Инвестициялық шолу №346. Жасыл толқында

Вадим Меркулов

Вадим Меркулов

Freedom Finance Global Талдау департаментінің директоры

Digital Realty Trust. ЖИ қуаттарын күшейтуге арналған база

DLR акциялары $223 мақсатты бағамен инвестиция үшін тартымды

АҚШ инвестидеясы

Компания туралы

Digital Realty Trust (DLR) әлемдегі ең ірі жария жылжымайтын мүлік инвестициялық қорларының (REIT) қатарына кіреді, оның портфелінде 55-тен астам агломерацияда орналасқан 309 деректер орталығы бар. Компания гиперскейл бұлтты қызмет провайдерлерін, байланыс операторларын және қаржы институттарын қоса алғанда, кең ауқымды жалға алушылар базасымен жұмыс істейді. DLR 1 МВт-тан жоғары қуаттарды жалға ұсынумен қатар, 0–1 МВт аралығында колокация қызметтерін және желіаралық қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 1 МВт-тан жоғары қуатты жалға беру келісімшарттары компанияның жылдық жалдау табысының негізгі бөлігін қалыптастырады.

Тикері DLR
Талдау сәтіндегі акция бағасы $190
Акциялардың мақсатты бағасы $223
Өсу әлеуеті 17,4%

 

Индекстерге
қарсы науқан
Күн Апта Ай Тоқсан Жыл
DLR (0,7%) (1,1%) (2,3%) 7,2% 10,3%
S&P 500 0,2% 1,4% 6,2% 10,2% 28,2%
Russell 2000 (0,6%) 1,7% 6,6% 10,9% 40,7%
DJ Industrial Average 0,7% 0,9% 4,4% 4,2% 20,9%
NASDAQ Composite Index 0,2% 2,4% 9,3% 19,0% 40,7%

 

DLR баға белгілеу динамикасы, $

 

Негізгі инвестициялық тезистер

AI-ге сұраныстың артуы портфельдің өсуін қамтамасыз етті. Digital Realty компаниясы бүгінге дейінгі екінші ең жоғары тоқсандық жаңа келісімшарт көлемін – 423 миллион долларды тіркеді. Бұл көрсеткішке Шарлоттедегі инвестициялық деңгейдегі гиперскалерге 200 МВт инференциялық қуатты жалға беру кіреді. 0–1 МВт және интерконекция сегменттері мықты көрсеткіш көрсетті. Жаңа келісімшарт көлемі 98 миллион долларға жетіп, үшінші тоқсан қатарынан рекорд орнатты (оның шамамен 21 %-ы AI жүктемелеріне тиесілі), бұл Америка аймағындағы белсенділік пен жоғары қуатты сегменттегі тұрақты сұраныстың арқасы. DLR-ге тиесілі тапсырыстар портфелі тоқсаннан тоқсанға 26%-ға өсіп, 1,03 млрд долларға жетті. Осы көлемнің 544 млн доллары биылғы жылдың соңына дейін, ал 247 млн және 242 млн доллары 2027–2028 жылдары кіріс әкеле бастайды деп күтілуде.

Баға мен жалға алу ақысының өсуіне ықпал ететін фактор ретінде ұсыныстың шектеулі болуы. Жабдық пен еңбек ресурстарының тапшылығы, сондай-ақ қоғамдық қарсылық жаңа қуаттылықты қосуды шектеп, баға белгілеу тенденцияларын қалыптастыруда. Digital Realty компаниясының басқармасы ағымдағы жылға ақшалай негіздегі жалға алу өсімі бойынша болжамын 6–8%-дан 6,5–8,5%-ға, ал GAAP негізінде 8,5–10,5%-дан 9,5–11,5%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар, біздің ойымызша, 1 МВт-тан асатын сегменттегі DLR-дің жалға беру келісімшарттарының едәуір бөлігі қазіргі нарықтық бағадан төмен болып қала береді, бұл келісімшарттар жаңартылған кезде қосымша кіріс өсімінің әлеуетін тудырады.

Жаңа қуаттарды іске қосу табыс өсімінің драйвері ретінде. DLR-дың бірінші тоқсандағы девелопментке жұмсаған капиталы $910 млн болды, бұл ретте 63 МВт жаңа қуат енгізілді (оның 84%-ы алдын ала келісімшартпен бекітілген). Сонымен қатар компания жиынтық қуаты 464 МВт болатын жаңа дата-орталықтардың құрылысын бастады (оның 50%-ы келісімшартпен бекітілген), осылайша құрылыстағы жобалардың жалпы көлемін 1,2 ГВт-қа жеткізді (61%-ы келісімшартпен қамтамасыз етілген). Күтілетін табыстылық шамамен 11,4% деңгейінде қалып, қарыз құнынан едәуір жоғары болып отыр, бұл тартымды спрэдті сақтайды. Жобалар портфелі объектілер іске қосылып, тұрақтанған сайын таза операциялық табыстың (NOI) және операциялық қызметтен түсетін қаражат көлемінің (FFO) өсуін қолдауы тиіс.

АИ тренді инвестициялық тартымдылықты арттыратын фактор ретінде. Bloomberg Intelligence бағалауынша, Amazon (AMZN), Microsoft (MSFT), Alphabet (GOOGL), Meta (META) және Oracle (ORCL) компанияларының ағымдағы кезеңдегі капиталдық шығындары шамамен $700 млрд деңгейіне жетуі мүмкін, өйткені ИИ инфрақұрылымына жұмсалатын инвестициялар қарқынды түрде ұлғаюда. McKinsey 2025 жылғы 82,3 ГВт-тан 2030 жылға қарай дата-орталық қуаттарына әлемдік сұраныс 219,0 ГВт-қа дейін өседі деп болжайды. Осы аяда Bloomberg Intelligence деректеріне сәйкес, Digital Realty, Equinix, Prologis, Iron Mountain және American Tower компанияларының жиынтық қуаты қолданыстағы нысандарды, сондай-ақ құрылыстағы және жоспарланған жобаларды қоса алғанда, бар-жоғы шамамен 20 ГВт-ты құрайды. Қуаттардың құрылымдық тапшылығы жалдау келісімшарттарының жоғары қарқынмен жасалуына ықпал етіп, дата-орталықтар сегментіндегі ірі қорлардың баға белгілеу мүмкіндігін сақтап отыр.

DLR акциясы бойынша ұсыныс — «сатып алу», мақсатты баға — $223. Stop-loss деңгейін $175 деңгейінде белгілеуді ұсынамыз.

 

Коэффициенттерді талдау 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E 2031E
ROE 2,8% 5,7% 2,1% 1,9% 2,0% 2,0% 2,1% 2,1%
ROA 1,3% 2,7% 1,0% 0,9% 0,9% 0,9% 1,0% 1,0%
ROCE 2,6% 4,0% 2,2% 2,1% 2,1% 2,1% 2,1% 2,2%
Түсім/Активтер (x) 0,12x 0,13x 0,13x 0,13x 0,13x 0,13x 0,13x 0,13x
Пайыздарды жабу
коэффициенті (x)
2,35x 3,97x 2,11x 1,98x 2,00x 2,02x 2,03x 2,04x

 

Маржиналдық 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E 2031E
Жалпы маржа 55% 55% 56% 56% 56% 56% 56% 56%
EBITDA бойынша маржа 51% 59% 46% 45% 45% 45% 45% 45%
Таза пайда бойынша маржа 10% 21% 8% 7% 7% 7% 7% 7%

 

Қаржылық көрсеткіштер, $ млн 2024A 2025A 2026E 2027E 2028E 2029E 2030E 2031E
Үсім 5 555 6 113 6 836 7 650 8 584 9 558 10 454 11 225
Негізгі шығындар -2 519 -2 727 -3 011 -3 402 -3 818 -4 251 -4 649 -4 992
Жалпы пайда 3 036 3 386 3 825 4 248 4 766 5 307 5 805 6 233
Басқа пайда/(зиян) -201 247 -699 -812 -898 -988 -1 071 -1 143
EBITDA 2 835 3 632 3 126 3 436 3 868 4 319 4 733 5 090
Амортизация 1 772 1 895 2 101 2 355 2 642 2 942 3 218 3 455
EBIT 1 063 1 738 1 025 1 081 1 226 1 376 1 515 1 634
Пайыздық төлемдер (кірістер) -453 -438 -487 -545 -612 -681 -745 -800
Мерзімінен бұрын өтеуден болған зиян -6 0 -4 0 0 0 0 0
EBT 617 1 300 542 536 614 696 770 835
Салықтар -55 -32 -29 -20 -22 -25 -28 -30
Жай акцияларға арналған пайда 562 1 268 513 517 592 671 743 805
Сұйылтылған EPS $1,61 $3,58 $1,42 $1,40 $1,56 $1,72 $1,85 $1,94
DPS $4,88 $4,88 $4,88 $5,24 $5,69 $6,14 $6,52 $6,79

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!