бұл шығарылымдағы инфографикалар анық көрсетеді: Жер Для функционирования сетей необходимы подводные кабели, соединяющие континенты, радиочастоты, за которые конкурируют операторы, сотовые вышки и бизнес фондов недвижимости, сдающих их в аренду. Бұл шығарылымдағы инфографикалар анық көрсетеді: Жер планетасы мен Жер маңы кеңістігі сөзбе-сөз байланыс желілерімен торланған.
Тағы да бір негізгі тақырып – жасанды интеллектінің дамуы мен логистиканы автоматтандыруға жылдам және тұрақты интернеттің ықпалы. ЖИ-трафиктің өсуі жаңа шешімдерді талап етеді, ал жауап ретінде edge computing – есептеулерді пайдаланушыға барынша жақындату келеді, Бұл кідірістерді азайтады, желілерді қайта құрады және саланың жаңа өсу нүктелерін қалыптастырады.
Шығарылымның кейіпкері – Wylsacom блогері, Валентин Петухов. Ауқымды аудиторияға ең танымал технология сарапшыларының бірі. Сұхбатта ол ЖИ-дің хай-текке әсері, индустрияның болашағы және неге кейде цифрлық детокс қажеттілікке айналатыны туралы айтады.
Ақырында, біз мереке қарсаңында демалып қана қоймай, телеком-индустрия саласының бүгінгі деңгейге қалай жеткенін жақсырақ түсіну үшін сол туралы фильмдер мен сериалдардың топтамасын жинадық.
Бұл шығарылым – жылдамдықты актив ретінде, байланысты жүйе ретінде және әлдеқашан келіп үлгерген болашақ туралы.
Ықыласпен оқыңыздар!