Құпия сөзді қалпына келтіру
1. Freedom Broker платформасының мобильді қосымшасының бас бетінде "Қолжетімділікті қалпына келтіру" батырмасын басыңыз.
2. Бұдан әрі қосымша сізге құпия сөзді - телефон нөмірі, email, клиенттің коды немесе логиніңіз бойынша қалпына келтіру нұсқаларын ұсынады.
3. Содан кейін растау кодын алу үшін қалаған әдісіңізді таңдаңыз - байланыс нөмірі немесе email.
4. Алынған кодты енгізіп, жаңа құпия сөзді орнатыңыз.
Құпия сөзді өзгерту
Егер сіз платформада авторизацияланған болсаңыз, құпия сөзді өзгерту үшін, жүйеден шығыңыз, одан әрі жоғарыда сипатталған рәсімді орындаңыз.
Сондай-ақ, қосымшаға тек құпия сөз арқылы ғана емес, бір реттік SMS-код бойынша да кіруге болады.
Егер әлі де кіру мүмкін болмаса, жеке менеджеріңізге немесе 7555 нөміріне хабарласыңыз.


