Freedom Broker мобилді қосымшасына қалай кіруге болады?
Freedom Broker мобилді қосымшасына қалай кіру үшін:
1. Қосымшаны ашыңыз.
Егер тіркеліп қойсаңыз, «Кіру» батырмасын немесе егер бірінші рет қолдансаңыз, «Шот ашу» батырмасын басыңыз.
2. Авторизациялану тәсілін таңдаңыз.
- E-mail арқылы: тіркелген кезде көрсеткен электрондық поштаңызды және пароліңізді енгізіңіз.
- Телефон нөмірі арқылы: тіркелген кезде көрсеткен ұялы нөміріңізді енгізіңіз. Жүйеге кіру үшін 30 секундта SMS-код жіберіледі. Егер қандай да бір себептерге байланысты код келмесе, 30 секундтан соң оны қайта сұратуға болады
3. Шот таңдаңыз.
Егер сіздің бірнеше брокерлік шотыңыз болса, кіргеннен кейін тізімдегі керек шотты таңдаңыз. Шотты кейінірек «Мәзір» бөлімінде ауыстыруға болады.
4. ПИН-код ойлап табыңыз.
Қауіпсіздігіңіз үшін төрт таңбалы ПИН-код ойлап табыңыз. Сол арқылы қосымшаға жылдам кіруге болады. Сондай-ақ Face ID немесе Touch ID арқылы кіруіңізге болады.
Freedom Broker мобилді қосымшасына кіруіңіз сәтті аяқталды. Енді оның барлық функциясын пайдалануыңызға болады!
Егер қосымшаға кіргенде қиындықтар болып, SMS-код келмесе, Freedom Broker-дің қолдау қызметіне хабарласыңыз.