Финансист №4 (40) 2025

Гульдана Аухатова

Гульдана Аухатова

Freedom Broker аға дербес менеджері

Инвестицияның биігі – байланыс мұнаралары

Байланысқа инвестиция салудың ең консервативті тәсілі

Рет-ретімен

Телекоммуникациялық мұнаралар – көпқабатты үй биіктігіндей болат конструкциялар – қала көрінісінің үйреншікті элементіне айналды. Мобильді операторларға олар жабдықты орналастыру үшін қажет, онсыз біздің күнделікті телефон қоңырауларымыз, бейнеқоңырауларымыз немесе хабарламаларымыз мүмкін емес. АҚШ-тағы телеком-компаниялар һз аппараттарын орнату үшін орындарды жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын қорлардан – REIT (Real Estate Investment Fund) жалға алады.

Мобильдік инфрқұрылым картасы

UnivDatos бағалауы бойынша, 2020 жылы телеком мұнараларының әлемдік нарығы $33 млрд-қа жеткен. АҚШ бұл сегменттің шамамен үштен бірін алып, қалған әлем үшін стандарттарды белгілеп отыр.

Желілерге түсетін жүктеме жыл сайын артып келеді, бұл мұнараларға сұранысты көбейтеді, сондықтан операторлар ұзақ мерзімді жалдау келісімдерін жөн көреді. Бұл қорларға ондаған жылдарға кепілдендірілген төлем аынын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде: 2020 жылы Желілерге түсетін жүктеме жыл сайын артып келеді, бұл мұнараларға сұранысты көбейтеді, сондықтан операторлар ұзақ мерзімді жалдау келісімдерін жөн көреді. Бұл қорларға ондаған жылдарға кепілдендірілген төлем ағынын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде: 2020 жылы T-Mobile (TMUS) жетекші жылжымайтын мүлік инвестициялық қоры – Ameri­can Tower (AMT) компаниясымен жыл сайынғы 2–3% индексациясы бар 15 жылдық келісімшарт жасасты.

Әр мұнараның бір ерекшелігі бар, ол REIT-ті жылжымайтын мүлік нарығының ең тұрақты сегменттерінің біріне айналдырады: мұнараға бірнеше оператордың жабдығын бір уақытта орналастыруға болады. Бұл экономиканы түбегейлі өзгертеді.

American Tower есептеулері бойынша, бір оператор жалға алған жағдайда жалпы рентабельділік шамамен 40%-ды құрайды. Ал егер мұнарада үш компания жұмыс істесе, бұл көрсеткіш 74%-ға дейін өседі. Шығындар құрылымы іс жүзінде өзгермейді: іргетас, металоконструкция және электр энергиясы ортақ болып қалады. Сондықтан қорлар ауқымдылыққа ұмтылады: мұнаралар саны мен олардың толтырылуы артқан сайын, ақша ағыны соғұрлым тұрақты болады.

Ауқымдылықтың мұндай әсері, неге қор нарығы «мұнаралық» REIT-терді инфрақұрылымның ең тұрақты сегменттерінің бірі деп санайды. Классикалық коммерциялық жылжымайтын мүліктен айырмашылығы – онда жалға алушылар кетіп қалуы немесе шарттарды қайта қарауы мүмкін – байланыс операторлары техникалық тұрғыда нақты локацияларға байланған: жабдықты көрші учаскеге көшірудің өзі қамту геометриясын өзгертеді және желіні қайта баптауды талап етеді. Бұл бас тарту құнын арттырады. Демек, келісімшарт ммерзімін ұзартады және ақша ағынын әлдеқайда тұрақты етеді.

Мұнаралық модельдің тағы бір артықшылығы – инфрақұрылымның болжамдылығы. Мұнараның қаңқасы ондаған жылдар бойы өзгермейді, ал жанартаулар негізінен жабдыққа қатысты: операторлар тартқыштарды ауыстырады, жүйелерді баптайды, электр қуатының ақауларынан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл процестер уақытша тоқтауларға әкеледі, бірақ сала үшін бұл қалыпты күнделікті жұмыс.

Бірақ тұрақты техникалық үзілістерге қарамастан, қаржылық модель тұрақты болып қалады: ажлға алушылар, әдетте, техникалық жұмыстар кезеңінде де алаңды пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Мұнара иелері үшін бұл тұрақты табыс пен құрылыс жобаларына үнемі қаржы салмай-ақ маржаны сақтап қалу мүмкіндігін білдіреді.

Research Nester мәліметтері бойынша, 2025 жылы АҚШ-та 154 мың телеком мұнаралар есепке алынды. Оларды 126 компания иеленеді, бірақ нарық іс жүзінде үш ойыншыға бөлінген: American Tower (AMT), Crown Castle (CCI) және SBA Communications (SBAC). Бұл үштіктің АҚШ-тағы мұнараларының 80%-дан астамы қолында.

Үш көшбасшы

American Tower – ең ірі ойыншы, желісінде 149 мыңнан астам мұнара бар (оның ішінде АҚШ-та шамамен 43 мың). 2025 жылғы қарашаның басында компанияның кпитализациясы $86 млрд-тан асты. Қор жаңа бағытты – деректер орталықтарын белсенді дамытып жатыр. Бұл сегмент AMT кірісінің шамамен 10%-ын құрайды. Идея қарапайым: операторлар қордан мұнараларды жалға алады, сондықтан қосымша қызметтер – деректерді сақтау және сұраныстарды өңдеу – клиенттердің байланысын күшейтіп, олардың желілерінің тиімділігін арттырады.

2024 жылдың IV тоқсанынан 2025 жылдың II тоқсанына дейін American Tower қаржылық нәтижелері сарапшылардың болжамынан тұрақты түрде асып түсті. Компанияның кірісі он жыл бойы орта есеппен 10%-ға өсіп, 2024 жылы $10 млрд-қа жетті. Африкада, Азия-Тынық мұхиты аймағында және Латын Америкасында болуы бизнесті бір нарыққа тәуелділіктен сақтайды.

Crown Castle 2025 жылдың қараша айында 40 мың нысанамен $42 млрд-қа бағаланды. Он жыл бұрын қор ішкі нарыққа басымдық беріп, АҚШ-қа шоғырланды, шетелдік активтерін сатып, оның орнына оптикалық талшықты оператор Lightower-ді сатып алды. Бұл мұнаралар мен кабельдік интернетті біріктірген инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік берді. Алайда 2025 жылы Crown Castle талшықты сегментен шығатынын жариялап, ресурстарын мұнара желісін кеңейтуге бағыттады. Қор сондай-ақ аймақтық компанияларды сатып алу мүмкіндігін қарастыруда: нүктелік мәмілелер қарқынды өсіп келе жатқан өңірлерде қамтуды күшейте алады.

SBA Communications шамамен $20 млрд капитализациясымен үштік көшбасшыларды түйіндейді. Компания желіні тек АҚШ-та ғана емес (мұнда оның 17 мың мұнарасы бар), Оңтүстік Америка мен Африкада да дамытып отыр, жалпы 39 мыңнан астам нысанға иелік етеді. SBA сондай-ақ желілерді жобалау және жабдықты техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады, осылайша кіріс көздерін кеңейтеді. 2025 жылдың II тоқсанында қор брондау көлемінің қатарынан алтыншы өсу кезеңін тіркеді – бұл көрсеткіш көбіне кірістің жеделдеуі алдында байқалады.

Фото: ашық дереккөзден

5G – сұраныстың қозғалтқышы

5G желілері тек деректер тұтыну көлемін ғана емес, тұрақты әрі лезде байланыс қажет болатын технологиялық процестер санын да арттырады. Оларға ақылды көлік жүйелері, өнеркәсіптегі егжей-тегжейлі телеметрия, жоғары ажыратымдылықтағы бейне ағындары, сондай-ақ бұрын интернетке қосылмаған тұрмыстық құрылғылар жатады. Дамыған елдерде соңғы бес жылда мобильді деректер көлемі жыл сайын 15–20%-ға өсіп отыр. Crown Castle болжамы бойынша, мұндай қарқын тағы 10–12 жыл сақталады.

Интернет-трафиктің өсуі инфрақұрылымды «тығыздауды» қажет етеді. Оператор жаңа мұнара салмаса да, оған қосымша жабдық керек, ол бар REIT мұнараларына орналастырылады. Бұл мұнара иелеріне кіріс пен рентабельділікті арттыруға мүмкіндік береді.

American Tower сұраныстың жеделдегенін байқап отыр: 2025 жылдың алғашқы жартысында ірі америкалық операторлардан түскен өтінімдер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 50%-дан астам өсті. Бұл ұзақ мерзімді үрдісті көрсетеді: трафиктің өсуі қамтуды кеңейтуді сөзсіз талап етеді.

Халықаралық CTIA сымсыз байланыс қауымдастығының деректері бойынша, АҚШ-та төрт адамнан тұратын отбасында интернетке орта есеппен 50 құрылғы қосылған

Спектр алмасу

Инновациялар операторлардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, мұнаралық индустрияның өз моделін шайқалтуы мүмкін. Ең көп талқыланатын құралдардың бірі – spectrum swaps (спектр алмасу), ол бір жабдықты әртүрлі жиіліктер үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл технология операторларға физикалық инфрақұрылымды кеңейтпей ақ желілерді оңтайландыруға жол ашады.

Бұл идея бұрын мұнара иелері үшін теориялық қауіп ретінде қабылданса, енді тәуекелдер іс жүзінде жүзеге асып жатыр. Кейбір жалға алушылар жиіліктердің бір бөлігін пайдаланбайтынын алға тартып, келісімшарттардан бас тарта бастады. Серіктестер арасында сот даулары жүріп жатыр, ал жалдау төлемдері шынымен де қорларға жетпей қалуда. Операторлар үшін бұл шығындарды азайту әрекеті болса, инфрақұрылым иелері үшін – кіріс пен модельдің тұрақтылығына соққы.

Мұнаралардан толықтай бас тарту бәрібір мүмкін емес: сигнал белгілі бір биіктікке көтеріліп, аумақты қамтуы тиіс. Бірақ операторлардың жалға алынған инфрақұрылымға тәуелділік деңгейі өзгеріп келеді. Бұрын жаңа жабдық орнату қаже болған жерде енді бар қуаттарды пайдалану жолдары пайда болуда.

Егер spectrum swaps технологиясы кеңінен тарала берсе, жаңа мүнараларға сұраныс айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Желілер тығыз күйінде қалады, жабдық көлемі әлі де өседі. Бірақ жалға алушылардың экономикалық логикасы өзгереді: міндеттемелер аз, икемділік көп. Дәл осы фактор индустрияға негізгі қысым көзіне айналуда.

Жоғарғы тұрақтылық

Мобильдік байланыс – негізгі инфрақұрылым кез келген экономикалық сценарийде қажет сирек сегменттердің бірі. Бұл саладағы REIT қорлары жалға беруден түсетін болжамды табысты, ұзақ мерзімді келісімшарттарды және ауқымды масштабтау әлеуетін біріктіреді. Бұл инвесторларға тұрақты дивидендтік кіріс алуға мүмкіндік береді.

Трафиктің өсуі, 5G желілерінің дамуы, ЖИ-дің таралуы және қосылған құрылғылар санынынң артуы телекоммуникациялық мұнаралар нарығында жұмыс істейтін жылжымалы мүлік инвестициялық қорларының бизнесі үшін берік негіз қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!