Сіз брокерлік шотқа байланыстырылған телефон нөмірін екі тәсілмен өзгерте аласыз.
1-тәсіл. Freedom Broker платформасында өз бетінше
(алдыңғы байланыс нөмірін пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда)
1. Freedom Broker платформасына ыңғайлы тәсілмен кіріңіз:
• Freedom Broker платформасының мобильді қосымшасында → «Мәзір» → «Тапсырма» → «Дербес деректер» бөлімінде → «Телефон нөмірін өзгерту» тапсырмасы.
• Freedom Broker платформасының веб-нұсқалары→ «Кабинет» → «Тапсырма» → «Дербес деректер» → «Телефон нөмірін өзгерту» бөлімінде.
2. Қауіпсіздік сессиясын ашыңыз.
3. Жаңа байланыс телефон нөмірін көрсетіп, «Растау» батырмасын басыңыз.
4. Келіп түскен 6 таңбалы кодты енгізіп, «Растау» батырмасын басыңыз.
Дайын! Сіздің байланыс нөміріңіз бірден жаңартылады.
2-тәсіл. Компанияның байланыс деректері бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Маңызды! Қауіпсіздік мақсатында сәйкестендіру үшін дауыстық құпия сөзді пайдалану қажет.
«Дауыстық құпиясөзді» қалай орнатуға болатыны туралы нұсқаулық
1. Телефон
7555 — Қазақстанның мобильді операторларынан қоңырау шалу тегін.
+7 7172 67 77 55 — Қазақстанның қалалық нөмірлерінен қоңырау шалу тегін, халықаралық және ұялы телефондардан қоңырау шалу ақылы.
2. E-mail
[email protected] — сұратуды авторизацияланған электрондық поштадан жіберу қажет.
3. Freedom Broker → «Қолдау» арқылы нөмірді өзгертуге сұрату жіберіп, байланысуға болатын телефон нөмірін көрсетіңіз.
Маңызды! Байланыс деректерін ауыстыру үшін қауіпсіздік мақсатында сәйкестендіру рәсімінен өту қажет.


