WhatsApp-қа SMS көшірмесін қалай қосуға болады?
«WhatsApp-қа SMS көшірмесі» функциясы WhatsApp-та қауіпсіздік сессиясын ашу үшін растау кодтарын алуға мүмкіндік береді.
Функцияны Freedom Broker мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында қосуға болады.
- Мобильді қосымшада
1. Freedom Broker мобильді қосымшасына кіріңіз.
2. «Мәзір» → «Тапсырыстар» бөліміне өтіңіз.
3. «Шот баптаулары» санатында «WhatsApp байланыстыруды басқару» тармағын таңдап, қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
4. «SMS жіберу» батырмасын басыңыз.
5. WhatsApp-қа келген кодты көшіріп алып, оны «WhatsApp ботын қосу кілті» өрісіне енгізіңіз.
6. «Растау» батырмасын басып, көрсетілген деректерді тексеріңіз және тапсырысты жіберіңіз.
7. Тапсырыс сәтті орындалғаннан кейін WhatsApp-қа тиісті хабарландыру келеді
- Веб-нұсқада
1. Freedom Broker веб-нұсқасына кіріңіз.
2. «Кабинет» бөліміне өтіп, қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
3. «Қауіпсіздік» санатында «WhatsApp байланыстыруды басқару» тармағын таңдаңыз.
4. «SMS жіберу» батырмасын басып, келген кодты тиісті өріске енгізіңіз.
5. Растап, тапсырысты жіберіңіз.
6. Тапсырыс сәтті орындалғаннан кейін WhatsApp-қа тиісті хабарландыру келеді.
Функция қосылғаннан кейін қауіпсіздік сессиясын ашуға арналған растау кодтары WhatsApp-қа келетін болады.
Маңызды! SMS-кодтар брокерлік шотта көрсетілген ағымдағы телефон нөміріне жіберіледі. Қажет болған жағдайда телефон нөмірін өзгертуге болады.
WhatsApp-қа SMS көшірмесін қалай өшіруге болады?
Функцияны Freedom Broker мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында өшіруге болады.
- Мобильді қосымшада
1. Freedom Broker мобильді қосымшасына кіріп, «Мәзір» → «Тапсырыстар» бөліміне өтіңіз.
2. «Шот баптаулары» санатында «WhatsApp байланыстыруды басқару» тармағын таңдап, қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
3. «Ботты ажырату» тармағын белсендіріңіз.
4. «Растау» батырмасын басып, келген кодтың көмегімен қол қоя отырып, тапсырысты жіберіңіз.
- Веб-нұсқада
1. Freedom Broker веб-нұсқасына кіріп, «Кабинет» бөліміне өтіңіз.
2. Қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
3. «Қауіпсіздік» бөлімінде «WhatsApp байланыстыруды басқару» тармағын таңдаңыз.
4. «Ботты ажырату» тармағын белсендіріңіз.
5. «Растау» батырмасын басып, тапсырысты жіберіңіз.
Тапсырыс орындалғаннан кейін WhatsApp-қа SMS көшірмесі функциясы өшіріледі.