| № | Тақырыптың атауы | |||||||||||||
| 1. | Нормативтік база | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1429 бұйрығы | ||||||||||||
| 2. | CRS салық ақпаратын алмасу | CRS (Common Reporting Standard) Бұл елдер арасында қаржылық шоттар туралы ақпаратты автоматты түрде алмасудың жаһандық стандарты. Оны ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) салық төлеуден жалтаруға қарсы күресу және салықтық ашықтықты арттыру мақсатында әзірледі. CRS талаптарына сәйкес, қаржы ұйымдары шетелдік салық резиденттігі бар шот иелері туралы ақпаратты өзінің жергілікті салық органдарына береді. Кейін бұл органдар аталған ақпаратты басқа елдердің салық органдарымен алмасады. |
||||||||||||
| 3. | Салық органдарына деректер беру | Ақпарат автоматты түрде ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойған елдердің салық резиденттері болып табылатын клиенттер бойынша беріледі. Брокер Қазақстанның салық резиденттері туралы ақпаратты CRS есептілігі аясында бермейді. Жиналған ақпарат жыл сайын жергілікті салық органына: Қазақстанда — Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беріледі. Ақпаратты шет мемлекеттердің уәкілетті органдарына одан әрі беруді МКК жүзеге асырады. Брокер шетелдік салық органдарымен тікелей өзара әрекеттеспейді. Есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейін. Мәліметтер электрондық түрде (салық есептілігінің 026-нысаны) СӘИЖ ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады. |
||||||||||||
| 4. | CRS есебіне кімдер енгізіледі және қандай деректер беріледі? |
|
||||||||||||
| 5. | Қаржы мәліметтерін есептеу әдіснамасы |
Бұл әдіснама ЭЫДҰ жариялаған CRS есептілігін қолдану қағидаларына негізделген. |
||||||||||||
| 6. | Егер клиенттің салықтық және іс жүзіндегі резиденттігі азаматтығы бар елінен өзгеше болып, бірақ азаматтығы сақталса, автоматты түрде салықтық ақпарат алмасу (CRS) аясында клиент туралы ақпарат беріле ме? |
Автоматты түрде салықтық ақпарат алмасу аясында есепті қалыптастыру кезінде клиенттің тиісті есепті жылдың 31 желтоқсанындағы салық резиденттігі елі ескеріледі. Тиісінше, егер клиент 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық резиденттігі елін өзгертсе, 2026 жыл бойынша есеп аясында ол туралы ақпарат бұрынғы салық резиденттігі елінің салық органдарына жіберілмейді. Бұл ретте тиісті мемлекет салықтық ақпаратты автоматты түрде алмасуға (CRS) қатысқан жағдайда, ақпарат клиенттің жаңа салық резиденттігі елінің салық органына беріледі. |
||||||||||||
| 7. | «Жалпы түсім» кіріс көрсеткіші болып санала ма? | ЭЫДҰ құжаттамасына сәйкес, жалпы түсім клиенттің пайдасы болып табылмайды. Алайда кейбір елдерде салық декларациясын тапсырған кезде жалпы түсім сомасын бөлек, ал тиісті активті сатып алу құнын басқа жолда көрсету қажет. | ||||||||||||
| 8. | Брокердің қате қаржы мәліметтерін бергені анықталса, не істеу керек? | Брокердің клиенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз. Егер тексеру нәтижесінде Брокер қате кеткенін растаса, қате және дұрыс соманы көрсете отырып, қатені растайтын ресми хат береді. Брокер мұндай клиентке қатысты бұған дейін берілген CRS есебін қайта тапсырмайды. |
||||||||||||
| 9. | CRS аясында алған ақпарат бойынша салық органдарынан хабарлама алған кезде қандай растайтын құжаттарды пайдалана аламын? | Растайтын құжаттар ретінде Tradernet-те алуға болатын стандартты есептерді пайдалана аласыз. |