«Алмасу» қызметінен бөлек, Freedom Broker сауда платформасында «Валюта айырбастау» қызметі де қолжетімді.
Бұл сервис бастапқыда криптовалюталармен операциялар жасауға арналған. Сонымен қатар, оның көмегімен «Алмасу» сервисінде қолжетімді емес қосымша валюта бағыттары бойынша да айырбастау жасауға болады.
«Валюта айырбастау» қызметі туралы толығырақ ақпаратты мақаладан оқи аласыз.
«Алмасу» және «Валюта айырбастау» сервистеріндегі бағамдар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. «Валюта айырбастау» тапсырмасындағы бағамдар криптовалюта сауда алаңдарының деректері негізінде қалыптастырылады. Тапсырманы жібермес бұрын, тапсырма нысанында көрсетілген өзекті айырбастау бағамымен танысу ұсынылады.
Қызметті қалай пайдалануға болады:
Freedom Broker сауда платформасында валютаны келесі жолмен конвертациялауға болады:
- Freedom Broker мобильді қосымшасында → Мәзір → Тапсырмалар → Ақша қаражаты → Валюта айырбастау;
- Freedom Broker веб-нұсқасында → Кабинет → Тапсырмалар → Валюта айырбастау.
Валюта жұптары бойынша айырбастау уақыты (GMT+5, Астана қ. уақыт белдеуі):
KZT/RUB - 07:00 - 19:00
BTC/USD - тәулік бойы
ETH/USD - тәулік бойы
USDC/USD - тәулік бойы
USDT/USD - тәулік бойы
USD/USDC - тәулік бойы
USD/USDT - тәулік бойы
Ескертпе
Криптовалюталарға қатысты бағыттар тек D-жинақ шоты үшін ғана көрсетіледі.