Брокерлік есеп - бұл сіздің брокерлік шотыңыздағы барлық операцияларыңыздың детализациясы. Сонымен қатар, бұл сіздің бағалы қағаздарыңыздың ұстаушысы екендігіңіздің құжаттық дәлелі. Мысалы, Freedom Broker компаниясының брокерлік есебі сіз акцияларын сатып алған компаниялардың акционерлерінің жиналыстарына қатысу үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Брокерлік шот не үшін қажет?
Егер сіз мәмілелер, портфель, комиссиялар және басқа да көрсеткіштер бойынша толық ақпарат алғыңыз келсе, брокерлік есеп қажет болуы мүмкін. Бұл салық декларациясын толтырған кезде көмектеседі. Есеп беру кезеңін өзіңіз орната аласыз.
Брокер есебіне қандай деректер кіреді?
• сіздің портфеліңіздегі ашық позициялар туралы ақпарат;
• ақшаны толықтыру және шығару;
• мәмілелер;
• валюта бойынша қалдықтар;
• комиссиялар;
• ақша мен бағалы қағаздардың қозғалысы (мысалы, дивидендтер немесе Freedom Broker ішіндегі шоттар арасындағы аударымдар).
Брокер есебін қалай алуға болады?
Брокер есебін бірнеше жолмен алуға болады:
1. Мобильді қосымшадағы Freedom Broker платформасынан немесе веб-нұсқадан өз бетіңізше жүктеп ала аласыз.
2. Менеджерге немесе қолдау қызметіне хабарласу арқылы компаниядан сұрау (Freedom Broker-дегі «Қолдау» → «Қолдау қызметіне жазу»);
3. «Кабинет» → «Құжаттарға тапсырыс беру» арқылы құжатқа тапсырма беру.