Двухнедельный обзор фондовых рынков №323

Ерлан Әбдікәрімов

Ерлан Әбдікәрімов

Freedom Broker қаржылық талдау департаментінің директоры

IPO NIQ. Ретейлдің миы

27 маусымда IPO-ға өтінімді NIQ бөлшек сауда үшін талдамалық шешімдерді жеткізуші берді. Орналастыру андеррайтерлерінің арасында J.P. Morgan, BofA Securities, UBS, Barclays бар

Эмитент: NIQ Global Intelligence plc

Тикері: NIQ

Биржа: NYSE

IPO-дағы диапазон: $-

Орналастыру көлемі: $-

Андеррайтерлер: J.P. Morgan, BofA, UBS, Barclays, RBC и др.

Компания несімен қызықты?

  1. Компания туралы. NIQ тұтынушылық мінез-құлық деректерін және әлемдік бөлшек саудадағы жағдайды талдауға мамандандырылған. Бизнес 90-нан астам елде ұсынылған. NIQ талдауы жаһандық халықтың 85% -ын және $7,2 трлн жаһандық шығындарды жабады. Компанияда Coca-Cola, Nestlé, Samsung, Sony, Target, Walmart, ALDI және LIDL сияқты 23 мыңнан астам клиент бар. Fortune 100 тізіміне қатысушылардың 80% -дан астамы NIQ шешімдерін пайдаланады. Компания Nielsen бизнесінен бөлінген. Бүгінгі таңда ол АИ базасындағы технологияларды, өзіндік аналитикалық платформаны және бүкіл әлем бойынша сатып алушылардың мінез-құлқы туралы бірегей деректер жиынтығын біріктіреді. 2024 жылы NIQ түсімінің 80% -ға жуығын ұзақ мерзімді жазылымдар бойынша қайталанатын төлемдер есебінен алды. Негізгі клиенттерден кірістерді ұстап қалу 100% -дан асады, бұл бизнес-модельдің тұрақтылығы мен пайдаланушылардың адалдығын білдіреді.
  2. Әлеуетті нарық. 2024 жылы NIQ шешімдерінің атаулы нарығының (TAM) көлемі $57 млрд (Consumer Measurement — $18 млрд, Consumer Analytics — $39 млрд) бағаланды. Компания eCommerce, жарнама бизнесі, қаржылық қызметтер сегменті, денсаулық сақтау, сондай-ақ мемлекеттік секторда даму перспективаларын көреді. Аталған салаларға талдаудың ену деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Ірі компаниялар үшін ол 20% -ды, шағын және орта бизнес үшін ол 10% -дан төмен. Бұл NIQ бизнесіне айтарлықтай өсу әлеуетін қамтамасыз етеді.
  3. Қаржылық көрсеткіштер. 2024 жылы NIQ кірісі GfK-мен бірігу және eCommerce-дегі қатысуын кеңейту аясында 18,9% -ға, $4 млрд-қа дейін өсті. АҚШ пен ЕО-ның 100 ірі клиенттерінен түсетін кіріс соңғы үш жылда 40% -ға өсті. Сонымен қатар 2024 жылы компанияның шығыны 2023 жылы $476,2 млн-нан $722,7 млн-ға дейін өсті. Түзетілген EBITDA 24,3% -ға, $740,7 млн. дейін өсті.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!