Инвестициялық шолу №349. Үлкен үміттер
Freedom Holding Corp. жаңалықтары
Freedom Holding әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект кластерін құруға қатысады
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, халықаралық Citi корпорациясы және Freedom Holding Corp. арасында ауқымды жасанды интеллект кластерін бірлесіп салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев серіктестіктің маңызы туралы пікір білдіре отырып, еліміздің экономиканың жаңа үлгісіне көшіп жатқанын атап өтті:
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Қазақстанда жасанды интеллектіні ел ішінде дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрып жатырмыз. Бүгінде технологияларды тұтынушы болу жеткіліксіз, өзіміздің есептеу қуаттарымыз бен ЖИ шешімдерін әзірлеуге қажетті жағдайларымыз болуы маңызды. Citi және Freedom Holding Corp. компанияларымен меморандумға қол қою әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект кластерін құру жобасын іске асырудағы тағы бір қадам болып табылады. Бұл жоба инвестициялар, таланттар мен технологиялық компаниялар үшін тартымды орталыққа айналып, мемлекетке, ғылымға және бизнеске қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді».
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов компанияның жобаны практикалық тұрғыдан іске асыруға дайын екенін растады:
«Бүгінгі оқиға еліміздің Президенті цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласында жүргізіп отырған ауқымды саясаттың нақты іске асырылуы болып табылады. Технологиялық егемендікке қол жеткізу және Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру бағыты ең жоғары деңгейде айқындалды, ал біз қол қойып отырған меморандум осы мақсатқа жетудегі нақты қадам болып саналады. Freedom Holding Corp. NVIDIA мен OpenAI компанияларын қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық компанияларымен ынтымақтастық орнатуда нақты тәжірибеге ие және біз бұл сараптаманы жобаны табысты жүзеге асыру үшін пайдалануға ниеттіміз».
Ынтымақтастықтың негізгі міндеті озық GPU технологияларымен жабдықталған жасанды интеллект кластерін құру, сондай-ақ мемлекеттік сектор, ғылым және бизнес үшін деректерді өңдеу орталығын салу болмақ.
Келісім цифрлық активтер экожүйесін қалыптастыруды көздейді, бұл Қазақстанның жаһандық қаржы жүйесіндегі позициясын нығайтады.
S&P Global Freedom Holding еншілес компанияларының рейтингтерін жақсартты
S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp. (FRHC) құрамына кіретін «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global, Freedom Finance Europe және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді рейтингтерін В+ деңгейінен ВВ- деңгейіне көтерді. Сонымен қатар қысқа мерзімді рейтингтерін «В» деңгейінде және тұрақты болжаммен растады.
«Фридом Финанс» АҚ мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ рейтингтері ұлттық шкала бойынша kzBBB+ деңгейінен kzA- деңгейіне дейін көтерілді.
FRHC компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі B- деңгейінде расталды.
Рейтингтердің көтерілуі Freedom тобының тәуекелдерді басқару мен комплаенс жүйесін үш жыл бойы тиімді ұйымдастырып келе жатқанын, сондай-ақ бұл функциялардың қаржылық еншілес ұйымдар деңгейінде нығайғанын көрсетеді. Аталған жүйе FRHC-ке санкцияларды сақтау, киберқауіпсіздік, репутациялық, реттеушілік және криптовалюталық тәуекелдерді қоса алғанда, топ деңгейіндегі қауіп-қатерлерді мұқият бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді.