Инвестициялық шолу №346. Жасыл толқында

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

Freedom жаңалықтары

Стэнфордта Freedom Holding Corp. кейсі бойынша семинар өтті

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Стэнфорд жоғары бизнес мектебінің (Stanford Graduate School of Business) Freedom компаниясының халықаралық цифрлық экожүйеге трансформациялануына арналған бизнес-кейсті талқылау семинарына қатысты. Сабаққа сондай-ақ холдинг президенті Асқар Таштитов қатысты. Университетке Қазақстанның жетекші БАҚ редакцияларының басшылары да келді. Ашық диалог форматында қатысушылар компанияның негізгі бизнес-шешімдерін талқылап, нақты сценарийлерді талдады және даму кезеңдерінің әртүрлі сатысында өз тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар студенттер Тимур Турловқа сұрақ қойып, онымен технологиялық экожүйені дамыту, бизнесті ауқымдау және жылдам өсіп келе жатқан халықаралық компанияны басқару тәсілдерін талқылауға мүмкіндік алды.

Freedom бірыңғай брендке ауқымды трансформация басталғанын жариялады

Freedom Holding Corp. бірыңғай брендке көшу туралы жариялады. Бұл шешім компанияның тұтас цифрлық экожүйені дамыту және топ бизнесін ортақ Freedom бренді аясында біріктіру жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Bank, Broker сияқты нақтылаушы қосымшалар логотиптерде қолданылмайды.

Бренд трансформациясы топтың нарықтағы позициясын күшейтуге, сервистердің танымалдығын арттыруға және клиенттер мен серіктестер үшін тұтас пайдаланушылық тәжірибе қалыптастыруға бағытталған.

Ребрендинг аясында топ құрамындағы компаниялар холдинг қатысатын барлық елдерде бірыңғай визуалды сәйкестілікке, бренд архитектурасына және коммуникациялық модельге кезең-кезеңімен көшеді.

«Бренд трансформациясы — Freedom-ның бірыңғай экожүйе ретінде дамуының қисынды жалғасы. Бүгінде біздің өнімдер мен сервистер өзара жеткілікті дәрежеде интеграцияланған, ал бірыңғай бренд бұл байланысты клиент үшін анағұрлым түсінікті әрі танымал етеді. Банктік, брокерлік, сақтандыру немесе lifestyle-сервистерді пайдаланған кезде адам бірыңғай тәсілді, сапа стандарттарын және пайдаланушылық тәжірибені сезінуі тиіс. Біз үшін бұл тек брендтерді визуалды біріктіру ғана емес, оның өзегінде клиент қажеттіліктері айналасында цифрлық экожүйе құру жатқан стратегияның көрінісі», — деп атап өтті Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Freedom Holding Corp. 2026 қаржы жылында $2,2 млрд кіріс тапты

Холдингтің 31 наурызда аяқталған 2026 қаржы жылындағы кірісі $2 191 млн болды, бұл бір жыл бұрынғы $2 млрд көрсеткіштен жоғары. Салыққа дейінгі пайда $226 млн-ды, таза пайда $153,3 млн-ды құрады, ал бір жай акцияға шаққандағы пайда $2,56-ға дейін өсті.

Бағалы қағаздармен саудадан алынған таза пайда $158,8 млн-ды құрады (бұған дейінгі $57,8 млн шығынмен салыстырғанда). Бұл өсім 2026 қаржы жылында Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары мен корпоративтік қарыз құралдарын сатудан алынған іске асырылған таза пайдамен байланысты.

Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістің артуы негізінен Freedom Cloud Holding сатып алынғаннан кейін телекоммуникация секторына шығумен, сондай-ақ Arbuz.kz платформасындағы клиенттік белсенділік пен тапсырыс көлемдерінің өсуімен байланысты.

«2026 қаржы жылы Freedom Holding Corp. үшін бизнесті жүйелі түрде нығайту, экожүйені одан әрі кеңейту және жаңа бағыттардағы стратегиялық бастамаларды іске асыру кезеңі болды. Біз кірістің тұрақты өсімін көрсеттік, клиенттік базаны ұлғайттық, негізгі сегменттердегі позицияларымызды күшейттік және халықаралық экспансияны жалғастырдық. Бұл нәтижелер біздің ұзақмерзімді стратегиямыздың тиімділігін, команданың жоғары деңгейдегі тартылуын және клиенттер, серіктестер мен инвесторлар тарапынан көрсетілген сенімді айқын көрсетеді», — деп пікір білдірді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!